Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2021 жылдың ІV тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы

2021 жылға аудан бюджетінен 1006687,2 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 476262,1 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша  530425,1 мың теңге қаржы қаралды. 2022 жылдың 1 қаңтарына  қаралғаны 1006687,2 мың теңге, игерілгені 1001720,7 мың теңге немесе 99,5%.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2021 жылдың  4 тоқсанына  363  отбасының 2130 мүшесіне 109378,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша 4 тоқсанға АӘК алатын отбасының 1-3 жасқа дейінгі 130 баласына, 3-6 жас аралығындағы 164 баласына азық-түлік жиынтығы берілді. Бұл мақсатта 19016,6 мың теңге төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге жергілікті бюджеттен 1527,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 36 отбасының 111 мүшесіне 1375,9 мың теңге  тағайындалып, төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:

2021 жылдың 12 айына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2956 адамға 80418,2  мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді.

Жұмыссыздық деңгейі  және жаңа жұмыс орындарының ашылуы

2021 жылы 1342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 1985 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 1342-і тұрақты). Оның ішінде: Ауылшаруашылық саласы- 605, экономикалық қызметтің басқа салаларында-602, көтерме және бөлшек сауда -71, көлік және қоймалау -34, өнеркәсіп-21,құрылыс-8, білім беру-1,  уақытша және маусымдық жұмыстар – 1078.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2022  жылдың 1 қаңтарына 937 мүгедек тіркелген, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-202.

Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады.Барлығы 541 жеке оңалту бағдарламасы  даярланып,419-ы немесе 77,4 % орындалды. 2020 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1154-і орындалды.

2022 жылдың 1 қаңтарына 458 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 55 мүгедек таяқпен, 7 мүгедек балдақпен, 8 мүгедек жетек арбамен, 34 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 39 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 53 мүгедек кресло арбамен, протездік ортопедиялық құралдармен 131 мүгедек қамтамасыз етілді.

Есту кемістігі бар 4 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 106 мүгедекке  106 жеке көмекші қызмет көрсетті.

Ымдау тілі маманы 1447,2 мың теңге төленді, жеке көмекшілерге 92242,4 мың теңге төленді.

«Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2021 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 3086,0 мың теңге қаржы қаралған. 2022 жылдың 1 қаңтарына 105 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланды. Игерілген қаржы 3084,1 мың теңге.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2022 жылдың 1 қаңтарына 24 адам жолдамамен жіберілді.  Оның ішінде 22-і мүмкіндігі шектеулі, 2-уі зейнеткер.

№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2021 жылы 2 зейнеткер орналастырылды.

2022 жылдың 1 қаңтарына мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 4430,0 мың теңге. 1 қаңтарға 74 мүгедек баланың ата-анасына 4430,0 мың теңге қаржы төленді.

18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 9-ы «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры арқылы жартылай стационар жағдайда қызмет алуда. Төленген қаржысы 4972,4 мың теңге.

Аудан бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарына 94 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 67 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2021 жылғы 4 тоқсанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 7255. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің 7 түрі бойынша 1718 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде: 879-ы бала тууды тіркеу, 200-і қайтыс болуды тіркеу, 231-і неке қиюды тіркеу, 14-і некені бұзу, 8-і тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, 384-і қайталама куәлік беру, 2-уі хал актілерін қалпына келтіру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Дата публикации
26 января 2022
Дата обновления
26 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы