
Автомобиль жолдары саласы бойынша
Үстіміздегі жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Таң ауылының 6 көшесіне (Орынбай жырау, Манақ баба, Қарасу, Мүсәрілі баба, Таң ауылына кіре-беріс көшесінің оң жағында орналасқан Бозарық каналынан бастау алатын көшесі, Таң ауылына кіре-беріс көшесінің сол жағында орналасқан Бозарық каналынан бастау алатын көшесі ) орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 239,5 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге мердігер мекемелермен 5 көшенің (Мүсірәлі баба көшесінен басқа) жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, Таң ауылының 8 көшесін (Мықтыбаев, Уәлиханов, Сейфулин, Қоқыбай болыс, Жамбыл, Құнанбаев, Құлманов, Сегізбай би) орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 231,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы Оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға биылғы жылға республикалық бюджеттен 59,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Жылу-ХХI» ЖШС. Жобаның жалпы құны 149,5 млн теңгені құрайды.
Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 184,8 млн. теңге.
Аудандық маңызы бар Бұқарбай батыр елді мекеніне кіре-беріс 6,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 196,5 млн теңгені құрайды.
Ақсу елді мекеніне кіре-беріс 2,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 76,7 млн теңгені құрайды.
Жаңадария бағытындағы 20,3-37,4 аралығындағы 17,1 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 392,1 млн теңгені құрайды.
Аудандық маңызы бар Аққыр бағытындағы автомобиль жолының 32-52,6 шақырым аралығындағы 20,6 шақырымын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілді.
Әзірленген жобаларды бюджеттен қаржыландыру үшін 2022 жылға тиісті облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдер тапсырылды.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша
Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Жобаны қаржыландыру үшін 2022 жылға бюджеттік өтінімдер тиісті басқармаларға тапсырылды. Жалпы жоба құны 43,1 млн теңге.
Кондоминиум нысанын басқарудың жаңа жүйесіне көшу бойынша
Жалағаш ауданы бойынша 27 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 15 көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық құжаттары әзірленіп, кондоминиум нысандары ретінде тіркелген. Қалған 12 көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық паспорттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 1096,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге техникалық паспорттар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 650,0 мың теңге бөлінді. «ASI SERVICE» жеке кәсіпкерімен, жасалған келісім-шарт негізінде, есептеу жұмыстары жүргізілді. Есептеу нәтижесімен тұрғын үй шығыстарының ең төменгі мөлшері тұрғын үйдің 1 шаршы метріне 6 теңгені құрады.
«2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Шешім жобасы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында 26.08.2021 жылы орналастырылған.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылауына 26.08.2021 жылы орналастырылған. Көпшілік талқылаудың аяқталуы 10.09.2021 жылы. Ұсыныстар жоқ.
2021 жылғы 11 қыркүйекте шешім жобасы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланды.
Жалағаш аудандық қоғамдық кеңесінің 22.09.2021 жылғы №03-11/246 ұсынымы. Ұсыныстар жоқ.
Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі №6 сараптамалық қорытындысы. Ескертпелер мен ұсыныстар жоқ.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жалағаш ауданындағы филиалының 01.10.2021 жылғы №1016/РПП-12-04 сараптамалық қорытындысы. Ескертпелер мен ұсыныстар жоқ.
Алдағы уақытта шешім жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға жолданады.
Елді мекендердегі электр желілерін дамыту
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Бұқарбай батыр елді мекенінің электр жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Газдандыру бойынша
Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінді. Жобалаушы мекеме «Прикаспийское управление строительства Шымкент» жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.