
2021 жылға аудан бюджетінен 1350982,1 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 651074,1 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 699908,0 мың теңге қаржы қаралды. 2021 жылдың 1 шілдесіне қаралғаны 391183,3 мың теңге, игерілгені 391122,6 мың теңге немесе 99,98%.
2021 жылдың 31 маусымына 1500 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласты, о.і. 1095 адам немесе 73,0%-ы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (әлеуметтік жұмыс орны-61, жастар практикасы-206, қоғамдық жұмыс-664, мемлекеттік грант-45, шағын несие-36, ұрпақтар келісімі-2, алғашқы жұмыс орны-1 ).
Бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында қажетті кәсіптер бойынша жаппай оқытуды көздейді.
Біріншіден, техникалық кәсіптік оқытуға жоспарланғаны-50 адам. Жұмысшы органы-аудандық білім бөлімі.
Екіншіден, қысқа мерзімді оқуға жоспарланғаны-60 адам. Қаралған қаржы-14,2 млн. теңге.
Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Бүгінгі күнге 36 адамға 146,7 млн. теңге шағын несие берілді, жоспарлық көрсеткіш 35,6 %-ға орындалды (жоспар-101 жоба), оның ішінде Start-up жобаларын қолдауға 17 және жеке істі кеңейтуге 19 шағын несие бөлінді. Жалпы микрокредит алушылар қосымша 18 жұмыс орнын ашты.
Шағын несиенің 33-і мал шаруашылығы, 3-уі жүк тасымалдау бағыты бойынша берілді.
Бастау-Бизнес жобасы бойынша
2021 жылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқытумен 120 адам жоспарланды. Есепті мерзімге 80 адам (66,7%) онлайн оқытуға жолданды, оның ішінде 52 адам оқытуды аяқтап, 20-сы (38,5%) қаржылай қолдау тапты, 1 адам (Таң ауылынан) оқытудан шығарылды.
Мемлекеттік грант бойынша
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 120 адамға (583 мың теңгеден) мемлекеттік гранттар беру жоспарланды. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі күнге 45 үміткердің жобасы 26,3 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мемлекеттік гранттың 41-і мал шаруашылығы, 1-уі дәнекерлеу ісі, 2-уі шағын тігін шеберханасы және 1-уі тамақ өнеркәсібі бағыттары бойынша берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Бұл бағытта 432,4 млн. теңге қаржы қаралып, 732 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Қазіргі таңда 934 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 127,6%-ға орындалды. Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адамға 15,3 млн. теңге қаралды. Есепті мерзімге 61 адам (203,3%) жұмысқа жіберіліп, 6,0 млн. теңге қаржы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарын 15 адам аяқтады, оның 9-ы (60,0%) тұрақты жұмысқа орналасты;
- жастар тәжірибесі: жоспар-301 адам, қаржы РБ 120,8 млн. теңге (276 адам), ОБ 10,9 млн. теңге (25 адам), жалпы-131,7 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге барлығы 206 жас маман (68,4%) жіберіліп, 30,4 млн. теңге қаржы төленді. Жастар тәжірибесін 164 адам аяқтап, 36 адам (22,0%) тұрақты жұмысқа орналасты, о.і. 2021 жылы жолданған 48 адамның 6-ы аяқтады (1 адам әскер, 3 адам декреттік демалысқа шығуына байланысты босатылды);
-қоғамдық жұмыстарға 390 адамға 280,8 млн. теңге қаралды. Есепті мерзімге 664 адам (170,3%) жіберіліп 115,6 млн. теңге қаржы жұмсалды. Қоғамдық жұмыстарды 100 адам аяқтап, 26 адам (26,0%) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 800 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, бүгінгі күнге 320 адам (40,0%) жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда.
Бұл бағытта облыстық бюджеттен АЖО жобасы бойынша 6 адамға 2800,3 мың теңге, ҰК бойынша 5 адамға 1750,2 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге АЖО-на1 адам, ҰК-не 2 адам жолданып, 118,0 мың теңге қаржы жұмсалды.