
2021 жылдың 1 қазанына 2067 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласты, о.і. 1474 адам немесе 71,3%-ы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (қысқа мерзімді кәсіптік оқыту-31, бастау бизнес-159, мемлекеттік грант-90, шағын несие-64, әлеуметтік жұмыс орны-61, жастар практикасы-303, қоғамдық жұмыс-756, ұрпақтар келісімі-5, алғашқы жұмыс орны-5 ).
Бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында қажетті кәсіптер бойынша жаппай оқытуды көздейді.
Бірінші бағыт шеңберінде қысқа мерзімді оқуға жоспарланғаны-31 адам. Қаралған қаржы-14,2 млн. теңге.
Есепті мерзімге 31 адам кәсіптік оқытуға жолданып, 7,3 млн.теңге қаржы жұмсалды.
Кәсіптік оқуға жолданған 1 адам оқуды мерзімінен бұрын аяқтап тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Бүгінгі күнге 64 адамға 296,9 млн. теңге шағын несие берілді, жоспарлық көрсеткіш 63,4 %-ға орындалды (жоспар-101 жоба), оның ішінде Start-up жобаларын қолдауға 34 және жеке істі кеңейтуге 30 шағын несие бөлінді. Жалпы микрокредит алушылар қосымша 24 жұмыс орнын ашты.
Шағын несиенің 59-ы мал шаруашылығы, 5-уі жүк тасымалдау бағыты бойынша берілді.
Бастау-Бизнес жобасы бойынша
2021 жылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқытумен 120 адам жоспарланды. Есепті мерзімге 159 адам (132,5%) онлайн оқытуға жолданды, оның ішінде 153 адам оқытуды аяқтап, 61-і (39,9%) қаржылай қолдау тапты, 6 адам оқытудан шығарылды.
Мемлекеттік грант бойынша
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 120 адамға (583 мың теңгеден) мемлекеттік гранттар беру жоспарланды. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі күнге 90 үміткердің жобасы 52,5 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мемлекеттік гранттың 79-ы мал шаруашылығы, 2-уі дәнекерлеу ісі, 2-уі шағын тігін шеберханасы, 5 қызмет көрсету және 2-уі тамақ өнеркәсібі бағыттары бойынша берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Бұл бағытта 432,4 млн. теңге қаржы қаралып, 732 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Қазіргі таңда 1130 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 154,4%-ға орындалды. Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адамға 15,3 млн. теңге қаралды. Есепті мерзімге 61 адам (203,3%) жұмысқа жіберіліп, 10,7 млн. теңге қаржы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарын 20 адам аяқтады, оның 13-і (65,0%) тұрақты жұмысқа орналасты;
- жастар тәжірибесі: Бүгінгі күнге барлығы 303 жас маман (жоспар – 301 адам) жіберіліп, 48,9 млн. теңге қаржы төленді. Жастар тәжірибесін 198 адам аяқтап, 74 адам (37,4%) тұрақты жұмысқа орналасты.
-қоғамдық жұмыстарға 756 адам (жоспар – 390 адам) жіберіліп 191,8 млн. теңге қаржы жұмсалды. Қоғамдық жұмыстарды 207 адам аяқтап, 58 адам (28,0%) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 800 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, бүгінгі күнге 570 адам (71,3%) жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда.
Бұл бағытта облыстық бюджеттен АЖО жобасы бойынша 6 адамға 2800,3 мың теңге, ҰК бойынша 5 адамға 1750,2 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге АЖО-на 5 адам жолданып, 401,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Ал ҰК-не 5 адам (100,0%) жолданып, 850,0 мың теңге жұмсалды.
Ерікті түрде қоныс аудару бойынша Павлодар облысынан жұмыс берушілер делегациясының қатысуымен 2021 жылғы 14 шілдеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Қатысушылардың назарына 237 жұмыс берушілерден әртүрлі салалар бойынша 646 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде 10 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді, 1 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды.