
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді. Жоспарда облыстық спорт басқармасының ұсынған рейтингілік жарыстарына сәйкес аудандық жарыстар және мемлекеттік тапсырмаларға байланысты (Елбасының тестілері, бұқаралық спортты көтеру, ұлттық спорттық ойындарын, мүгедектер спортын дамыту) өткізілетін спорттық іс-шаралар көрсетілді. Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарында аудандық Егде жастағы тұрғындар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ішкі істер есебінде тұратын кәмелетке толмаған жасөспірімдер, аудандық ішкі істер бөлімі мен ҚАИ мекемесі, үкіметтік емес ұйымдар: аудан ардагерлері кеңесі, «Нұр Отан», «Отан» ҚБ, әріптес ұйымдар-Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жалағаш ауданындағы бөлімшесімен аудандық комиссариат мекемелері мүддесіне сай спорттық іс-шаралар өткізу қамтылған.
Күнтізбелік жоспарда 3 республикалық, 8 облыстық, 77 аудандық жарыс өткізілу жоспарланған.
2021 жылдың ІІІ тоқсанында барлығы 1 облыстық, 21 аудандық және ауыл округтерде спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 8434 адам қатыстырылған.
2021 жылдың статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 150 спорттық нысанда спорттың 26 түрімен 10664 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Яғни бұл көрсеткіш аудан халқының 30,3 пайызын құрап отыр.
Ауданымызда «Президенттік сынамалар» тапсырылып аудан бойынша 10997 адам қамтылды.
Спортшыларымыздың жетістіктері.
2021 жылдың қыркүйек айында Щучинск қаласында Спорт мектептері арасында өткен ҚР чемпионатында таеквондодан Жәнібек Айзат күміс жүлдегер.
Әлібек Мадина шілде айында Семей қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер.
Алихан Азамат шілде айында белбеу күресінен Жаңақорған ауданында өткен Қазақстан чемпионатында қола жүлдегері атанды.