
Жалағаш ауданы, Аққыр және Мырзабай ахун елді мекендеріне 100 орындық клуб ғимараттарына жоба-сметалық құжаттар дайындалып, сараптамадан өтуде.Сонымен қатар Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде емдеу мекемелеріне (100 төсек/орындық орталық аурухана, 20 төсек/орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, аусымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана) жаңадан кәріз жүйесінің құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қызылорды облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2022 жылға сараптамадан өтуге жұмыстар жүргізілуде.
Жалағаш ауданында тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Аудан бойынша тұрғын үйді пайдалануға берудің бекітілген көлеміне сәйкес, үстіміздегі жылы жеке құрылысшылар есебінен – 17 536,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,2% пайызға артығымен орындалды.
Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен берілген қаржыға аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 30 тұрғын үйлер сатып алынып, пайдалануға берілді.
2021-2022 жылға өтпелі құрылыс
Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі бойынан “Дене шынықтыру-сауықтыру кешені” ғимараты 2021-2022 жылғы өтпелі құрылысы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша конкурс негізінде «SCS Инжиниринг» ЖШС-і жеңімпаз атанып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.