
Ауданда 36 (28 балабақша, 8 шағын орталық) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. 2242 бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 64,2% жекеменшік секторда.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы қамтылған.
Балабақшада берілетін тәрбие мен білімнің сапасын артыру бәсекелестікке түсуде басты фактор- педагог кадрлардың сапасы.
Балабақшалардағы (302 педагогтің) 45 пайызы өз бейініне сәйкес келеді.
Жаңа формат бойынша 29 педагог (9,6%) аттестациядан өткен.
Орта білім беру
Білім алушылар жалпы контингенті- 6 964 оқушыны құрады.
Барлық санитариялық талаптарға сай оқу процесі қашықтық, дәстүрлі форматта өткізілді.
Қашықтан оқитын оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылды.
Мектеп балансындағы компьютерлер оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен 276 планшет сатып алынды. «Демеушілермен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 192 балаға техникалық құралдар берілсе, 20 отбасы (80 балаға) роутер орнатылып берілді.
Үкімет резервы есебінен мектеп теңгеріміне 1452 дана компьютерлік техникалар алынып (планшет-305, ноутбук-912, компьютер-235) аз қамтылған қажет ететін отбасы балаларына берілді.
Мектептерде санитарлық нормаларды сақтау мақсатында дизенфекциялық құралдармен қамтамасыз ету үшін тиісті 2 млн 220 мың теңге қаржы қаралып, заттары алынды (дезинфекциялық туннель, байланыссыз термометр, санитайзер, бактерицидті шамдар, дезинфекциялық ерітінділер, антисептик сұйықтығы).
Мектеп бітірушілердің 321 бітірушінің 295 (91,9%) ҰБТ-ге қатысуға өтініштерін берді. Қазіргі таңда 1 лек бойынша (287 бітіруші) орташа балл 73,1 пайызды құрап отыр.
Анықтама үшін: Ең жоғары балл жинаған оқушы: 118 мектеп (130 балл). Ең төмен балл жинаған оқушы: №202 – 1, №119 – 1, №33 – 2 оқушы (36 балл).
ҚРБҒМ 5 мамыр №203 бұйрығына сәйкес 26 мамыр мен 19 маусым аралығында мектептерде жазғы мектеп жұмыстары ұйымдастырылуда. Басты мақсатымыз - білім беру сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде жіберілген білім беру олқылықтарының орнын толықтыру.
Жазғы мектепті ұйымдастыру барысында жыл бойы қашықтан білім алған оқушыларға, әсіресе 6, 7, 8, 10 сыныптарға бағытталды.
Қазіргі таңда 18 мектепте жазғы мектеп ұйымдастырылуда. Оған 2260 (37,3 пайыз) оқушы қамтылды. 334 педагог тартылды.
Инфрақұрылым бойынша
Биылғы жылы Таң ауылындағы №118, Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Осы орайда, Таң ауылындағы №118 мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті 323 млн 611 мың 979 теңгенің бастапқы 181 млн 131 мың теңгесі бөлінді.
«Ауыл – ел бесігі» жобасымен қосымша білім беру ұйымдары 200 орындық Оқушылар Үйі және 50 орындық Балалар өнер мектебі салынуда. Ағымдағы жылы 1 маусымға пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аудан мектептерінің 75 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Материалдық базасын нығайту бағытында 2020 жылы облыстық бюджеттен 125 млн 53 мың тг қаржыға 4 мектепке «3Д модельдеу» жабдықтары (инновациялық мектептер №201,123,31,32 мектептер) алынды және 10 мектепке (№33,34,38,114,116,117,118,122,124,188 мектептер) 4 химия кабинеті, 6 биология, 5 физика пәндік кабинеттерімен толықтырылды.
12 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасайды.
2020-2021 оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге бөлінді.
Оқушылардың жазғы уақытын тиімді қызықты өткізу бағытында мектеп жанындағы лагерлерге, кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру, облыстан тыс лагерлерге оқушыларды демалдыру жоспарлануда.
Қаржы көзі міндетті оқу қоры, демеушілер, кәсіподақ, ата-аналар есебінен.
Бүгінгі таңда 1-10 кластар аралығында 6662 баланы төмендегіше демалдыру жоспарлануда.
Кент сыртындағы Ақтерек сауықтыру лагеріне 402 бала 7 ауысымда демалдырылады.
Қазіргі таңда санитарлық талапқа сәйкес 1 маусымда 50 бала лагерде демалуда. Санитарлық талаптар сақталған ПЦР тесттері алынған. Жұмыс жасайтын қызметкерлер вакцинациядан өткізілген.
Мектеп жанындағы күндізгі тиынығу лагерінде -1560 бала демалуда.
Кәсіподақ есебінен 91 баланы демалдыру облыс көлемінде облыстан тыс Шымкент, Көкшетау қалаларына.
Демеушілер есебінен-65 баланы қамту
Нұр-Сұлтан қаласына 20 бала
Шымкент қаласына «Таң-Нұры» лагеріне 15 бала
Жаңақорған ауданы «Талдысу» лагеріне 30 бала