
Егін шаруашылығы туралы
Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылы 36 327 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Оның ішінде 19 800 га күріш, 90 га күздік бидай, 600 га жаздық бидай, 147 га жүгері, 30 га жаздық арпа, 2 200 га мақсары, 3 960 га жаңа жоңышқа, 6 800 га ескі жоңышқа, 500 га картоп, 1000 га көкөнiс және 1200 га бақша дақылдары.
Анықтама үшін: 2020 жылы 36 531 гектар егiс орналастырылды, оның ішінде күріш 21 600 гектар
2021 жылы су тапшылығына байланысты ауданнан өткен жылмен салыстырғанда 1800 га күріш дақылының көлемі қысқартылып, орнына суды аз қажет ететін 94 га жаздық бидай, 147 га жүгері, 30 га жаздық арпа, 443 га мақсары, 445 га жаңа жоңышқа дақылдары егілді.
Егісті әртараптандыру бағытында «Ер-Әлі» ШҚ ауданымызда алғашқы болып 90 гектар күздік бидай, «Көктөбе» ШҚ 30 гектарға арпа, «Жансая» ШҚ 52 гектар, «Таң» ШҚ 60 гектар және «Агрико» ШҚ 35 га жүгері дақылын орналастырды. Тәжірибелік мақсатта егілген бұл дақылдардың алдағы уақытта көлемі арттырылатын болады.
Ауданда 19 800 гектар күріш дақылын орналастыруға 4 950 тонна күріш тұқымы дайындалды. Дайындалған күріш тұқымының репродукциясы бойынша 67 тонна (1,4%) элита, 2 888 тонна (58,3%) І-репродукция, 1 995 тоннасы (40,3%) ІІ-репродукциялық тұқымдар.
Дайындалған күріш тұқымының 252 тоннасы Янтарь (5,0%), 4 670 тоннасы Лидер (94,3%), 28 тоннасы Сыр сұлуы (0,7%) сорттары.
Орналастырылған 19800 га күріш дақылынан барлығы 1 141 271 цн өнім жиналды, орта өнім 57,6 ц/га құрады. (2020 жылы 21 600 га күріш егіліп, 1 425 600 цн өнім жиналып, орта өнім 66,0 ц/га құрады).
690 гектар бидайдан 5 013 цн өнім жиналып, орта өнімі 7,3 ц/га (2020 жылы 506 га бидайдан 3 241 цн өнім жиналды, орта өнім 6,4 ц/га).
30 га арпадан 195 цн өнім жиналып, орта өнімі 6,5 ц/га (2020 жылы арпа егілген жоқ).
2200 га мақсарыдан 16 885 цн өнім жиналып, орта өнімі 7,6 ц/га (2020 жылы 1757 га 14 583 цн өнім жиналды, орта өнім 8,3 ц/га).
147 га жүгеріден 20 585 цн өнім жиналып, орта өнімі 140,0 ц/га (2020 жылы жүгері егілген жоқ).
6800 га ескі жоңышқадан 339 181 цн өнім жиналып, орта өнімі 49,9 ц/га (2020 жылы 6452 га е.жоңышқадан 317 231 цн өнім жиналды, орта өнім 49,1 ц/га).
3960 га жаңа жоңышқадан 48 708 цн өнім жиналып, орта өнімі 12,3 ц/га (2020 жылы 3715 га ж.жоңышқадан 41 979 цн өнім жиналды, орта өнім 11,3 ц/га).
500 га картоптан 55 527 цн өнім жиналып, орта өнімі 110,4 ц/га (2020 жылы 500 га картоптан 55 200 цн өнім жиналды, орта өнім 110,4 ц/га).
1000 га көкөністен 170 500 цн өнім жиналып, орта өнімі 170,5 ц/га (2020 жылы 1000 га көкөністен 169 цн өнім жиналды, орта өнім 169,2 ц/га).
1200 га бақшадан 256 351 цн өнім жиналып, орта өнім 213,6 ц/га құрап отыр (2020 жылы 1200 га бақшадан 253 800 цн өнім жиналды, орта өнім 211,5 ц/га).
24 га алмадан 398 цн өнім жиналып, орта өнімі 12,9 ц/га (2020 жылы 20 га алмадан 655 цн өнім жиналды, орта өнім 32,3 ц/га).
2021 жылы мемлекет тарапынан аудан шаруашылықтарына:
-суармалы суды жеткізіп беру қызметтер құнының арзандатуға тек күріш дақылына 145 шаруашылықтарға 198,4 млн.теңге;
-жұмсалған гербицидтерге 171,4 млн. теңге;
-тұқым шаруашылығын дамытуға 21,5 млн. теңге;
-минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 289,3 млн. теңге,
2021 жылы аудан шаруашылық құрылымдарына егін шаруашылығы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 680,6 млн теңге субсидия төленді.
Анықтама үшін 2020 жылы аудан шаруашылық құрылымдары егін шаруашылығы бойынша 952,5 млн. теңге субсидия төленді.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде барлығы 36 448 бас мүйізді ірі қара, 42 093 бас уақ мал, 14579 жылқы, 715 бас түйе, 255 бас шошқа, 10 195 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 103,0 %, жылқы 109,7 %, түйе 133,6 %, уақ мал 99,7 % , құс 107,9 % орындалды.
2021 жылдың 1 желтоқсанына барлығы 3475,8 тн (тірілей салмақта) ет, 10170,8 тн сүт, 210,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,9 пайызға, сүт 101,3 пайызға, жұмыртқа 101,8 пайызға орындалды.
Бір сиырдан сауылған сүт өткен жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға, бір мекиеннен алынған жұмыртқа 4,1 пайызға артты.
Аудан бойынша 136 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 116 шаруашылық айналысады.
«Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2021 жыл аралығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы барлығы 812,0 млн тенге несие алынды. Оның ішінде мүйізді ірі қара алуға 569 млн, жылқы алуға 123 млн, қой малына 120 млн тенге. Алынған несиеге барлығы 3225 бас мүйізді ірі қара мен 463 бас жылқы, 3174 бас қой малы сатып алынды.
2021 жылы индикативтік жоспарға сәйкес 125 бас мүйізді ірі қара малын және 3750 бас қой малын сатып алу, 981 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 6333 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспарланды.
Осы көрсеткіштерді орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылды.
Еңбек ауылынан «Боранбай» ШҚ 38 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырының қашарларын Арал ауданы Бекбауыл ауыл округіндегі «Ықылас» шаруашылығынан сатып алып жұмыс жасауда. Жоспар 30,4 пайызға орындалды.
Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қой малын сатып алу бойынша ауданға 3750 бас жоспар бекітіліп, Аққыр ауылдық округінен «Атамекен» ШҚ «Ауыл несие серіктестігі» ЖШС-нан 47,6 млн тенге несие алып, алынған несиеге 1229 бас қой малын сатып алды. Жоспар 33 % орындалды.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,0 пайызға жетті.
Аудан бойынша 4 шаруашылық (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ФҚ, Боранбай ШҚ) асыл тұқымиды мүйізді ірі қара малын өсірумен, 2 шаруашылық (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ) қой малын өсірумен айналысуда.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес 2019 жылы аудан бойынша барлығы 33498 мың тенге субсидия төленді. Оның ішінде:
мүйізді ірі қара аналығының селекциясына 2537 басқа 25370мың тенге;
сатып алынған малдың құнын арданждатуға 45 басқа 6720 мың тенге;
сатып алынған қой малының құнын арзандатуға 176 басқа 1408мың тенге.
2020 жылы барлығы 104004 мың тенге. Оның ішінде:
мүйізді ірі қара аналығының селекциясына 3572 басқа 42830 мың тенге;
сатып алынған бұқа құнын арзандатуға 106 басқа 15900 мың тенге;
қой шаруашылығын дамытуға 7 шаруашылық 9 млн 510 мың 5600 тенге;
мал азығын арзандатуға 27 шаруашылық 35 млн 764 мың тенге.
2021 жылы барлығы 148016 мың тенге. Оның ішінде:
46 шаруашылық МІҚ аналығының селекциялық жұмыстарына 3629 басқа 36870 мың тенге;
сатып алынған асыл тұқымды малдың құнын арзандатуға 16 шаруашылық 76 басқа 11140мың тенге;
алынған қой малының құнын арзандатуға 1 шаруашылық 48 басқа 720мың тенге;
Қой малының сеолекциялық жұмыстарына 4 шаруашылық2955 басқа 9702 мың тенге;
МІҚ аналығының азығына 43 шаруашылық 3935 басқа 56230мың тенге;
Қой аналығының азығына 4 шаруашылық 4210 басқа 14734 мың тенге;
Жылқы аналығының азығына 8 шаруашылық 1828 басқа 18280 мың тенге;
Түйе аналығының азығына 1 шаруашылық 34 басқа 340мың тенге.
Техника туралы
Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, ағымдағы жылы 1 млрд 462,4 млн. теңге қаржыға 42 жаңа техника сатып алынды (оның ішінде өз қаржысына 21 техника 293,2 млн теңге, қаржы ұйымдары арқылы 21 техника 1 169,2 млн теңге). Жаңадан алынған техникалар уақытылы статистика органдарына тіркелуде. /2020 жылы 4 615,9 млн. теңге қаржыға 93 жаңа техника сатып алынды/.
Күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 1068 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Атап айтқанда 261 комбайн, 472 трактор, 115 жатка, 56 автомашина және 164 трактор тіркемелері бар.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында алып-сатарлықтың өсуіне жол берілмеу жұмыстарына бақылау жүргізіліп келеді.
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандағы барлық сауда орындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
2021 жылдың 28 қараша – 28 желтоқсан аралығындағы азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 4 өнімнің бағасы қымбаттады: ақ күріш-20 теңгеге, қарақұмық жармасы-50 теңгеге, қырыққабат- 30 теңгеге, қант-45 теңгеге. 4 өнімнің бағасы арзандады: тауық еті-100 теңгеге, жұмыртқа-80 теңгеге, жуа-15 теңгеге, сәбіз-30 теңгеге. Қалған 11 өнімнің бағасы тұрақты.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, бағаны тұрақтандыру мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен бірлесіп күнделікті жұмыстар атқарылуда.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында аудандағы барлық сауда орындарын аралап, азық-түлік бағаларының шекті бағадан аспау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауының себебі азық-түлік өнімдері негізінен солтүстік, оңтүстік облыстардан тасымалданады. Осы кәсіпкерлердің азық-түлік өнімдерінің бағасы жоғары болуы және тасымалдаушылардың бағасымен қоса есептегенде ауданда азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбат болуда.
Анықтама ретінде:
Ақ күріш-240 теңге, І-сортты ұн-170 теңге, қарақұмық жармасы-570 теңге, нан-170 теңге, тауық еті-950 теңге, жұмыртқа-37 теңге, картоп-210 теңге, сәбіз-190 теңге, рожки-210 теңге, сиыр еті-1900 теңге, сүт-250 теңге, айран-270 теңге, сүзбе-700 теңге, күнбағыс майы-930 теңге, сары май-770 теңге, капуста-240 теңге, жуа-95 теңге, қант-350 теңге, тұз-45 теңге.
Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 599,4 тн оның ішінде: ұн-193 тн, күріш-100 тн, қант-45 тн, макарон-98 тн, күнбағыс майы-38 тн халыққа ұсынылатын өнім қоры бар.
2020 жылы Жалағаш кентінен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ әлеуметтік дүкен ашу мақсатында Абай көшесінің бойынан 40 шаршы метр, Әпрезов көшесінің бойынан 40 шаршы метр 10 жыл мерзімге берілді.
2021 жылы «Ақниет» сауда орнының ішінен әлеуметтік бұрыш ашылып, азық-түлік өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада аудан тұрғындарына сатылды.
Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда қаласында 2021 жылы бекітілген кестесі бойынша 5 мәрте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жалағаш ауданынан жәрмеңкеге апарылған өнімдер қала тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынылды.
Аудан орталығында да 2 мәрте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.
Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының тұрақтылығы жөнінде жұмыстар жалғасын табатын болады.
Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы
Ұлттық экономика министрлігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығына жаңа редакцияда жарияланған заңға сәйкес Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2021 жылы Республикалық бюджеттен 306 285 млн.теңге қаржы бөлініп, 71 маманға тұрғын үй несиесі берілді.Оның ішінде білім беру саласына-46 маман, денсаулық сақтау саласына-13 маман, спорт саласына-5 маман, мәдениет саласына-3 маман, агроөнеркәсіп кешен саласына-4 маманға тұрғын үй несиесі берілді.
Ағымдағы жылы 61 маманға 17,7 млн теңге көтерме жәрдемақы берілді.
Сонымен қатар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2022 жылға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Жалағаш ауданы бойынша 2010-2020 жылдар аралығында 860 маманға тұрғын үй несиесін алуға, 2 483 396,8 мың теңге қаржы берілген.
2009-2020 жылдары аралығында көтерме жәрдемақы 581 маманға 75 927 мың теңге берілді.