Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2020 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары

САЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана,  тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы,  Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар «Алтын-арай», «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамбльдері, Халық театры, «Арай» мәдени үгіт тобы және жылжымалы  мәдени-демалыс  кешендері жұмыс жасайды. 

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР

Жыл басынан бері  сала бойынша өткізілуі жоспарланған біраз ауқымды шаралар еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілді.

Дегенімен ауданнын мәдениет мекемелері үйірме жұмыстарын қашықтықтан жүргізіп жыр мүшайралар мен байқауларды онлайн түрде ұйымдастырып өткізіп  фейсбук әлеуметтік желісінде ақпараттандырып отырды.

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2020 жылдың даталы күндері мен атаулы мерейтойларын атап өту мақсатында салалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Конституцияның 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы секілді ауқымды мәдени-көпшілік шараларды қамтиды.

Атап айтқанда ауданның барлық кітапханаларында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай  - дана, Абай  - дара қазақта», Әбу-Насыр Әл-Фараби «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты кітап көрмелері, «Ақын мұрасы - мәңгілік» атты виртуалды көрме, «Абайды бірге оқимыз!» атты оқырмандар арасында аудандық онлайн байқау өткізілсе, мәдениет және өнерді дамыту орталығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Өнер – деп өскен өрендер» атты аудандық үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері арасында өнер байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша Бұқарбай батыр ауылының көркемөнерпаздары бас жүлдені,  Жаңаталап ауылының «Ақжелең» саз аспаптар ансамблі  І орынды, Қаракеткен ауылының «Қыр гүлі» ансамблі ІІ орынды, Еңбек ауылының көркемөнерпаздары ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар қазақ күйшісі Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орай Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінің жас күйшілері Дәулеткерейдің күйлерін көрермен назарына онлайн концерт арқылы ұсынды.

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында еңбек адамдарын насихаттау мақсатында «Еңбегі елге еленген» атты ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, ауданымыздың «Құрметті азаматы Мыханов Сапарбек Ақмырзаұлымен кездесу кеші өткізілсе, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Әлиев Садық Әлиұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Еңбегі елге өнеге» атты мерекелік кеш жоғары деңгейінде өткізілді.

Аққұм ауылдық клубының ұй        ымдастыруымен «Абай мұрасы ұлт байлығы»  атты облыстық онлайн жыр мүшайрасы өткізіліп, мүшайраға облыс бойынша 11 өнерпаз қатысып қорытындысымен І ші ІІ жүлделі орындарды Жалағаш ауданының өнерпаздары иеленді.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары Медицина саласының қызметкерлері күніне,  23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан Республикасының Полициясы күніне,  6 шілде - Елорда күніне орай,  30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне және Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған мерекелік онлайн концертін фейсбук әлеуметтік желісі арқылы көрермен назарына ұсынып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында зор ықыласқа бөленді.

Сондай-ақ Мәдениет ұйымдарының іс-шараларын мәдени-көпшілік іс-шаралар күнделікті ақпараттандырып отыру мақсатында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Өнерлі өлке -Жалағаш» атты YouTube арнасы мен facebook әлеуметтік желілерінен арнайы парақшалары ашылып, «Өнерге әркімнің де бар таласы», «Жалағаш жері – өнердің кені», «Туған өлке- тұнған шежіре», «Өнер – халық мұрасы», «Жалағаштан жыр шашу», «Үйірменің үйретері мол», «Өнерге қанат қаққандар» айдарларымен өткізілген шаралардың топтамасы желі қолданушылардың назарына ұсынылуда.

Есепті мерзімде сала бойынша барлығы 583 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған  120213 көрермен тартылды.

 

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ МЕН КЛУБ КӘСІПОРЫНДАРЫ

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ә.Шілдебаев денсаулық саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты дәрігерлер қауымына   «Алғыс» атты жаңа туындысын арнап жазып, аудан өнерпаздары онлайн түрде фейсбук әлеуметтік желісінде орындады.

Ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерімізді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мәдениет үйлері мен клубтарда әр түрлі жанрдағы 80 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны -936-ны құрайды. Үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен байқауларға қатыстырылуда.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан «Шабыт-Арт» студиясы ашылып қазіргі таңда белсенді жұмыс жасауда. Студия ішінде дыбыс жазу, балалар ән-би студиясы, және 5 үйірме бар (ән, би, жас ақындар, көркемсөз)

Сонымен бірге Қорқыт мұраларын насихаттау мақсатында Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жанынан қыл қобыз үйірмесі ашылып жұмыс жасауда.

         Үйірмелер саны

Қатысушылар саны

2019 жылдың ІІІ тоқсаны

2020 жылдың ІІІ тоқсаны

2019 жылдың ІІІ тоқсаны

2020 жылдың ІІІ тоқсаны

76

80

881

936

Үстіміздегі жылдың маусым айында мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік үйірме жетекшісі 2020» онлайн байқауына аудан бойынша барлығы 12 үміткер қатысып, байқау қорытындысымен Ақсу ауылдық клубының үйірме жетекшісі Ж.Искакова бас жүлдені иеленсе, Жаңаталап ауылдық клубының үйірме жетекшісі Қ.Айтбенбетов жүлделі І орынды иеленді.

Сонымен бірге маусым айында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген облыстық ХХІІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы «Алтын арай» халық ән-би ансамблінің орта және кіші би топтары жеңіс тұғырынан көрініп, кіші би тобы Бас жүлдені, орта би тобы жүлделі І орынды иеленді.

Осы ретте ерекше атап өтетін жайт Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жанынандағы «Алтын-арай» халық ән-би ансамбілі өз жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп келеді,  және бұл бағыттағы жұмыстар  алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы 12 маусымдағы №699 жарлығына сәйкес шілденің алғашқы жексенбісі ұлттық домбыра күні болып бекітілген болатын. Осыған орай «Күй күмбірі» атты жас күйшілер арасында облыстық онлайн күй байқауы ұйымдастырылып өткізіліп, байқау қорытындысымен  Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің қызметкері Пірмахан Кенжебек жүлделі І орынды иеленді.

Сонымен бірге Ауданда республикалық, облыстық деңгейдегі эстрада әншілері мен шығармашылық ұжымдардың еліміздің барлық өңірлеріне гастрольдік сапарларға  кедергісіз шығуы жолға қойылған.

Мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізудің тұрғындарға мәдени қызмет көрсету мәселесінің, соның ішінде тиісті мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге, ауыл ұжымдарына мәдени қызмет көрсету бағытында № 1-ші, 2-ші мәдени – демалыс кешен қызметкерлері  елді мекен тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп келеді.

Есепті мерзімде  МДК  қызметкерлері 8 мәдени шара  өткізіп, оған 728  көрермен  қатыстырды.  

Жыл басынан бері мәдениет және өнерді дамыту орталығы «Балуан шолақ», «Сырлы орман», «Бекзат» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Телқара» атты қысқаметражды кинофильмдері  секілді 5 отандық кино туындылар тұрғындар назарына ұсынылса, оған 750 көрермен тартылған.

КІТАПХАНА ІСІ

Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты бір қатар шараларды қашықтықтан онлайн түрде жүргізді. Атап айтқанда онлайн оқулар, виртуалды көрмелер, балаларға арналған ертегі кітаптардан дауыстап оқу, өнер саласы бойынша шеберлік сағаттар секілді бірқатар шаралар  ұйымдастырып өткізілді. Барлық онлайн өткізілген шаралар фейсбук әлеуметтік желісінде ақпараттандырылды.

Ауданда барлығы 18 мемлекеттік  кітапхана бар. Оның ішінде 15-і елді мекендерде тұратын оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 2020 жылдың 9 айында мемлекеттік тапсырыстан 1787 дана кітап  келіп түсті.

Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 368 883 дана кітапты құрайды, оның 223 061-і қазақ тіліндегі кітаптар.

Негізгі сандық көрсеткіштер

№

Көрсеткіштер

2019 жылдың ІІІ тоқсанында орындалуы

2020 жылдың ІІІ тоқсанында орындалуы

1

Кітап қоры

365504

368883

2

Оқырмандар саны

13886

12520

3

Кітап берілімі

267935

259475

 

Кітапханаларда ақпарттық технологияларды ендіру және дамыту бағытында есепті мерзімде РАБИС бағдарламасының электронды каталогына барлығы 116333  дана кітап, 7088 мақала енгізілді.

Санды форматқа көшірілген кітаптар саны - 866 дана, бет саны –182452

Жалпы кітапхана саласы бойынша «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Жас қалам», «Цифрлы Қазақстан», «Жүрек жылуы» жобалары бекітіліп жұмыс жасауда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «Цифрлы Қазақстан» жобасы бойынша Аққұм, Мәдениет ауылдық кітапханалары жанынан коворкинг орталықтары, және 6 ауылға  көше кітапханалары ашылып жұмыс жасауда.

Сонымен қатар мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын   аудандық кітапханада заман талабына сай жаңаша жабдықталған «коворкинг»  орталығы мен book café   ашылып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді.

Сондай-ақ кітапхана ісі бойынша оқырмандарға кез-келген жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды  анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс - шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР

Ауданда орналасқан 69 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і   республикалық  маңызы  бар, 30-нің жергілікті маңызы бар, 38-і алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген. Осы аталғандардың ішінде республикалық маңызы бар ескерткіш ортағасырлық Жент қаласы.

Ескерткіштер саны

Дәрежесі

Қорғау тақтасы орнатылғандар саны

Республикалық маңызы бар

Жергілікті маңызы бар

Алдын ала тізімге енгізілгендер

69

1

30

38

63

Аталған ескерткіштерге  қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес төлқұжаттары, есеп карточкалары, қорғау міндеттемелері мен теңгерімге алу бағытындағы құжаттары  рәсімделген. 

Жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне Жалағаш ауданынан Республикалық маңызы бар Жент қалашығы мен жергілікті маңызы бар Бұқарбай батыр мазары, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне Әбжали ишан, Иманқұл мешіттері, Түмен әулие кесенелері енгізілген.

Республикалық маңызы бар Жент қалашығы және Жетіасар мәдениеті ескерткіштеріне жататын жергілікті маңызы бар  Домалақ, Үңгірлі, Қосабалы асарлар ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.

Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Қызылорда облысындағы 150 тарихи–мәдени нысандардың 3D форматындағы интерактивті картасына Жалағаш ауданы бойынша 11 археологиялық, 9 архитектуралық ескерткіш енгізілсе, 14 ескерткішке QR-код орнатылған.

Аудан көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің табиғи ландшафты аймақтарының бұзылуына, заңсыз қазба жұмыстары және өзге де заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында бақылау шараларын күшейту, қолданыстағы заң талаптарының өз деңгейінде орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан тарих және мәдениет ескерткіштерінің айналасына сенбілік, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. 

Аудан көлеміндегі жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындар туралы  тарихи-танымдық материалдар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты насихатталып және аудан мектептерінде тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, күтімге алу және насихаттауға  байланысты ашық сабақтар, апталықтар мен түрлі тарихи-танымдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Дата публикации
01 октября 2020
Дата обновления
01 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы