
Аудан бойынша 2021 жылдың 9 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2501 бірлікті құрап, оның ішінде 2302 субъектісі немесе 92 пайызы нақты жұмыс жасауда. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны-199.
Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметіне сәйкес аудан бойынша 342 жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркелді.
Аудан бойынша Бөлшек сауда айналымының көлемі 2021 жылдың 9 айында 1 млрд 859,1 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0 пайызға орындалып отыр.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы ағымдағы жылдың 9 айында 7 млрд 340,0 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 182,1 пайызға орындалып отыр.
Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5 млрд 542,0 млн теңгені құрап, 2,1 есеге жоғары орындалды. Жалпы 2021 жылға ауданға бекітілген жоспар 105,0 пайыз.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2021 жылдың 7 айында 5 млрд 493,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40,7 пайызды құрап отыр. Яғни, 59,3 пайызға төмен орындалды.
Аудан бойынша 2021 жылдың қорытындысымен негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 8 168,3 млн теңгеге жетізу жоспарлануда.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әр қарай дамыту бағытында ағымдағы жылдың басынан 262 жоба 2 млрд. 520,7 млн. теңгеге қаржыландырылып, 317 адам жұмыспен қамтылды.
Атап айтқанда:
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 24 жоба 322,2 млн. теңгеге қаржыландырылып, пайыздық мөлшерлемесі бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінде 12 жоба 105,3 млн. теңгеге ішінара кепілдендірілді.
Атаған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 7 жоба 20,1 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 68 жоба 302,1 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Аталған бағдарламаның 200 айлық есептілік көрсеткішке дейінгі мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 90 жоба 52,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 3 жоба 47,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 16 жоба 100,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі арқылы 26 жоба 323,9 млн. теңгеге «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 14 жоба 302,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 жоба егін егу жұмыстарын жүргізуге 86,4 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Каз Агро Қаржы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 11 шаруа қожалығы 964,2 млн. теңгеге қаржыландырылып, ауыл шаруашылығы техникалары лизингке алынды.