Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылы атқарылған жұмысы туралы

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың  2025  жылға дейінгі тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі іс –шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында,  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылға арналған жалпы спорттық-көпшілік іс-шараларының басым бағыттарын басшылыққа ала отырып, аудан көлемінде бұқаралық, ұлттық спорттың дамуына  негізделген спорттық-сауықтыру   іс-шараларының сапалы әрі тиімді жүргізілуіне, сонымен қатар  аудан тұрғындарын спортпен шұғылдануға баулу мақсатында, спорттық -сауықтыру үйірмелерінің жүргізілуіне, үйірмелерге қатысушылардың деңгейін жақсарту бағытында, тиісті жұмыстарды атқарып келеді.»

Аудан аймағында 1 кент және 14 елді мекен орналасқан. Өткен 2021 жылы ауданда жалпы халық саны-35114.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 150 спорттық материалдық техникалық база тіркелген. Оның ішінде 1 стадион (1500 орындық), 29 спорт зал, 95 жазық алаң олар: 1 спорттық ядро, 87 спорттық алаңдар, 7 футбол алаңы, 9 ату тирі, 14 ыңғайластырылған спорт бөлмесі бар.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес бұқаралық спорт саласында аудан тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайту бөлімнің басым бағыттарының бірі болып отыр.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубы жұмыс жасайды.

 Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша 2021 жылдың қорытындысымен дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 34,0 пайызға көтеріліп, 11985 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда аудандық «Наркескен» спорт клубының 18 спорт нұсқаушылары кентте (үшеу) 14 елді мекенде (он бес) 3240 адам спортпен шұғылдандыруда, яғни жалпы тұрғындардың тұрақты спортпен шұғылданушылар үлесінің 9,1 пайызын нұсқаушылардың спортқа тартқан адамдары болып табылады.

2021 жылы №14 балалар-жасөспірімдер спорт мектептебі, №13 олимпиадалық резервтік мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебі және «Наркескен» спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 25 пайызға жетіп отыр.

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиадалық резервтік мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жүргізуде. №13,№14 Спорт мектептерінде барлығы 1592 оқушы 14 спорт түрімен шұғылданса «Наркескен» спорт клубында 826 спортшы 9 спорт түрімен шұғылданып келеді.

Сонымен қатар аудан орталығында орналасқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі және №14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіде жұмыс жасайды.

Аудан тұрғындарының 30 пайызын бұқаралық спортпен шұғылдандыру  мақсатында  аудан аумағында жыл көлемінде 90 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 19368 адам қатысты. Бұқаралық спортты дамытудың ажырамас бөлігі ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының тестілері.

2021 жылдың қорытындысы бойынша тестілеуге 11018 аудан тұрғындары қатысып, 47 – адам Президенттік деңгейді және 471 – адам Ұлттық деңгей нормативтерін орындады.

Ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту саласында өз күштерін біріктіру мақсатында 2 спорт мектептері және «Наркескен» спорт клубымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Cпортшыларымыз 2021 жылы Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 5 – алтын, 3 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында  2 – алтын, 2 – қола медальдарға (Әубәкір Ерасыл, Сейтенов Абдулхасан, Бисенбай Әсел, Оразбай Арайлым, Серік Ақылбек) қол жеткізді. Аудан бойынша бірінші спорттық разрядты спортшылар – 59, Спорт шеберіне үміткер – 269, Спорт шебері – 5 нормативтерін орындады.

2017 жылы «Ақ бидай» облыстық VІ-шы ауыл спорты ойындарында Жалағаш ауданы командалық есепте VІ-шы орынды иеленсе 2021 жылы «Ақ бидай» облыстық VІІ-ші ауыл спорты ойындарында Жалағаш ауданы командалық есепте 3 алтын, 1 күміс медальдарымен ІV-ші орынды иеленді. Атап айтсақ: Гір спорты, Президенттік көпсайыс, қазақ күресі, бес асық, асық ату спорт түрлері. Қазіргі таңда облыстық жарыстарда ат спорты көкпарда үштіктер қатарында көрінуде.

Дата публикации
18 января 2022
Дата обновления
18 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы