
Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 850 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда. (472 трактор, 104 соқа, 37 тұқым сепкіш, 73 жүк автомашинасы, 164 трактор тіркемесі )
Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңалау жұмыстарын басты назарда ұстауда. Биылғы жылы шаруашылық құрылымдары тарапынан 261,7 млн теңгеге 18 дана ауылшаруашылығы техникалары сатыл алынды.
2019-2020 жылдары жалпы құны 5,71 млрд теңгені құрайтын 130 дана заманауи ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Сатып алынған техникалар уақытылы статистика басқармасына тіркелуде.
Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 2732,7 тонна (наурыз 1633,0 тн, мамыр 1099,7 тн) арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі егісті орналастыру және дала жұмыстарын жүргізуге қажетті оператор таңдау жөнінде хабарландыру жұмыстары жүргізілді. Шаруашылық басшыларының жеке ұсыныстарына сәйкес «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС-нен 25 шаруашылық алуға өтінім білдірсе, «РК-Мұнай» ЖШС-нен 116 шаруашылық алуға өтінім білдірді және 49 шаруашылық өзге көздерден алады. Дизель жанармайының 1 литрі 164 теңгеден жеткізіліп берілді. /2020 жылы 1 литрі 165 теңгеден жеткізіліп берілді/
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде барлығы 37 349 бас мүйізді ірі қара, 52 286 бас уақ мал, 14 899 жылқы, 658 бас түйе, 293 бас шошқа, 9458 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 101,1 %, жылқы 102,9 %, түйе 122,8 %, уақ мал 101,0 % , құс 108,1 % орындалды.
2021 жылдың 1 мамырына барлығы 1029 тн (тірілей салмақта) ет, 2503,4 тн сүт, 71,9 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,6 пайызға, сүт 101,9 пайызға, жұмыртқа 103,6 пайызға орындалды.
Бір сиырдан сауылған сүт өткен жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға, бір мекиеннен алынған жұмыртқа 4 пайызға артты.
Аудан бойынша 116 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 106 шаруашылық айналысады.
«Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2021 жыл аралығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы барлығы 812,0 млн тенге несие алынды. Оның ішінде мүйізді ірі қара алуға 569 млн, жылқы алуға 123 млн, қой малына 120 млн тенге. Алынған несиеге барлығы 3225 бас мүйізді ірі қара мен 463 бас жылқы, 3174 бас қой малы сатып алынды.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының үлес салмағы 2,0 пайызға, жылқы 3,0 пайызға, қой 12 пайызға жетті.
2021 жылы индикативтік жоспарға сәйкес 125 бас мүйізді ірі қара малын және 3750 бас қой малын сатып алу, 981 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 6333 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспарланды.
Осы көрсеткіштерді орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.
Аққұм ауылынан «Бақдаулет-57» ФҚ 100 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды МІҚ аналығын шет елден сатып алуды, Еңбек ауылынан «Боранбай» ШҚ 38 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырының қашарларын Арал ауданы Бекбауыл ауыл округіндегі «Ықылас» шаруашылығынан сатып алуды жоспарлап отыр.
Аудан бойынша жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасымен айналысып отырған 22 шаруашылық 58 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Ауданда іске асырылған жобалар туралы
Қазіргі таңда аудан бойынша 11 жоба іске асырылып жұмыс жасауда. Күріш ақтау бойынша 2020 жылы «Бақдаулет-57» ФҚ, «Қарабура Ата» ФҚ, «Исаханов Ғазиз» ЖК, «Бірлік-Агро» ЖК іске қосылды.
2018 жылы «Құрманбай Ата» ШҚ 6 га, 2019 жылы «Манақ баба» ШҚ 7 га, 2020 жылы «Мәдениет» ШҚ 2 гектар жерге алма орналастырып бүгінгі күнге өнім алуда. Аққыр ауылдық океругінен «Болтаев Н» ЖК 6 гектарға алма орналастыруды жоспарлады. 2019 жылы 2 гектарға барлығы 2025 түп орналастырды, қалған 4 гектарды 2022 жылы (карантинге байланысты) орналастыруды жоспарлап отыр.
Жылыжай кешені бойынша: Еңбек ауылдық округінен «Диас» ЖК 2019 жылы 0,15 гектарге жерге жылыжай орналастырып жыл сайын 1,0-1,5 тонна, Агроколледж жанынан 0,035 гектар жылыжай кешені жыл сайын 1,0-1,2 тонна өнім жинауда. «Жусупов» ЖК 0,020 гектарға орныластырылған жыл сайын 70000 түп гүл, қызынақ көшеттерін егуде.
«Толғанай» ЖК Теплица 0,028 га және жанынан МІҚ бордақылау алаңы құрылысы салынды. 2020 жылы іске қосылды.Қызылорда өңірлік инвестиция орталығынан «Микробизнес Кызылорда бағдарламасы» бойынша 10,0 млн, «Агронесие корпорациясы» АҚ–нан «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» бойынша 15,0 млн тенге несие алып, алынған несиеге мал сатып алды. Бүгінгі күнге қаржы тапшылығына байланысты теплица және малдарды бордақылау алаңының жұмысы тоқтап тұр.
Алдағы жылдары іске асырылатын жобалар
«Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңі (ИДЖЖЖ-2) туралы
«Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңіне (ИДЖЖЖ-2) аудан бойынша жалпы көлемі 15123 гектарды құрайтын инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлер енгізілді. Атап айтқанда Аққұм ауылдық округінен 3555 гектар, Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5451 гектар, Таң ауылдық округінен 3094 гектар және Мәдениет ауылдық округінен 3023 гектар.
2019 жылдың маусым айында жобаны іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Мелиоратор» ЖШС жеңімпаз атанды. Жобалық сметалық құжаттарына сәйкес жобаның құны 12,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі 2019 жылдың 01 шілдесімен 2021 жылдың 01 қазан аралығы.
Жобаға сәйкес тазаланатын каналдардың жалпы ұзақтығы 829,6 км, барлық қашыртқылардың ұзындығы 924,35 км,бас су құрылыстары 810 дана, су тоспа құрылыстары 321 дана, труб. переезд 46 дана, чектік ғимараттар 6124 дана, коммерциялық гидропосттар құрылысы 43 дана, канал астындағы құбырларды салу және жөндеу 7 дана, бақылау скважиналарын бұрғылау 151 дана жұмыстар атқарылуы тиіс.
«Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасы 2-кезеңінің жұмыстары 2019 жылдың шілде айында басталып, 837,0 млн теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды.
2020 жылы «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңі бойынша 2,267 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы жобаға сәйкес 6322,2 млрд теңге қаржыға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңіне енген 28 ауыспалы егіс жүйесінде 107 құрылым егін шаруашылығымен айналысуда.
Азық-түлік туралы
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында алыпсатарлықтың өсуіне жол берілмеу жұмыстарына бақылау жүргізіліп келеді. 2021 жылдың 27 қаңтар айында облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандағы барлық сауда орындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Аудандағы барлық ірі сауда орындарының басшыларымен аудан әкімі азық-түлік бағаларының өспеуіне және бағаны тұрақты түрде ұстап отыру жөнінде кәсіпкерлермен жиын өткізіп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар өзара ынтымақтастық турала меморандумға аудан әкімінің орынбасары және өнім өндіруші «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС, «Бақдәулет-57» ШҚ арасында 3 ай мерзімінде өндірілген өнім бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында және аудан тұрғындарын өніммен қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойылды.
Аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Тұрмағанбетұлы аудандағы 7 ірі сауда орынның иелерімен (Ақниет-1, Ақниет-2, Бибігүл Ана, Алихан, Ақерке, Нүрбек, Руслан) азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және аудан тұрғындарын тұрақты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін меморандумға қол қойды. Осы мақсатта аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесіп жұмыстар жүргізіліп келеді. 2021 жылдың 09 мамыр айынан 09 маусым аралығындағы азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдері ішінде 8 өнімнің бағасы көтеріліп отыр (ақ күріш, рожки, күнбағыс майы, сәбіз, картоп, қант, қырыққабат), 8 өнімнің бағасы тұрақты (ұн, қарақұмық, нан, құс еті, сиыр еті, сүт, ірімшік, сары май), 3 өнімнің бағасы арзандап отыр (айран, жұмыртқа, тұз).
Қазіргі таңда ауданда 556,9 тонна азық-түлік өнімінің қоры бар. Оның ішінде ұн-186 тн, күріш-139 тн, макарон-60 тн, картоп-30 тн, қант-23 тн, жуа-11,7 тн, күнбағыс майы-8,7 тн, қырыққабат-8,2 тн, тұз-6,7 тн, құс еті-4,8 тн, азықтық бидай-3,4тн, қияр-2,7 тн.
Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы
2021 жылға Республикалық бюджеттен дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша жас мамандарға тұрғын үй алуға 306 285,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бекітіліген маман саны 70. Қазіргі таңда сәуір айынан бастап 45 маманға тұрғын үй несиесі берілді. Қалған 25 маманның құжаттары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін толық төленіп болады.
2021 жылдың ақпан айында 7 сала бойынша 61 маманға 17 494 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.