Лого

Меню

Страницы

Статья

Сайлау

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ CАЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

 Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

( ҚР Конституциясы )

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.

Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі осы Конституциялық заңның мәтіні бойынша – әкімдерді), өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады

(“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Конституциялық заңы)

Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.

Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi. 

("Республикалық референдум туралы" ҚР Конституциялық заңы).

 

Дата публикации
27 февраля 2020
Дата обновления
27 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы