Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша IІI тоқсанда атқарылған жұмыстар

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм және Мәдениет елді мекендерінің тұтынушыларына су тарату желісінің құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтті.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыру мақсатында «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне» бюджеттік өтінім тапсырылды.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесіне су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтті.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім тапсырылды.

Аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алуға Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан 277 200,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 30 тұрғын үйлерге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті "Ақтерек" учаскесі 170 гектарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға жобалау-сметалық құжаттамасымен мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұйымдастырушы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, (ауыз су, газ, жолдар, электр желілері) бойынша жобалаушы мекемелермен шарттарға отырылып, жұмыстар жүргізілуде .

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде емдеу мекемелеріне (100 төсек / орындық орталық аурухана, 20 төсек/орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, аусымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана) жаңадан кәріз жүйесінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Қазақстан проект» ЖШС.

Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі бойынан “Дене шынықтыру-сауықтыру кешені” ғимараты құрылысына құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша конкурс негізінде «SCS Инжиниринг» ЖШС-і жеңімпаз атанып,жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр және Мырзабай ахун елді мекендеріне 100 орындық клуб ғимараттарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, қазіргі таңда сараптамадан өту жұмыстары жүргізілуде.

Жалағаш кентінен күл-қоқыс төгетін полигон құрылысының техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өтті. Полигонның сұрыптау алаңының құрылыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Жалағаш ауданы, Таң елді мекенінде әкімшілік ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтуде.

Жалағаш кентінен жабық бассейн құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Аудан тұрғындары есебінен 12 297 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға қабылданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,0% пайызға артығымен орындалды.

Жыл басынан бері аудан тұрғындарының 4 арыз-шағымы қанағаттандырылып, 344 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Дата публикации
27 октября 2021
Дата обновления
27 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы