
Атаулы әлеуметтік көмек: 2021 жылдың 3 тоқсанына 323 отбасының 1863 мүшесіне 77421,6 мың теңге тағайындалып, 322 отбасының 1853 мүшесіне 70098,4 мың теңге төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша 3 тоқсанға АӘК алатын отбасының 1-3 жасқа дейінгі 130 баласына, 3-6 жас аралығындағы 164 баласына азық-түлік жиынтығы берілді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге жергілікті бюджеттен 5027,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 29 отбасының 73 мүшесіне 745,2 мың теңге тағайындалып төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:
2021 жылдың 9 айына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1414 адамға 53663,3 мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді.
Жұмыссыздық деңгейі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы
2021 жылы 1342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 1985 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 1023-і тұрақты). Оның ішінде: Ауылшаруашылық саласы- 510, экономикалық қызметтің басқа салаларында-423, көтерме және бөлшек сауда -40, көлік және қоймалау -30, өнеркәсіп-14,құрылыс-5, білім беру-1, уақытша және маусымдық жұмыстар – 962.
МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2021 жылдың 1 қазанға 925 мүгедек тіркелген, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-195.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 371 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 260-ы немесе 70,1 % орындалды. 2020 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 932-і орындалды.
2021 жылдың 1 қазанға 429 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 36 мүгедек таяқпен, 5 мүгедек балдақпен, 6 мүгедек жетек арбамен, 33 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 29 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 33 мүгедек кресло арбамен, протездік ортопедиялық құралдармен 20 мүгедек қамтамасыз етілді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы жүргізілуде. Есту кемістігі бар 4 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 102 мүгедекке 102 жеке көмекші қызмет көрсетуде.
«Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2021 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 3086,0 мың теңге қаржы қаралған. 2021 жылдың 1 қазанға 93 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланды. Игерілген қаржы 2258,2 мың теңге.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2021 жылдың 1 қазанға 17 адам жолдамамен жіберілді. 16-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 1-уі зейнеткер.
2021 жылдың 1 қазанға мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 4324,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 72 мүгедек баланың ата-анасына 2900,5 мың теңге қаржы төленді.
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 9-ы «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры арқылы жартылай стационар жағдайда қызмет алуда.
Аудан бойынша 2021 жылдың 1 қазанына 87 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 60 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.