Лого

Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау

 Жалағаш аудандық ауруханасы денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Тұрғындарға «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі бойынша медициналық көмек көрсетіп, денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстары мен ақылы қызметтерді жүргізіп келеді.

Құрамында – 150 төсектік аудандық орталық аурухана, 250 орындық қабылдауы бар құрамында 130 төсек орындық күндізгі стационар бөлімі бар аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана (Мәдениет, Аққұм), 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, 2019 жылға дейін Жалағаш аудандық ауруханасы ғимаратының жағдайы апатты болды, өйткені нысан 1997 жылы "асар" жолымен салынған болатын.

2019 жылдың мамырында типтік жобадағы жаңа аурухананың құрылысы  басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілді. Ғимарат аудандық емхананың жанында тұрғызылды, бұл халыққа келуге ыңғайлы. Мердігер мекеме "Әбу-СЕР" ЖШС -і. Жобаның құны 4 млрд теңгені құрады. Нысанның жалпы ауданы-3,6 гектар. Аурухана 1 терапевтік, 1 хирургиялық, 1 реанимациялық, 1 перзентхана-гинекологиялық, 1 балалар бөлімшесі, 1 асхана, 2 операциялық блогы бар үш қабаттан тұрады.

Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында  2023 жылдың аяғында Аламесек ауылдық округінің Есет батыр ауылы мен Мырзабай Ахун ауылдық округіне қарасты Мырзабай ахун ауылында жаңа дәрігерлік амбулаториялар ашылды.

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
27 января 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы