Лого

Меню

Страницы

Статья

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылғы жұмыс қорытындысы

САЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана,  тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы,  Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

Сала бойынша 4 халықтық ұжым жұмыс жасайды. (Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанында «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблі, Халық театры, «Арай» мәдени үгіт тобы, Есет батыр ауылдық мәдениет үйі жанында «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамблі).

 МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР

Ауданның мәдениет саласы бойынша 2021 жылдың ІV-тоқсанында  773  мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 192809 көрермен қамтылған. Оның ішінде онлайн режимінде 630 шара өткізіліп, 123916 қаралым болған. 

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2021 жылдың даталы күндері мен атаулы мерейтойларын атап өту мақсатында салалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары  көрнекті ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, ақын, сазгер Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды мәдени-көпшілік шараларды қамтиды.

Атап айтқанда  ауданның барлық кітапханаларында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап оқу апталықтары, «Гаухар жырдың дүлділі» атты  өлеңдерін мәнерлеп оқу сайыстары, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Аты аңызға айналған-Дина», қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мәңгілік жыр, мәңгілік ғұмыр»  атты онлайн виртуалды кітап көрмелері, "Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы" атты  поэзия сағаттары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" мәдени - рухани акциясы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Қазақ поэзиясының символы" тақырыбындағы онлайн оқулары,  ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Көктем нұры» атты дәстүрлі облыстық оқушылар айтысы ұйымдастырылп өткізілсе, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналағн "Жігер" этно-фольклорлық ансамблі мен "Яксарт" этно-рок тобының және "Алтын-арай" халықтық ән-би ансамблінің есепті концерттері өткізіліп, шығармашылық концертте әншілер тәуелсіздік, туған жер тақырыбындағы әндерді шырқаса,  "Алтын-Арай" халық ән-би ансамблі бишілері ұлттық билерді билеп, көрермен ықыласына бөленді.  

Биылғы жылдың ауқымды мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кең көлемде атап өту мақсатында бөлім тарапынан арнайы күнтізбелік кесте жасалып, кестеге сәйкес күн сайын Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің сахнасында ауыл көркемөнерпаздарының онлайн концерттері өткізілді. Концертте жергілікті сазгерлердің әндері орындалып, концерттік бағдарламалар толықтай бөлімнің фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып,  көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен бірге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған біршама облыстық байқау-конкурстар  ұйымдастырылып өткізілді.

Атап айтқанда «Күй өнері – халық қазынасы» атты жас күйшілердің облыстық онлайн байқауы,  «Елімнің бақытын  тербеткен Тәуелсіздік » атты облыстық жазба ақындар  жыр-мүшайрасы, «Тәуелсіздікке тарту» атты жыршы-термешілердің  облыстық онлайн байқауы, «Тұғыры биік – Қазақ елі» атты  облыстық жас жазба ақындар жыр мүшәйрасы, «Ғажайып қолөнер әлемі» облыстық қолөнершілер байқауы, «Сырлы әннің саздары» атты   ретро әндерді  орындаушылардың облыстық онлайн  байқауы, «Төбемде көк аспан» атты облыстық ән байқаулары жоғары деңгейде өткізілді.

Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері, 1, 2-дәрежелі, Қызыл Жұлдыз және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Мөрәлі Шәменовтің 105 жылдығына орай  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  «Ерлігі елге мұра, еңбегі ұрпаққа ұлағат» тақырыбында облыстық онлайн жас жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті.

Жыр мүшәйраға Қызылорда қаласы және аудандардан 9 жас ақын қатысып, өнер көрсетіп, Жалағаш ауданының атынан қатысқан 2 өнерпаз жүлделі 2-ші, 3-ші орындарды иеленді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты жобасын іске асыру мен Қорқыт ата мұраларын насихаттау  мақсатында 2021 жылы 22 сәуір күні  облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы  мен Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен "Қобыздың үні-ғасырлар жыры" атты онлайн облыстық қобызшылар байқауы өткізіліп, аталмыш байқауға облыс бойынша барлығы 13 үміткер қатысып, байқау қорытындысымен бас жүлдені аудан өнерпазы Жансая Тұяқбаева иеленді.

Сондай-ақ Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Темірше Сарыбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Сөйле жүрек, сөз сенде, толға бүгін» атты республикалық жазба ақындар жыр мүшәйрасы ұымдастырылып өткізілді. Аталмыш шараға республиканың түпкір-түпкірінен 12 ақын қатыстырылды.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы Халық театры ақын, драматург Иран Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?" спектаклін көрермен назарына ұсынса, мәдениет үйі жанындағы "Арай" халықтық мәдени үгіт бригадасының өнерпаздары Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты поэзия кешін өткізіп, аталмыш кеште ақынның  өлең шумақтары оқылып фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.

Сонымен бірге Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай мәдениет және өнеді дамыту орталығының өнерпаздары әзірлеген «Жауынгер хаты» бейнеролигі және ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Өлең деген тумайды жайшылықта» атты арнайы дайындалған бейнероликтері бөлімнің фейсбук әлеуметтік желісіне  жарияланды.

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ МЕН КЛУБ КӘСІПОРЫНДАРЫ

Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерімізді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың өнерін шыңдау және насихаттау мақсатында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы мен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйлері жанынан құрылған әр түрлі жанрдағы үйірмелер жұмыс жасап, үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен байқауларға қатыстырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірудің маңыздылығы, шығармашылықтың және қолөнердің бастапқы негіздерін жетілдіру жайында айтылған болатын.

Осыған орай Жалағаш ауданының мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында биылғы жаңадан 8 үйірме ашылып жұмыс жасауда.(Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Саз сырнай» баян үйірмесі, Қ.Қазантаев  атындағы аудандық мәдениет Үйінен «Сахна сыры» атты сценаристер үйірмесі және «Ғибрат» жыр-терме үйірмесі, Аққошқар ауылдық мәдениет үйінде «Шебер қол» қолөнер үйірмесі, Аққұм ауылдық клубында «Балдәурен» домбыра үйірмесі, Аққыр ауылдық клубында «Күміс күй» домбыра үйірмесі, Жаңаталап ауылдық клубында «Асыл әжелер» әжелер ансамблі, Мәдениет ауылдық клубында «Балақай» қуыршақ үйірмесі)

Қазіргі таңда мәдениет үйлері мен клубтарда әр түрлі жанрдағы барлығы 90 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 1037-ді құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда үйірмелер саны 11%-ға, қатысушылар саны 10%-ға артқанын көрсетеді (2020 жылы үйірмелер саны 80, қатысушылар саны 936)

         Үйірмелер саны

Қатысушылар саны

2020 жылдың ІV тоқсаны

2021 жылдың ІV тоқсаны

2020 жылдың ІV тоқсаны

2021 жылдың ІV тоқсаны

80

90

936

1037

 

 

 

 

 

 

 

Үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен республикалық, облыстық байқау – конкурстарға қатыстырылып жүлделі орындар иеленуде.  

2021  жылдың 12 айында 30 аудандық байқауға аудан бойынша 740 өнерпаз қатысып, нәтижесінде бас жүлде – 18, І орын -25, ІІ орын -33, ІІІ орын – 48, Алғыс хат -63 марапатталып, 53 облыстық байқауға жолдама алған.

Облыстық деңгейде өткен  83 байқауға 301 өнерпаз қатысып, нәтижесінде облыстық байқаудан бас жүлде - 13; I орын -16; II орын – 16; III орын – 29; 67 алғыс хаттармен марапатталды.Республикаға  жолдама -5;

Республикалық деңгейде өткен 13 байқауға 39 өнерпаз қатысып, нәтижесінде республикалық байқаудан бас жүлде – 1; I орын -6; II орын – 5: III орын – 5; 4 алғыс хаттармен марапатталды

Халықаралық деңгейде өткен 7 байқауға 7 өнерпаз қатысып, нәтижесінде халықаралық байқаудан Бас жүлде-2; I орын -3; номинация – 1;Диплом-1

 Ауданда республикалық, облыстық деңгейдегі эстрада әншілері мен шығармашылық ұжымдардың еліміздің барлық өңірлеріне гастрольдік сапарларға  кедергісіз шығуы жолға қойылған.

Мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізудің тұрғындарға мәдени қызмет көрсету мәселесінің, соның ішінде тиісті мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге, ауыл ұжымдарына мәдени қызмет көрсету бағытында № 1-ші, 2-ші мәдени – демалыс кешен қызметкерлері  елді мекен тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп келеді.

1-ші, 2-ші мәдени – демалыс кешен қызметкерлері Ақсу ауылына қарасты «Ахмет база» елді мекенінде «Ауылым деп ән салам» атты коцертімен, Мырзабай ахун ауылында «Ән әлемінде» атты коцертімен,  Таң  ауылына қарасты «Жаңақоныс», елді мекенінде «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты балалар шығармашылығына арналған  концертімен, «Құс ұясы» елді мекенінде «Ауылым» атты концертімен гастрольдік сапарларда болып қайтты.

Сонымен бірге жыл бойында 1-ші, 2-ші МДК қызметкерлері Жаңаталап ауылдық округіндегі «Кәдіров» шаруа қожалығында, Аққыр ауылдық округіндегі «Ерсу Бибек» шаруа қожалығында, Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Сарықасқа» жылқы фермер қожалығында, Мәдениет ауылдық округіндегі «Жан Төлеген»  шаруа қожалығында, Таң ауылдық округіндегі «Таң ЛТД» шаруа қожалығында, Жаңаталап ауылдық округіндегі «Сәнбед» шаруа қожалықтарында концерттік бағдарламаларымен гастрольдік сапарларда болып шаруаларға мерекелік көңіл-күй сылады.

Есепті мерзімде  МДК  қызметкерлері 32 мәдени шара  өткізіп, оған барлығы 1926  көрермен  қатыстырылды.  

Еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұрасын, тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғаларды танымал ететін, ел мәдениетін мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ең тиімді тәсілдердің бірі – кино өнері.

Осы ретте мәдениет және өнерді дамыту орталығында арнайы кино зал аудан тұрғындарына Ел Тәуелсіздігінің тұғырлы көрінісін ұлықтайтын, имандылық, тәрбиелік маңызы бар Қазақстандық патриотизмге үндейтін,  рухани-мәдени мұраларды насихаттайтын отандық кино туындыларын үлкен экран арқылы көрсетуде кешенді жұмыстар жасап келеді.

Отандық өнімдерге сұраныстың артуын ынталандыру мақсатында мәдениет және өнерді дамыту орталығы биылғы жылы 17 отандық фильмдерді көрермен назарына ұсынды. Оған тартылған көрермен саны 2103-ті құрап отыр. 

Атап айтар болсақ,  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының «Бағдар мен белес» бағытына орай Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы» көркем фильмі, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған орталықтың кино залында Жамбылдың жастық шағы» және «Жамбыл» көркем фильмдері, 1 желтоқсан- Қазастан Республикасының Тұңғыш президент күнінен арналған «Балалық шағымның аспаны», «елбасы жолы» көркем фильмдері, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Қазақ хандығы: Алмыс қылыш», «Қазақ хандығы: Алтын тақ» отандық кинофильмдер қойылымы  көрсетілді.

Есепті мерзімде өткізілген барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

КІТАПХАНА ІСІ

Ауданда барлығы 18 мемлекеттік  кітапхана бар. Оның ішінде 15-і елді мекендерде тұратын оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 2021 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік тапсырыстан 179 дана кітап  келіп түсті.

Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 371 327 дана кітапты құрайды, оның 227 649-ы қазақ тіліндегі кітаптар.

Негізгі сандық көрсеткіштер

№

Көрсеткіштер

2020 жылдың ІV тоқсанында орындалуы

2021 жылдың ІV тоқсанында орындалуы

1

Кітап қоры

367 606

371 327

2

Оқырмандар саны

16950

18710

3

Кітап берілімі

322845

356126

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханаларда ақпарттық технологияларды ендіру және дамыту бағытында есепті мерзімде РАБИС бағдарламасының электронды каталогына барлығы 120 221 дана кітап, 7180 мақала енгізілді.

Санды форматқа көшірілген кітаптар саны - 886 дана, бет саны – 184 675

Сонымен қатар оқырмандарға жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды  анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс - шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.

Аудандық кітапхана ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани мәдени - акциясы аясында бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың бейнесін сомдаған көрнекті жазушы, драматург, сценарист Тынымбай Нұрмағанбетовтың "Періштелердің өлімі" романына талдау өткізілсе, Қызылорда облысының ішкі саясат баскармасының Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Әр қазақ оқуы тиіс 30 кітап» қатарына енген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің «Қорқау жұлдыз» романына талдау өткізілді.

"Цифрлы Қазақстан" жобасы аясында, жастардың уақыттарын ұтымды пайдалану мақсатында, аудандық кітапхана қызметкерлері орталық алаңда демалушы аудан тұрғындарына кітап насихаттау жұмысының осы "Мобильді кітапхана" қызметін ұсынды. Бұл интернет желісіне қосыла отырып ұялы телефон арқылы "куэр кодын" басып алып кез келген қажетті кітапты ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік береді.

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР

Ауданда орналасқан 69 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і   республикалық  маңызы  бар, 30-нің жергілікті маңызы бар, 38-і алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген. Осы аталғандардың ішінде республикалық маңызы бар ескерткіш ортағасырлық Жент қаласы.

Аталған ескерткіштерге  қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес төлқұжаттары, есеп карточкалары, қорғау міндеттемелері мен теңгерімге алу бағытындағы құжаттары  рәсімделген. 

Жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне Жалағаш ауданынан Республикалық маңызы бар Жент қалашығы мен жергілікті маңызы бар Бұқарбай батыр мазары, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне Әбжали ишан, Иманқұл мешіттері, Түмен әулие кесенелері енгізілген.

Республикалық маңызы бар Жент қалашығы және Жетіасар мәдениеті ескерткіштеріне жататын жергілікті маңызы бар  Домалақ, Үңгірлі, Қосабалы асарлар ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.

Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Қызылорда облысындағы 150 тарихи–мәдени нысандардың 3D форматындағы интерактивті картасына Жалағаш ауданы бойынша 11 археологиялық, 9 архитектуралық ескерткіш енгізілсе, 14 ескерткішке QR-код орнатылған.

Аудан көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің табиғи ландшафты аймақтарының бұзылуына, заңсыз қазба жұмыстары және өзге де заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында бақылау шараларын күшейту, қолданыстағы заң талаптарының өз деңгейінде орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан тарих және мәдениет ескерткіштерінің айналасына сенбілік, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. 

Аудан көлеміндегі жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындар туралы  тарихи-танымдық материалдар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты насихатталып және аудан мектептерінде тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, күтімге алу және насихаттауға  байланысты ашық сабақтар, апталықтар мен түрлі тарихи-танымдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Дата публикации
18 января 2022
Дата обновления
18 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы