
Атаулы әлеуметтік көмек: 2021 жылдың 2 тоқсанына 302 отбасының 1732 мүшесіне 55591,9 мың теңге тағайындалып, 301 отбасының 1626 мүшесіне 45223,2 мың теңге төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша 2 тоқсанға АӘК алатын отбасының 1-3 жасқа дейінгі 130 баласына, 3-6 жас аралығындағы 164 баласына азық-түлік жиынтығы берілді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге жергілікті бюджеттен 5027,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 29 отбасының 73 мүшесіне 745,2 мың теңге тағайындалып төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:
2021 жылдың 6 айына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 239 адамға 25010,4 мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді.
Жұмыссыздық деңгейі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы
2021 жылы 1342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 1649 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 715-і тұрақты). Оның ішінде: Ауылшаруашылық саласы- 446, экономикалық қызметтің басқа салаларында-219, көтерме және бөлшек сауда -20, көлік және қоймалау -21, өнеркәсіп-8,құрылыс-1, уақытша және маусымдық жұмыстар – 934.
МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2021 жылдың 1 шілдесіне 944 мүгедек тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-205.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 254 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 152-і немесе 59,8 % орындалды. 2020 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 776-ы орындалды.
2021 жылдың 1 шілдесіне 410 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 25 мүгедек таяқпен, 1 мүгедек балдақпен, 3 мүгедек жетек арбамен, 27 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 15 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 21 мүгедек кресло арбамен, протездік ортопедиялық құралдармен 3 мүгедек қамтамасыз етілді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы жүргізілуде. Есту кемістігі бар 4 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 97 мүгедекке 97 жеке көмекші қызмет көрсетуде.
«Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2021 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 3086,0 мың теңге қаржы қаралған. 2021 жылдың 1 шілдесіне 70 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланды. Игерілген қаржы 1432,3 мың теңге.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2021 жылдың 1шілдесіне 10 адам жолдамамен жіберілді. 9-ы да мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 1-уі зейнеткер.
2021 жылдың 1 шілдесіне мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 4324,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 58 мүгедек баланың ата-анасына 2400,4 мың теңге қаржы төленді.
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 9-ы «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры арқылы жартылай стационар жағдайда қызмет алуда.
Аудан бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне 83 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 56 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2021 жылғы 2 тоқсанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 3584. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің 6 түрі бойынша 887 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде: 434-і бала тууды тіркеу, 95-і қайтыс болуды тіркеу, 124-і неке қиюды тіркеу, 4-уі некені бұзу, 6-уы тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, 223-і қайталама куәлік беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.