Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ауруханасының 2021 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда 33 691 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 35126 халық болса, оның РПН бағдарламасына тіркелгені-33 523, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10825, жасөспірімдер - 1653, ересектер саны – 21454

. Кадр 

Мекемеде жалпы штат бірліктері: 680,75.

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 102,75.
  • Орта буын қызметкерлері – 316,25
  • Кіші буын – 118,5
  • Басқа қызметекерлер -143,25.
  • Жұмысшылар -91,5.

 Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 852.

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 92.
  • Орта буын қызметкерлері – 424.
  • Кіші буын – 157.
  • Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -179.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 90 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 28,0 %.

Оның ішінде: 56 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 60,8 %.

  • жоғарғы санат – 19 дәрігер.
  • І санат – 17 дәрігер.
  • ІІ санат – 20 дәрігер.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 440 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 130,9 пайыз.

Орта буын медицина қызметкерлерінің 290 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 68,3 пайыз.

  • Жоғарғы санат – 158
  • І санат – 91
  • ІІ санат – 44

2021 жылдың 9 айында 8 дәрігер біліктілікгін жетілдіріп, 17 дәрігер семинар тренингтерге қатысқан, 25 орта буынды қызметкерлері біліктілігін арттырудан өткен.

2021 жылдың 9 айында 10 жоғары білімді дәрігер жұмыспен қамтылды.

Оның ішінде:

Жалпы тәжірибелі дәрігер – 8.

Клиникалық фармаколог дәрігері – 1.

Эпидемиолог дәрігері – 1.

Жоғары оқу орнына (Резидентураға) түсуілеріне байланысы 3 жалпы тәжірибелі дәрігерлермен еңбек шарт тоқтатылды.        

Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы: 

Мамандықтар атауы

Жұмыс орны

(ДА,СВА атауы)

Бірлік саны

Бос тұрақты вакансия

Анестезиолог-реаниматолог дәрігері

Кент

1,0

Вакансия  тұрақты

Офтальмолог дәрігері

Кент

    1,0

Вакансия  тұрақты

Жалпы тәжірибелі дәрігері

Мақпалкөл ДА

1,0

Вакансия тұрақты

Барлығы

 

3,0

 

             

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2021 жылдың 9 айы бойынша – 129 360,  1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 3,8 (2020 жылдың                   9 айы – 77 885 – 2,2) құрады. Оның ішінде екпе алуға келгендер саны - 18000 – 13,9%, ауруы бойынша келгендер саны 2021 жылы – 47 474 – 36,6%, (2020 жыл – 29 734 – 22,9%).  Алдын ала тексерілу- 81 886 болып 63,3%-ды құрады (2020 жылы 64 916– 50,1%). Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен  салыстырғанда жоғары. Үйде қаралу 2021 жылдың 9 айы бойынша – 15 299  құрап (2020 жылдың 9 айы – 20 242), өткен жылмен салыстырғанда – 32,3 пайызға төмендеген. Сонымен қатар жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2021 жылы 52 867 болып 40,8% құрады (2020 жылы – 35 276 - 37,2%). 

2021 жылдың 9 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –10 488 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 30953,5.                      (2020 жылы  – алғаш тіркелген аурушаңдық 10 250, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш-30251,1 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші 3,6%  жоғарылаған. Атап айтқанда, 2021 жылдың 9 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:

  • І орында тыныс алу жүйесінің аурулары 3461 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 2,0% жоғарылаған.
  • ІІ орында қан аурулары 813 жағдай тіркеліп былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 15,4%  азайған.
  • ІІІ орында зәр шығару жүйесі 764 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 15,5%  төмендеген.

 Медициналық қызметтің нәтижесін демографиялық көрсеткіштер арқылы бағалауға болады

2021 жылдың 9 айында  аудан бойынша 697 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 20,9 промильді құрады (2020 жылы 638 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 19,2 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,7% өсіп отыр. Сәби өлімі 2021 жылы 8 жағдай тіркеліп 11,5 промиль құрады, (2020 жылы 8 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 12,5 құраған). 2021 жылы аудан бойынша 184  өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 5,2 құрап отыр.  (2020 жылы 172 жағдай – 4,9), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 0,3%-ке көбейіп отыр.

№

Негізгі көрсеткіштер

2020 жыл

2021 жыл

1

Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.)

638-19,2

697-20,9

2

Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда)

172-4,9

184-5,2

3

Бала өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.)

8-12,5

8-11,5

4

Материнская смертность   (на 100 тыс. живорож-ных)

0

0

 

Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:

1-ші орында: Жүрек - қантамыр ауруларынан қайтыс болғандар саны – 53 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 150,9. (2020 жылы - 42– 119,7). Былтырғы жылмен салыстырғанда 11 -31,2% жағдайға өскен.

2- ші орында: Тағы басқа  аурулар бойынша қайтыс

болғандар саны 2021 жыл бойынша  28– 79,7. (2020 жыл – 24– 68,4). Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 4-11,3%-ға өсіп отыр.

3- ші орында: Кәрілік бойынша қайтыс болғандар саны 2021 жылы – 21-59,8. (2020 жыл 20-57,0). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 1-2,8% жағдайға өскен.

Туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстар

Ауданда науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында  2021 жылдың 9 айында амбулаторлы ем қабылдап  жүрген емнің сүйемелдеу кезеңіндегі  59    науқасқа ай сайын  29 170 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.

2021 жылдың 9 айында 12 науқас (2020 жылдың 9 айында 16 науқас) жаңа жағдаймен тіркелді.

Барлық есепке алынған 12 науқастың  қарым-қатынастағылары толықтай тексеруден өткізілді.

Аудан бойынша  2021 жылдың 9 айында туберкулез аурушаңдығымен       2 жасөспірім тіркелген .  (2020 жылы 9  айда 2 бала, 1 жасөспірім) тіркелді.

Аудан бойынша есепті мерзімде туберкулезден қайтыс болған науқастар жоқ.

Суицид.

Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып тексерулерден өткізілуде. Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш  аудандық  ауруханасында  5  психолог, 13 әлеуметтік қызметкер  қызмет  атқарады. Тауекел топтағы пациенттерге психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілуде. Күйзелістің алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 02.02.2015 жылғы №84 бұйрығына сәйкес психолог мамандар  суицидтің  алдын - алуға жалпы 9-айда  халық арасындағы барлығы 3 акция өткізіліп, 196 тұрғын қамтылған, сонымен қатар 11 семинар ұйымдастырылып 269 тұрғын қамтылған, 7 тренинг өткізіліп 157 тұрғын қамтылған. 2021 жылы  өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне барған- 5 жағдай тіркелсе, оның ішінде  2 аяқталған, 3 аяқталмаған суицид жағдайы орын алды. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу бойынша  жағдай  тіркелмеді. 

Жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізуге арналған Жол картасы

Жарақаттану кезеңіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізуге арналған Жол картасы бойынша тиісті шаралар атқарылды. Аудандық аурухананың хирургия бөлімінде 5 травмотологиялық төсек орын жұмыс жасайды. Жарақаттану кезінде жедел көмек көрсету мақсатында 3 дәрігер, 2 орта буын медицина қызметкерлері оқытылды.

Есептік мерзімде барлық жарақат алу бойынша қабылдау бөліміне келген науқастар саны – 500(2020ж 9 ай-405), оның ішінде жарақатпен ауруханаға жатқызылғандар саны 129 облыстық медицина орталығына ауыстырылғаны  -12. Жол-көлік  оқиғасы -17 жағдай, барлық жол көлік аппатынан зардап шеккендер саны-11. Жол көлік оқиғасымен ауруханаға жатқызылғандар -22. Жол-көлік апатынан, қосарланған ауыр жарақатпен ауруханада қайтыс болғандар -2.

Короновирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Бүгінгі күнге дейін 0-100 жас аралығында (Бекітілген Халық Тіркелімі бойынша)-21 052 адам болса,оның ішінде вакцина алуға жоспарланғандар -19 353 адам, осы уақытқа дейін вакцина алғаны (25.10.2021ж)-19 375. Вакцинамен қамту- 100,1%-ды құрап отыр.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер

Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды  технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді  жоспармен жұмыс жасау;

Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;

Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;

Цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпараттандыру жүйесіне енгізу арқылы қағазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру;

МӘМС  жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру;

Дата публикации
25 октября 2021
Дата обновления
25 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы