Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы бөлімінің 2021 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылы 36 327 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Оның ішінде 19800 га күріш, 90 га күздік бидай, 600 га жаздық бидай, 147 га жүгері, 30 га жаздық арпа,  2200 га мақсары, 3960 га жаңа жоңышқа, 6 800 га ескі жоңышқа, 500 га картоп, 1000 га көкөнiс және 1200 га бақша дақылдары.

/Анықтама үшін: 2020 жылы 36 531 гектар егiс орналастырылды, оның ішінде күріш 21 600 гектар/

Биылғы жылы вегетация кезеңінде су тапшылығына байланысты ауданнан өткен жылмен салыстырғанда 1800 га күріш дақылының көлемі қысқартылып, орнына суды аз қажет ететін 94 га жаздық бидай, 147 га жүгері, 30 га жаздық арпа, 443 га мақсары, 445 га жаңа жоңышқа дақылдары егілді.

Биылғы жылы егісті әртараптандыру бағытында «Ер-Әлі» ШҚ ауданымызда алғашқы болып 90 гектар күздік бидай, «Көктөбе» ШҚ 30 гектарға арпа дақылын орналастырса, «Жансая» ШҚ 52 гектар, «Таң» ШҚ 60 гектар және «Агрико» ШҚ 35 га жүгері дақылын орналастырды. Тәжірибелік мақсатта егілген бұл дақылдардың алдағы уақытта көлемі арттырылатын болады.

Ауданда 19 800 гектар күріш дақылын орналастыруға 4950 тонна күріш тұқымы дайындалды. Дайындалған күріш тұқымының репродукциясы бойынша 67 тонна (1,4%) элита, 2888 тонна (58,3%) І-репродукция, 1995 тоннасы (40,3%) ІІ-репродукциялық тұқымдар. 

Дайындалған күріш тұқымының 252 тоннасы Янтарь (5,0%), 4670 тоннасы Лидер (94,3%), 28 тоннасы Сыр сұлуы (0,7%) сорттары.

Орналастырылған 690 гектар бидайдан 4 740 цн жалпы өнім жиналып, орта өнім 6,8 ц/га құрады (2020 жылы 506 га бидайдан 3 241 цн өнім жиналды, орта өнім 6,4 ц/га).

6800 га ескі жоңышқадан 328 900 цн  өнім жиналып, орта өнім 48,3 ц/га құрады (2020 жылы 6452 га е.жоңышқадан 317 231 цн өнім жиналды, орта өнім 49,1 ц/га).

3960 га жаңа жоңышқадан 37 620 цн өнім жиналып, орта өнім 9,5 ц/га  құрады (2020 жылы 3715 га ж.жоңышқадан 41 979 цн өнім жиналды, орта өнім 11,3  ц/га).

500 га картоптан 55 250 цн өнім жиналып, орта өнім 110,5 ц/га құрап отыр (2020 жылы 500 га картоптан 55 203 цн өнім жиналды, орта өнім 110,4  ц/га). 

1000 га көкөністен 170 200 цн өнім жиналып, орта өнім 170,2 ц/га құрап отыр (2020 жылы 1000 га көкөністен 169 879 цн өнім жиналды, орта өнім 169,8  ц/га) . 

1200 га бақшадан 256 200 цн өнім жиналып, орта өнім 213,5 ц/га құрап отыр (2020 жылы 1200 га бақшадан 256 188 цн өнім жиналды, орта өнім 213,5  ц/га). 

Сонымен қатар орналастырылған 19800 га күріш дақылы толық жиналып, барлығы 123 354 тн өнім жиналды, орта өнім 62,3 ц/га құрап отыр. (2020 жылы 21 600 га күріш егіліп, 1 481 634 цн өнім жиналып, орта өнім 68,6 ц/га құрады). 

Мал шаруашылығы туралы 

Аудан көлемінде барлығы 36 933 бас мүйізді ірі қара, 45 024 бас  уақ мал,  16 279 жылқы, 715 бас түйе, 271 бас шошқа, 10 667 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 100,3 %, жылқы 121,1 %, түйе 123,1 %, уақ мал 99,8 % , құс 108,9 % орындалды.

2021 жылдың 1 қыркүйегіне  барлығы  2244,3 тн (тірілей салмақта) ет,  6643 тн сүт, 153,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,9 пайызға, сүт 101,3 пайызға, жұмыртқа 102,0 пайызға орындалды.

Бір сиырдан сауылған сүт  өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға,  бір мекиеннен алынған жұмыртқа 1,2 пайызға артты.

Аудан бойынша 116 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 106 шаруашылық айналысады.

«Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2021 жыл аралығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы барлығы 812,0 млн тенге несие алынды. Оның ішінде мүйізді ірі қара алуға 569 млн,  жылқы алуға 123 млн, қой малына 120 млн тенге.  Алынған несиеге барлығы  3225 бас  мүйізді ірі қара мен 463 бас жылқы, 3174 бас қой малы сатып алынды.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,0 пайызға жетті.

2021 жылы индикативтік жоспарға сәйкес 125 бас  мүйізді ірі қара малын және 3750 бас қой малын сатып алу, 981 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 6333 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспарланды.

Осы көрсеткіштерді орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.

Аққұм ауылынан «Бақдаулет-57» ФҚ 100 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды МІҚ аналығын шет елден сатып алуды, Еңбек ауылынан «Боранбай» ШҚ 38 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырының қашарларын Арал ауданы Бекбауыл ауыл округіндегі «Ықылас» шаруашылығынан сатып алып жұмыс жасауда.

Аудан бойынша  жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасымен айналысып отырған  40 шаруашылық  79 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Техника туралы

Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, ағымдағы жылы 733,6  млн. теңге қаржыға 25 жаңа техника сатып алынды (оның ішінде өз қаржысына 16 техника 217,7 млн теңге, қаржы ұйымдары арқылы 9 техника 515,9 млн теңге). Жаңадан алынған техникалар уақытылы статистика органдарына тіркелуде. /2020 жылы 4 615,9 млн. теңге қаржыға 93 жаңа техника сатып алынды/.

Күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 1068 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Оның ішінде 261 комбайн, 472 трактор, 115 жатка, 56 автомашина және 164 трактор тіркемелері бар.

Дизель отынын жеткізіп беруші операторлар «Нефть-Транс Қызылорда» және «РК-Мұнай» серіктестіктері белгіленіп, ауыл шаруашылығы құрылымдарына әр литрін 177 теңгеден жеткізіп беруде. Бүгінгі күнге дейін жеңілдетілген дизель жанармайына байланысты шаруашылықтар тарапынан шағымдар болған жоқ.

«Ирригация және дренаж  жүйелерін  жетілдіру»  жобасының 2-кезеңі (ИДЖЖЖ-2) туралы

 

«Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңіне (ИДЖЖЖ-2) аудан бойынша жалпы көлемі 15123 гектарды құрайтын инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлер енгізілді. Атап айтқанда Аққұм ауылдық округінен 3555 гектар, Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5451 гектар, Таң ауылдық округінен 3094 гектар және Мәдениет ауылдық округінен 3023 гектар.

2019 жылдың маусым айында жобаны іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Мелиоратор» ЖШС жеңімпаз атанды.  Жобалық сметалық құжаттарына сәйкес жобаның құны 12,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі 2019 жылдың 01 шілдесімен 2021 жылдың  01 қазан аралығы.

Жобаға сәйкес  тазаланатын каналдардың жалпы ұзақтығы 829,6 км, барлық қашыртқылардың ұзындығы 924,35 км,бас су құрылыстары 810 дана, су тоспа құрылыстары 321 дана, труб. переезд 46 дана, чектік ғимараттар 6124 дана, коммерциялық гидропосттар құрылысы 43 дана, канал астындағы құбырларды салу және жөндеу 7 дана, бақылау скважиналарын бұрғылау 151 дана жұмыстар атқарылуы тиіс.

«Ирригация және дренаж  жүйелерін  жетілдіру»  жобасы  2-кезеңінің жұмыстары 2019 жылдың шілде айында басталып, 837,0 млн теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды.

2020 жылы «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңі бойынша 2,267 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы жобаға сәйкес 6322,2 млрд теңге қаржыға құрылыс  жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңіне енген 28 ауыспалы егіс жүйесінде 107 құрылым егін шаруашылығымен айналысуда. 

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында алыпсатарлықтың өсуіне жол берілмеу  жұмыстарына бақылау жүргізіліп келеді. 2021 жылдың 27 қаңтар айында облыс  әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандағы  барлық  сауда орындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жоғарыда көрсетілген облыс әкімінің қаулысына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Аудандағы барлық ірі сауда орындарының басшыларымен аудан әкімі азық-түлік бағаларының өспеуіне және бағаны тұрақты түрде ұстап отыру жөнінде кәсіпкерлермен жиын өткізіп, тиісті жұмыстар жүргізілді.                Аудан бойынша 6 ірі сауда орын иелерімен аудан әкімінің орынбасары азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және аудан тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін меморандумға отырып, қол қойылды.  Осы мақсатта аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесіп тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Күнделікті жүргізілетін мониторинг бойынша өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Жалағаш ауданы бойынша  ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 474,6 тонна халыққа ұсынылатын өнім қоры бар, оның ішінде ұн-186 тн құрайды. Ауданда нан өнімін өндіретін кәсіпкерлер ұн өнімін аудан орталығындағы ірі сауда орындарынан және жеткізіп беруші кәсіпкерлермен келісім шартқа сәйкес жұмыс жасап отырғандығын хабарлайды. Ауданда нан өнімін өндіретін кәсіпкерлер аудан халқын толық көлемде нан өнімімен қамтамасыз етіп, аудан тұрғындарына тимді бағада ұсынып отыр. Аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сататын ірі және шағын сауда орындарында нан бағасы қалыпты жағдайда. Нан бағасы 60-70 теңгенің арасында. Қазіргі таңда нан бағасының көтерілуі байқалмайды. Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы  тұрақтылығы жөнінде жұмыстар жалғасын табатын болады. 

Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы 

Ұлттық экономика министрлігінің  2020 жылғы 30  қыркүйектегі № 72 бұйрығына  жаңа редакцияда  жарияланған заңға сәйкес  Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2021 жылы Республикалық  бюджеттен  306 285 млн.теңек қаржы бөлініп, 71 маманға тұрғын үй несиесі берілді.Оның ішінде білім беру  саласына-46 маман, денсаулық сақтау саласына-13 маман, спорт саласына-5 маман, мәдениет саласына-3 маман, агроөнеркәсіп кешен саласына-4 маманға тұрғын үй несиесі берілді.

Ағымдағы жылы 61 маманға 17,7 млн теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Сонымен қатар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2022 жылға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Дата публикации
26 октября 2021
Дата обновления
26 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы