
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Жалағаш ауданында профилактикалық жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстарды халық арасында кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Жалағаш жаршысы» аудандық газет бетіне, «Facebook» әлеуметтік желісінің «Жалағаш ауданының әкімдігі» атты парақшасында және әкімдіктің ресми сайтына жарияланды.
Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер тоқсан сайын енгізіліп келеді.
Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2021 жылдың 6 айында 2 рет (2020 жылы – 4) комиссия отырыстары өткізілді. Аталған комиссияның отырыстарында аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен құқық қорғау органдары басшыларының атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.
Бұл ретте, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпе хаттар берілді.
Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видеоролик аудан әкімдігінің фейсбук парақшасына жарияланды.
Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихаттық брошюралар ілінді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп кент, ауылдық округтер мен жергілікті атқарушы органдарда түрлі форматтағы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Жалағаш кентінде, ауылдық округтерде және Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орнатылды (кент, ауылдық округтерде-14 билборд, 4-кернеу, барлығы - 18).
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым мүшелерінен тұратын Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, сол уақыттан бері өз жұмысын жүргізуде.
Атап айтқанда, мониторингтік топ мүшелері аудан мекемелерінде ұжымдармен кездесіп, семинар-кеңестер өткізуде. Сонымен қатар, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмысшылармен кездесіп, еңбек қатынастарындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарына ішкі талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Аудан әкімі және кент, ауылдық округі әкімі аппараттары мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім қызметкерлері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жеке табысы туралы декларациялар уақтылы тапсырып отыр.
Есепті мерзімде, заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері жөніндегі арыз-шағымдар түскен жоқ.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшіктер орнатылған.
Аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланды.
Қоғаммен ашық байланыс орнатуға бағыттау мақсатында Аудан көлемінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Халықтық заңгер» акциясы өткізілуде және де барлық кент, ауылдық округтерде «адалдық бұрышы» жұмыс жасауда.
«Достық мекені» қоғамдық бірлестігімен барлық мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрекетіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар, өтініштер) қабылданатын жәшік, Жалағаш аудандық ауруханасына, «Қазпошта» АҚ Жалағаш аудандық торабына, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне орнатылды. Әдістемелік нұсқаулықтар, заңнамалар жиынтығы және құзыретті органдардың сенім телефондары көрсетілген жадынамалар таратылды. Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Таза ауыл», «Жасыл көше», «Үздік аула» атты байқауы өткізілді. Жоба аясында 4 акция, 1 қоғамдық қабылдау, 1 байқау іс-шаралары өткізілді. Аталған жоба осы жылдың аяғына дейін жалғасын табады.
2021 жылдың 6 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жоқ.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.