
2022 жылғы 27 сәуірде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен 5 кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Жалағаш кенті әкімін сайлау бойынша:
1.Ниетқұлов Қанат Қуанышұлы;
2.Есенәлиев Нұржан Оспанұлы
3.Ільясов Дархан Мырзамуратович
Еңбек ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
1.Жақсыбаев Ерлан Еркінұлы;
2.Жартыбаева Каламкас Жумадилдаевна
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы кент, ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 15 мамырға тағайындалған кент, ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 16- 30 сәуір аралығында (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.