Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ауруханасының 2021 жылдың 6 айы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда 33172 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 35126 халық болса, оның РПН бағдарламасына тіркелгені-33 705, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10864, жасөспірімдер - 1649, ересектер саны - 21192.

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2021 жылдың 6 айы бойынша – 90 243,  1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 2,6 (2020 жылдың                   6 айы – 47 926 – 1,4) құрады. Оның ішінде екпе алуға келгендер саны- 10 337 – 11,4%, ауруы бойынша келгендер саны 2021 жылы – 35 374 – 39,1%, (2020 жыл – 18 273 – 38,1%).  Алдын ала тексерілу- 54 869 болып 60,8%-ды құрады (2020 жылы 29 653 – 61,8%) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде. Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен  салыстырғанда жоғары. Үйде қаралу 2021 жылдың 6 айы бойынша -11 767  құрап (2020 жылдың 6 айы – 12 613), өткен жылмен салыстырғанда – 5,9 пайызға жоғарылады. Сонымен қатар жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2021 жылы 38 046 болып 42,1% құрады (2020 жылы – 14 757 - 30,7%).  Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 52 197 болып 57,8%-ды құрап отыр. (2020 жылы 33 169 – 69,2%).

2021 жылдың 6 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –5882 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 17451,4. (2020 жылдың 6 айында – алғаш тіркелген аурушаңдық 5213, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш-15682,4 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші 11,3%  жоғарылаған. Атап айтқанда, 2021 жылдың 6 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:

  • І орында тыныс алу жүйесінің аурулары 913 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 1,0% жоғарылаған.
  • ІІ орында көз аурулары 571 жағдай тіркеліп былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3,8%  жағдайға көбейген.
  • ІІІ орында құлақ аурулары 523 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 7,0%   өсіп отыр.

Медициналық қызметтің нәтижесін демографиялық көрсеткіштер арқылы бағалауға болады

2021 жылдың 6 айында  аудан бойынша 450 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 13,2 промильді құрады (2020 жылы 417 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 12,5 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 7,3% төмендеп отыр. Сәби өлімі 2021 жылы 4 жағдай тіркеліп 8,8 промиль құрады, (2020 жылы 4 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 9,5 құраған). 2021 жылы аудан бойынша 109  өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 3,1 құрап отыр.  (2020 жылы 86 жағдай – 2,5), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 21,1%-ға көбейіп отыр.

Туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстар

Ауданда науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында  2021 жылдың 6 айында амбулаторлы ем қабылдап  жүрген емнің сүйемелдеу кезеңіндегі  44    науқасқа ай сайын  29 170 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.

2021 жылдың 6 айында 8 науқас (2020 жылдың 6 айында 12 науқас) жаңа жағдаймен тіркелді.

Барлық есепке алынған 8 науқастың  қарым-қатынастағылары толықтай тексеруден өткізілді.

Аудан бойынша  2021 жылдың 6 айында туберкулез аурушаңдығымен       1жасөспірім тіркелген .  (2020 жылы 6  айда 2 бала, 1 жасөспірім) тіркелді.

Аудан бойынша есепті мерзімде туберкулезден қайтыс болған науқастар жоқ.

Суицид

Суицидтың  алдын алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып, тексерулерден өткізілді. Жалағаш аудандық ауруханасында 4 психолог, 11 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. Тәуекел топтағы пациенттерге психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар(кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілді.  Күйзелістің  алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық –ағарту жұмыстары күшейтілді. 2021 жылдың 6 айында психолог мамандар тарапынан суицидтің алдын алу мақсатында халық арасында барлығы 10 семинар ұйымдастырылып, 150тұрғын қамтылды, сонымен қатар 10 тренинг өткізіліп, 158 тұрғын қамтылды және 44 адамның қатысуымен 2 спорттық шара өткізілді. 2021 жылдың 6 айында өз-өзіне қол жұмсау әркетімен  барлығы -  4 жағдай тіркелген,   аяқталған жағдай-2. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы тіркелген жоқ.

Жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізуге арналған Жол картасы

Жарақаттану кезеңіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізуге арналған Жол картасы бойынша тиісті шаралар атқарылды. Аудандық аурухананың хирургия бөлімінде 5 травмотологиялық төсек орын жұмыс жасайды. Жарақаттану кезінде жедел көмек көрсету мақсатында 3 дәрігер, 2 орта буын медицина қызметкерлері оқытылды.

Есептік мерзімде барлық жарақат алу бойынша қабылдау бөліміне келген науқастар саны – 307(2020ж 6ай-341), оның ішінде жарақатпен ауруханаға жатқызылғандар саны 134 облыстық медицина орталығына ауыстырылғаны  -7. Жол-көлік  оқиғасы -8 жағдай, барлық жол көлік аппатынан зардап шеккендер саны-11. Жол көлік оқиғасымен ауруханаға жатқызылғандар -10. Жол-көлік апатынан, қосарланған ауыр жарақатпен ауруханада қайтыс болғандар 2021 жылдың 6 айында тіркелмеген.

Короновирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Бүгінгі күнге дейін 18-69 жас аралығында (Бекітілген Халық Тіркелімі бойынша)-19 799 адам болса,оның ішінде вакцина алуға жататындар-16 394 адам, осы уақытқа дейін вакцина алғаны (23.07.2021ж)-11 745.Вакцинамен қамту- 71,6%-ды құрап отыр.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер

Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды  технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді  жоспармен жұмыс жасау;

Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;

Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;

Цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпараттандыру жүйесіне енгізу арқылы қағазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру;

МӘМС  жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру;

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы