
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2245 бала тәрбиеленуде. Ауданда 3-6 жастағы балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылса, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 77 пайызды құрап отыр. Балабақшалардың 64,2 пайызы жекеменшік секторда. Жұмыс жасайтын 301 педагогтың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандары 137, ол барлық педагогтардың 45,5% құрайды. Жоғары және 1 санатты педагогтар саны – 76 яғни 26 % құрап отыр.
Педагогтарды бейініне қарай сәйкестендіру қайта даярлау курстары арқылы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда 240 (79,7%) педагог біліктілігін арттыру курсынан өткен.
Орта білім беру
Биылғы оқу жылында білім алушылардың жалпы контингенті - 7041 оқушыны құрайды.
Биылғы жылғы ерекшелік, 1-класқа қабылдау механизмі Еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында мектепке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу жылынан бастап 1 сыныптарға негізделген «Әліппе» пәні енгізілді.
Бұл бағытта 17689 дана оқулықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен барлығы 35 млн 149 мың теңге қаражат бөлінді.
Аталған қаржы жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 1 сыныптарға толық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендер алуға, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттермен және 2-11 сыныптардың оқулық қорларын толықтыруға жұмсалды.
1-3 сыныптарда қыркүйек айынан бастап «Информатика» пәні оқытылды.
Барлық санитариялық талаптарға сай оқу процесі дәстүрлі форматта өткізілуде. Үкімет резервы есебінен мектеп теңгеріміне 1452 дана компьютерлік техникалар алынып (планшет-305, ноутбук-912, компьютер-235) аз қамтылған қажет ететін отбасы балаларына берілді.
Мектептерде санитарлық нормаларды сақтау мақсатында дизенфекциялық құралдармен қамтамасыз ету үшін тиісті 2 млн 220 мың теңге қаржы қаралып, заттары алынды (дезинфекциялық туннель, байланыссыз термометр, санитайзер, бактерицидті шамдар, дезинфекциялық ерітінділер, антисептик сұйықтығы).
Биыл 321 бітірушінің 295-і 91,9 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Орташа көрсеткіш 83 балды құрады.
Нәтижесімен жоғары оқу орындарына құжат тапсырған 257 талапкердің 86,4 пайызы (222 грант) мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді.
Қалған 99 бітірушіміздің 3-уі облыс әкімінің және ректорлық грантқа ие болса, 30 бітіруші түлек арнаулы оқу орындарының грантын иеленді. 66 түлек ақылы негізде жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.
ҚРБҒМ 5 мамыр №203 бұйрығына сәйкес 26 мамыр мен 19 маусым аралығында мектептерде жазғы мектеп жұмыстары ұйымдастырылды. Басты мақсат - білім беру сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде жіберілген білім беру олқылықтарының орнын толықтыру.
Жазғы мектепті ұйымдастыру барысында жыл бойы қашықтан білім алған оқушыларға, әсіресе 6, 7, 8, 10 сыныптарға бағытталды.
Оқушылар арасында өткізілген облыстық деңгейдегі 73 байқауға 221 оқушы қатыстырылып 140 оқушы жүлдемен оралды (64%). Респуликалық деңгейде 21 байқауға 39 оқушы қатысып 12 жүлделі орын иеленді.
Инклюзивті білім беруді дамытудың Жол картасы аясында облыстық бюджеттен 26 млн 930 тг қаржы қаралды.
Аталған қаржыға биылғы жылы 3 балабақшаға (кент орталығындағы «Жауқазын» б/б, «Күншуақ» б/б, Бұхарбай ауылындағы «13 Балдырған» б/б) арнайы логопед мамандары және логопедиялық кабинеттермен қамтылды.
Кент орталығындағы №202 орта мектеп базасынан инклюзивті ресурстық орталық ашылып, қажетті мамандар алынды. Сонымен бірге кент орталығындағы №201 мектеп-лицей мен Ақсу ауылындағы №116 орта мектептер инклюзивті кабинеттермен жабдықталуда.
Жол картасы аясында Шаменов ауылындағы №34, Аққұм ауылындағы №38 және Мақпакөл ауылындағы №117 орта мектептерге арнайы дефектолог штат бірліктері берілді.
Инфрақұрылым бойынша
Биылғы жылы Таң ауылындағы №118, Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, Таң ауылындағы №118 мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті 323 млн 611 мың 979 теңгенің бастапқы 196 млн 138 мың теңгесі бөлінді.
Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 367 925,0 мың теңге бөлінді.
«Ауыл – ел бесігі» жобасымен қосымша білім беру ұйымдары 200 орындық Оқушылар Үйі және 50 орындық Балалар өнер мектебі салынуда. Ағымдағы жылы 1 маусымға пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аудан мектептерінің 75 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Материалдық базасын нығайту бағытында 2021 жылы облыстық бюджеттен 56 млн 162 мың тг қаржыға 7 мектепке (№116,117,118,124,188,201,202 мектептер) 3 химия кабинеті, 1 биология, 3 физика пәндік кабинеттерімен толықтырылады.
12 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасайды.
2020-2021 оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге бөлінді.
Жалпы қосымша біліммен 4992 бала (71,5 %) қамтылуда. (Оның ішінде:
Оқушылардың жазғы уақытын тиімді қызықты өткізу бағытында мектеп жанындағы лагерлерге, кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру, облыстан тыс лагерлерге оқушыларды демалдырылды. Қаржы көзі міндетті оқу қоры, демеушілер, кәсіподақ, ата-аналар есебінен.
Бүгінгі таңда 1-10 кластар аралығында 6662 баланы төмендегіше демалдырылды:
Міндетті оқу қоры есебінен-387
Кент сыртындағы Ақтерек сауықтыру лагеріне -237 бала
Нұр-Сұлтан қаласына туристік саяхатқа-120 бала
Жаңақорған ауданы «Талдысу» лагеріне-30 бала қамтылды
Демеушілер есебінен-30 баланы қамту
Нұр-Сұлтан қаласына 10 бала
Жаңақорған ауданы «Талдысу» лагеріне 10 бала