Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың ІІ тоқсанына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы анықтама

Жалағаш ауданы әкімінің аппаратына 2021 жылдың ІІ  тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге талдау жүргізілді.

Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша

2021 жылдың ІІ тоқсанында жеке тұлғалардан барлығы 167 өтініш түсіп, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 43-ге көбейген. (2021 ж. ІІ тоқсанында-124).

Жоғары органдар немесе басқа органдар арқылы келіп түскен өтініштер.

Оның ішінде:

  1. ҚР Президент Әкімшілігінен - 1
  2. Облыс әкімінің аппаратынан                                               - 22
  3. Облыстық басқармалардан          - 3
  4. Облыстық «Нұр Отан» - 1
  5. Жалағаш аудандық прокуратурадан          - 7

Салалар бойынша түскен өтініштер :

  1. Жер          - 75
  2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру - 24
  3. Тұрғын үй және коммуналдық

шаруашылық                                                                      - 40

  1. Мәдениет                                                                   - 5
  2. Білім беру - 3
  3. Ауылшаруашылық          - 7
  4. Кәсіпкерлік мәселесі - 2
  5. Денсаулық - 1
  6. Басқа да мәселелер          - 10   

Жалпы аудан әкімінің аппаратына келіп түскен өтініштердің тіркелу, қаралу және өтініш иесіне жолданатын жауаптардың мерзімдері сақталуда.

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

Заңды тұлғалардан 2021 жылдың ІІ тоқсанында аудан әкімінің аппаратына барлығы  44 өтініш келіп түсті, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8-ге көбейген. (2021 ж. ІІ тоқсанында-36.).

Өтініштер салалар бойынша көрсеткіші: Жер мәселелері -19, білім беру-9, ауыл шаруашылығы-1 және т.б. мәселелер-(15).

Жеке қабылдау бойынша

Аудан әкімінің аппаратында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

2021 жылдың ІІ тоқсанында аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысымен барлығы 155 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 107-і аудан әкімінің қабылдауында және міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары  48 адам қабылдады.

Қабылдау кестесі қолжетімді жерге ілініп, тоқсан сайын бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланып отырылады.

Қабылдау барысында азаматтарға толық ақпарат және заңға сәйкес түсініктеме беріледі.

Қабылдауға жазылатын азаматтардың жиі көтеретін мәселелері- жұмысқа орналастыру, материалдық көмек көрсету, тұрғын үй мәселелері.

Аудан тұрғындары әлеуметтік желі арқылы аудан әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға сауал жолдай алады. Аудан әкімінің баспасөз қызметі  «Фейсбук», «WhatsApp» әлеуметтік желісінен парақшалар ашылды. Тұрғындар тарапынан түсетін пікірлер мен сұрақтар толықтай бақылауға алынып, олардың тиімді шешілуі жолға қойылған.

Азаматтарды қабылдау жұмысын қашықтан ұйымдастыру, яғни онлайн-қабылдау жүргізу қолға алынды. Аудан әкімдігінің ресми сайтында өтініштерді қабылдау және жеке қабылдауға жазылу парақшалары ашылып, азаматтар арасында қауіпсіздік шараларын жүргізе отырып, онлайн-қабылдаудың бірыңғай күндері белгіленген.

Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының онлайн-қабылдау кестесі Жалағаш ауданының интернет ресурстардың бірыңғай порталында жарияланған.

Аудан әкімінің және орынбасарлардың қабылдауында болған

кент, ауылдар тұрғындарының жеке қабылдауы бойынша

салыстырмалы көрсеткіші

№

Кент, ауылдар тұрғындарынан

2020 жылдың

ІІ тоқсаны

2021 жылдың

ІІ тоқсаны

Салыстырмалы көрсеткіші

1

Жалағаш кенті

49

93

+44

2

Ақсу ауылы

4

3

-1

3

Мәдениет ауылы

5

2

-3

4

Бұқарбай батыр ауылы

3

3

-

5

Аққұм ауылы

5

2

-3

6

Аламесек ауылы

1

6

+5

7

Еңбек

1

6

+5

8

Мақпалкөл ауылы

5

6

+1

9

Жаңадария ауылы

2

6

+4

10

Аққыр ауылы

1

4

+3

11

Таң ауылы

2

3

+1

12

Қаракеткен ауылы

1

4

+3

13

Жаңаталап ауылы

1

3

+2

14

Мырзабай ахун ауылы

1

7

+6

15

М.Шаменов

1

4

+3

 

Басқа аумақтан

1

3

+2

 

Барлығы

83

155

-72

Дата публикации
14 июля 2021
Дата обновления
14 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы