
2021 жылғы 25 шілдеде Жалағаш ауданы бойынша ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссиясы сайлау ауылдық округтерде өтті деп танылғанын хабарлайды.
13 кандидат дауысқа түсті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 3596 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 3156 адам немесе 87,76 проценті алды. Дауыс беруге 3156 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 67 сайлаушы дауыс берді.
Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 477 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Ауылдық округтер әкімдерін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Аққыр ауылдық округі бойынша Матаев Жаңабек Ұлықбекұлы үшін дауыс беруге қатысқан 540 сайлаушылар санынан 468 (86,7 пайыз), Мәлік Нұржан Дәулетбекұлы үшін 52 (9,6 пайыз), Костанбаев Нурлан Мирамбекович үшін 9 (1,7 пайыз) дауыс берілді;
Аламесек ауылдық округі бойынша Тажибаев Даулеткерей Уразбекович үшін дауыс беруге қатысқан 962 сайлаушылар санынан 832 (86,5 пайыз), Қайрақбаев Ардақ Балтабайұлы үшін 69 (7,2 пайыз), Мамытов Жандос Мұстафаұлы үшін 23 (2,4 пайыз) дауыс берілді;
Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша Байділдаев Сағат Сламханұлы үшін дауыс беруге қатысқан 1054 сайлаушылар санынан 889 (84,3 пайыз), Смайлов Мейірбек Мирамбайұлы 127 үшін (12,0 пайыз), Есеналиев Нұржан Оспанұлы үшін 30 (2,8 пайыз) дауыс берілді;
Қаракеткен ауылдық округі бойынша Тоқтаров Аділ Тоқтарұлы үшін дауыс беруге қатысқан 600 сайлаушылар санынан 310 (51,7 пайыз), Оркашбаев Абдол Рашид Агманович үшін 219 (36,5 пайыз), Мубарак Мақсат Сұлтанмұратұлы үшін 9 (1,5 пайыз),Сакиев Айдар Нұрмағанбетұлы үшін 5 (0,8 пайыз) дауыс берілді.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы