
Статистика
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7970 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды.
Қаржыландыру
2021 жылыЖалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14млн280 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 4 млн 250 мың теңгегеаудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 4әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
1) «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі. Жоба соммасы – 980 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;
2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба соммасы – 800 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;
3) «Талантты жастарды таныту және қолдау шараларын ұйымдастыру қызметі».Жоба соммасы – 1 556 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым – «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі;
4) «Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі.(Әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда).
Жастар ресурстық орталығы туралы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда штат саны -7. Директор - 1, бөлім басшысы - 1, аға кеңесші -1, кеңесші-4.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес жастар ресурстық орталығының штаттық бірлігін көбейту жоспарлануда.
Аудандық жастар ресурстық орталығы қазіргі таңда мәдениет және өнерді дамыту орталығының ғимаратында орналасқан. Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдан бері ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
2021 жылдың қаңтар айынан бастапаудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бекітілген жылдық жоспарға сәйкес 3 ретаудан әкімінің төрағалығымен өтті. Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, баяндамалар жасалды.Кеңес жоспарына сәйкес аудан әкімдеріне, тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
2021 жылдың 9 айына жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 115 шара өткізіліп, оған 5342жас қатыстырылған.
Аудандық жастар ресурстық орталығы карантин режиміне байланысты іс-шараларды онлайн форматта өткізуді қолға алған болатын. Әлеуметтік желілер арқылы жастарды еңбекке баулу, тазалық сақтауға шақыру, бұқаралық спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттау секілді іс-шараларды онлайн форматта өткізіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды тұрақты жүргізуде.
Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар
2021 жылдың 9айы бойынша ауданда 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды,жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1пайызды құрайды.
Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретіндехабарласқан 769 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Атап айтқанда:
«Дипломмен-ауылға!» жобасы бойынша
«Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау шарасына 3-ші тоқсанға 26 маманға тұрғын үй несиесі берілді. Қазіргі таңда биылғы жылға 71 маман тұрғын үй несиесімен қамтылды (жалпы сомасы 306 млн 285 мың теңге), тұрғын үй алу үшін несие сомасы 4 млн 375 мың 500 теңгені құрайды. Оның ішінде білім беру саласы бойынша – 46 маманға, спорт саласы бойынша – 5 маман, денсаулық саласы бойынша – 13 маман, ветеринария саласы бойынша – 4 маманға, мәдениет саласы бойынша – 3 маманға тұрғын үй несиесі берілді.
«Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша
Жалағаш ауданы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағында маусымдық кезеңде125квота беріліп, кент және ауылдық округтердегі 16-29 жас аралығындағы жастар жұмыспен қамтылды.Аталған жастар ауданымыздың көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсене араласты.
Жастар арасында денсаулық сақтау
Ауданда барлығы 14 – 29 жас аралығындағы 7599 жас емханаға келіп тіркелген. Қаралғандардан алғаш рет 673 жастан аурушаңдық белгілері анықталған. Ең жиі кездесетін тыныс жолдарының және көз аурулары. Диспансерлік есепте 954 жас бақыланады. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі – 121 жас тіркелген. Өлім-жітім бойынша 2 жас тіркелген. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша аяқталмаған-1, аяқталған фактілер тіркелген жоқ.
Аудан бойынша емханаға қарасты 1 жастар денсаулық орталығы жұмыс жасайды. Орталық арқылы 4037 жас кеңес алушы ретінде тіркеліп, 85 іс-шара өткізілген.
Сонымен қатар психолог кеңесіне жүгінушілер саны 157, атқарылған іс-шаралар саны 49, қатысушылар 443-ті құрайды. Қызыл желі арқылы хабарласып кеңес алғандар саны 94.
Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі
2021 жылдың 9 айына14-29 жас аралығындағы жастармен жасалған 10қылмыс тіркелген.Оның ішінде ұрлық – 7, алаяқтық – 3.
Пробация қызметінің есебінде тұратын 18-29 жас аралығындағы жастар саны- 10.Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасы 8, шартты жазаға сотталғандар 2. Барлығы есепке алынғандардың 4 жас кент орталығында, 6 жас ауылдық округтерден. Жазасын өтеп келген 2 жас тұрақты жұмыспен қамтылса, 6 жас өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1 жас жұмыссыз, 1 жас мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашқан.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен аудан көлемінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, ІІМ-нің және ОПД-нің бұйрықтарымен нұсқаулықтарын басшылыққа ала отырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуды, қылмысқа қарсы күресте азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда профилактикалық жұмыстаржүзеге асырылуда.
Жастар арасындағы діни ахуал
Аудан жастары арасында жергілікті мешіттерге баратын радикалды ағым жетегінде жүрген жастар жоқ. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы Жалағаш кентінде тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстірлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатындағы акцияларды тұрақты түрде өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр.
Карантин уақытында әлеуметтік желілер арқылы жат ағымнан сақ болуға шақыратын видеороликтер жарияланып келеді. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудан жастары арасында тұрақты түрде сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысы негізінде жастар арасындағы діни ахуалдың деңгейі анықталып отырады.
Жастардың спортпен шұғылдануы және бос уақытынтиімді ұйымдастыру
Аудан бойынша 143 спорт нысандары тұрақты жұмыс жасайды. (1 стадион, 1 ипподром, 9 ату тирі,1 спорттық ядро, 62 алаңдар, 25 жасанды жамылғысы бар алаңдар, 7 спорттық алаңдары, 10 жабдықталған спорт залы, 27 спорт залы).
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубындағы 8 үйірмеге 520 бала қамтылған.
Спорт клубының Жалағаш кенті және 14 ауылдық округінде 18 спорт нұсқаушылары қызмет етеді. Олардың спорттық-сауықтыру топтарына 3240 спортшы (әуесқойлар) қамтылған.
2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша аудан cпортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс, 1қоламедалға қол жеткізді. Күнтізбелік жоспар бойынша ауданда 77 аудандық, 8 облыстық, 2 республикалық жарыстар өткізу жоспарланған.
Карантин режиме байланысты жоспарланған кейбір жарыстар кейінге қалдырылды.
Бүгінгі таңда ауданның 10631тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып, бұл көрсеткіш жалпы тұрғындардың 30,2пайызын құрап отыр.
Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына және «23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесі қарсаңында қазақ күресінен жас мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала қызметкерлері арасында қазақша күрестен сайыс өткізілді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген жарысқа кент және ауылдық округтерден 40-қа жуық мемлекеттік қызметкерлер, аудан жастары, түрлі сала қызметкерлері 75 келіге дейінгі және 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бағын сынады.
2021 жылдың ІІІ тоқсанына аудандық спорт бөлімі 334 іс шара өткізді. Оған 6229 спортшы мен 8215 көрермен қамтылды.
Жастардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру
Аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет Үйі, 9 клуб, 18 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану мұражайы, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 Бұқарбай батыр атындағы мемориалдық мұражайы, барлығы 37 мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсетеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан «Шабыт-Арт» студиясы ашылып, қазіргі таңда белсенді жұмыс жасауда. Студия ішінде дыбыс жазу, балалар ән-би студиясы және 4 үйірме бар (ән, би, жас ақындар, көркемсөз).
Ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерімізді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мәдениет үйлері мен клубтарда әр түрлі жанрдағы 26 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушы жастар саны 343-ді құрайды. Үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен республикалық, облыстық байқау – конкурстарға қатыстырылып жүлделі орындар иеленуде.
Есепті мерзімде аудан жастары облыстық 46 байқауға қатысып 80 жүлделі орындарды иеленсе республикалық 5 байқауға қатысып 6 жүлделі орындарды иеленді. Сонымен бірге халықаралық деңгейде өткізілген 2 байқауға 2 өнерпаз қатысып 2 жүлделі орындарды иеленді.
Сондай-ақ, ауданда орналасқан кітапханалар жанынан «Оқитын өлке», «Цифрлы Қазақстан», «Өркениетке бастаған туған өлке», «Жүрек жылуы», «Жас қалам», «Кітапхана: мейірім, ізгілік, парасат» жобалары іске асырылуда.
Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудан орталығында жас өнерпаздардың қатысуымен жанды дауыста концерттік бағдарламалар, караоке ән кештері карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілуде.
Бұл шаралардың негізгі мақсаты жастардың бойына ұлттық рух, рухани мәдениет қалыптастыру, жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Білім саласы бойынша
Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылы мектеп бітіруші түлектер саны – 321 оның ішінде 296 ҰБТ қатысқан, (ҰБТ қатыспаған 25 оқушының 10 ақылы түрде арнаулы орта білім алуда, 13 арнаулы орта білім грантқа түскен, 2 ақылы жоғарғы оқу орнында) жоғарғы оқу орнына – 273, арнаулы орта оқу орнына – 45, жұмысқа орналасқан – 2, ҰБТ- 1 түлек дайындық курсынан өтіп жатыр. «Серпін – 2050» жобасына аудан бойынша – 27 оқушы оқуға түскен.
Аудан оқушылары облыстық, республикалық ғылыми жобалар конкурсынан жүлделі орындар иеленіп келеді.Өткен оқу жылында жалпы ғылыми жоба конкурсына 278 оқушы қатысып,119 оқушы жүлделі орындар иеленді. Облыстық кезеңнен 28 оқушы жүлделі орындар иеленсе,республикалық кезеңнен 2 оқушы жүлдегер атанып, 4 оқушы сертификат алды.
Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінде қазіргі таңда 305 студент білі алып жатыр, оқу бітірген соң жұмысқа орналасу 92% көрсеткішті көрсетіп отыр. Биыл жоғарғы оқу орнына – 6, арнаулы орта оқу орнына – 4 студент білімін жалғастыру үшін түскен болатын. 2021 жылы колледжді 129 студент бітіріп шықты.
Шет елде оқитын жастар бойынша
Жалағаш ауданы бойынша Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан жастар саны - 2. Оқуын аяқтаған жастар саны 14 жас, оның ішінде 11 жастұрақты жұмысқа орналасқан,3 жас жұмыссыз.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Аудан бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсанында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 484 бірлікті құраса, оның ішінен 459 субъектісін(267 дара кәсіпкер, 12 заңды тұлға, 180 шаруа және фермер қожалықтары)немесе 18,4 пайызын 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.
Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 292 кәсіпкер тіркелсе, оның 26,4 пайызы немесе 72 бірлігі жас кәсіпкерлер. Ал, 2020 жылдың 12 айында тіркелген жас кәсіпкерлердің саны 115. Яғни ауданда жыл сайын жастардың кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі жоғарылап келеді.
Сондай – ақ, жыл басынан ауданнан мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 149 кәсіпкер 895,2 млн теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінен, 38 жас кәсіпкер 87,3млн теңгеге қаржыландырып, қолдау алған. Яғни, барлық қаржыландырылған 97 кәсіпкердің 25,5 пайызы жастарға тиесілі.
Атап айтқанда:
«Бизнестің жол картасы 2020»бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 6 жас кәсіпкер 24,4 млн теңгеге қаржыландырылып, несиенің 11,5 пайызы бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды.
«Бизнестің жол картасы 2020»бағдарламасы аясындамемлекеттікгранттар беру бағытында 7 жас кәсіпкер 19,4 млн теңгеге қаржыландырылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 4 жұмыссыз жас кәсіпкер 13,3 млн теңгеге қаржыландырылды.
Аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 14 жұмыссыз жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 8,2 млн теңге қайтарымсыз негізде қаржылай қолдау көрсетіліп, жеке кәсіптерін бастады.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы аясында 3 жас кәсіпкер 24,0 млн теңгеге 6 пайыздық несиемен қаржыландырылды.
«Ауыл шаруашылғын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 6 пайызмен 1 жас кәсіпкер мал шаруашылығын дамыту бағытында 16,0 млн теңгеге қаржыландырылып, 40 бас жылқы малын алып, көбейтуде.
Ағымдағы жылдың 5 айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту бағыты бойынша ауданнан 159 адам оқыса, оның 60-сін немесе 37,7 пайызын жастар құрап отыр.
Барлық оқыған 60 жас кәсіпкердің бүгінгі күнге, 75 пайызы немесе 45 бірлігі қаржылай қолдау алған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 37,0 млн теңгені құрайтын 9 жас кәсіпкердің жобаларын қаржыландыру жоспарланып отыр.
Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
2021жылдың 9 айынааудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жастарға қатысты 39 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook. Vk. Instagram.)228-ге жуық ақпарат және 55-ке жуық бейнероликтер әзірленіп, жарияланған.