
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2135 бала тәрбиеленуде. Ауданда 3-6 жастағы балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылса, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 77,3 пайызды құрап отыр. Балабақшалардың 64,2 пайызы жекеменшік секторда. Жұмыс жасайтын 301 педагогтың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандары 140, ол барлық педагогтардың 46,5% құрайды. Жоғары және 1 санатты педагогтар саны – 41 яғни 14 % құрап отыр.
Педагогтарды бейініне қарай сәйкестендіру қайта даярлау курстары арқылы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда 178 (59,1%) педагог біліктілігін арттыру курсынан өткен.
Орта білім беру
Биылғы оқу жылында білім алушылардың жалпы контингенті - 7041 оқушыны құрайды.
Биылғы жылғы ерекшелік, 1-класқа қабылдау механизмі Еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында мектепке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу жылынан бастап 1 сыныптарға негізделген «Әліппе» пәні енгізілді.
Бұл бағытта 17689 дана оқулықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен барлығы 35 млн 149 мың теңге қаражат бөлінді.
Аталған қаржы жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 1 сыныптарға толық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендер алуға, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттермен және 2-11 сыныптардың оқулық қорларын толықтыруға жұмсалды.
1-3 сыныптарда қыркүйек айынан бастап «Информатика» пәні оқытылды.
Барлық санитариялық талаптарға сай оқу процесі дәстүрлі форматта өткізілуде. Үкімет резервы есебінен мектеп теңгеріміне 1452 дана компьютерлік техникалар алынып (планшет-305, ноутбук-912, компьютер-235) аз қамтылған қажет ететін отбасы балаларына берілді.
Мектептерде санитарлық нормаларды сақтау мақсатында дизенфекциялық құралдармен қамтамасыз ету үшін тиісті 2 млн 220 мың теңге қаржы қаралып, заттары алынды (дезинфекциялық туннель, байланыссыз термометр, санитайзер, бактерицидті шамдар, дезинфекциялық ерітінділер, антисептик сұйықтығы).
Биыл 321 бітірушінің 295-і 91,9 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Орташа көрсеткіш 83 балды құрады.
Нәтижесімен жоғары оқу орындарына құжат тапсырған 257 талапкердің 86,4 пайызы (222 грант) мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді.
Қалған 99 бітірушіміздің 3-уі облыс әкімінің және ректорлық грантқа ие болса, 30 бітіруші түлек арнаулы оқу орындарының грантын иеленді. 66 түлек ақылы негізде жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.
Инклюзивті білім беруді дамытудың Жол картасы аясында облыстық бюджеттен 26 млн 930 тг қаржы қаралды.
Аталған қаржыға биылғы жылы 3 балабақшаға (кент орталығындағы «Жауқазын» б/б, «Күншуақ» б/б, Бұхарбай ауылындағы «13 Балдырған» б/б) арнайы логопед мамандары және логопедиялық кабинеттермен қамтылды.
Кент орталығындағы №202 орта мектеп базасынан инклюзивті ресурстық орталық ашылып, қажетті мамандар алынды. Сонымен бірге кент орталығындағы №201 мектеп-лицей мен Ақсу ауылындағы №116 орта мектептер инклюзивті кабинеттермен жабдықталды.
Жол картасы аясында Шаменов ауылындағы №34, Аққұм ауылындағы №38 және Мақпакөл ауылындағы №117 орта мектептерге арнайы дефектолог штат бірліктері берілді.
Инфрақұрылым бойынша
Биылғы жылы Таң ауылындағы №118, Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда, Таң ауылындағы №118 мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті 306 млн теңге бөлінді.
Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 322,1 мың теңге бөлінді.
«Ауыл – ел бесігі» жобасымен қосымша білім беру ұйымдары 200 орындық Оқушылар Үйі және 50 орындық Балалар өнер мектебі салынды.
Аудан мектептерінің 75 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Материалдық базасын нығайту бағытында 2021 жылы облыстық бюджеттен 56 млн 162 мың тг қаржыға 7 мектепке (№116,117,118,124,188,201,202 мектептер) 3 химия кабинеті, 1 биология, 3 физика пәндік кабинеттерімен толықтырылады.
12 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасайды.
2020-2021 оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге бөлінді.
Жалпы қосымша біліммен 4992 бала (71,5 %) қамтылуда. (Оның ішінде:
Оқушылардың жазғы уақытын тиімді қызықты өткізу бағытында мектеп жанындағы лагерлерге, кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру, облыстан тыс лагерлерге оқушыларды демалдырылды. Қаржы көзі міндетті оқу қоры, демеушілер, кәсіподақ, ата-аналар есебінен.