Лого

Меню

Страницы

Статья

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссияларының назарына!

Жалағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының  Конституциялық Заңына сәйкес  №142 (Мекен-жайы: Мақпалкөл ауылдық округі, Т.Жүргенов ауылы, М.Нұрылдаев көшесі №38, Ауылдық мәдениет үйі ғимараты) және №147 (Мекен-жайы: Аққұм ауылдық округі, Аққұм  ауылы, Бейбітшілік көшесі №7, «А»  Аққұм ауылдық клуб ғимараты) учаскелік сайлау  комиссияларының (әрі  қарай – сайлау  комиссия)  құрамынан шығып  қалған  мүшелерінің  орнына сайлау  өтетіндігін  хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша мәслихат сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылғы 23 шілдесі  мен  6 тамыз  аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash?lang=kk  сайтының “Сайлау” атты парақшасында орналастырылған. Қосымша kaz  .rar  (55,0 кб).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 07 тамызға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.

 

Жалағаш аудандық мәслихаты

Жалағаш аудандық мәслихаттың хатшысы- Г.Курманбаева.

Мәслихаттың орналасқан жері Жалағаш кенті, Әйтеке би, 14 үй.

Жауапты маман – бас маман Досмагамбетов Рустем Тулебаевич, каб. н/с, 2 қабатта, байланыс телефоны (872431)32389, ұялы телефоны 8-777-680-34-50, электрондық пошта мекенжайы r.dosmagambetov@zhalmaslihat.gov.kz  

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы