
Статистика
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7970 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды.
Қаржыландыру
2021 жылыЖалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14млн280 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 4 млн 250 мың теңгегеаудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 4әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
1) «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі. Жоба соммасы – 980 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;
2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба соммасы – 800 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;
3) «Талантты жастарды таныту және қолдау шараларын ұйымдастыру қызметі».Жоба соммасы – 1 556 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым – «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі;
4) «Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі.(Әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда)
Жастар ресурстық орталығы туралы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда штат саны -7. Директор - 1, бөлім басшысы - 1, аға кеңесші -1, кеңесші-4.
Аудандық жастар ресурстық орталығы қазіргі таңда мәдениет және өнерді дамыту орталығының ғимаратында орналасқан. Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдан бері ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
2021 жылдың І жартыжылдығына аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бекітілген жылдық жоспарға сәйкес 2 ретаудан әкімінің төрағалығымен өтті. Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, баяндамалар жасалды. хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
2021 жылдың І жартыжылдығына жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 84 шара өткізіліп, оған 1891 жас қатыстырылған.
Аудандық жастар ресурстық орталығы карантин режиміне байланысты іс-шараларды онлайн форматта өткізуді қолға алған болатын. Әлеуметтік желілер арқылы жастарды еңбекке баулу, тазалық сақтауға шақыру, бұқаралық спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттау секілді іс-шараларды онлайн форматта өткізіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды тұрақты жүргізуде.
Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар
2021 жылдың І жартыжылдығына ауданда 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды,жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0пайызды құрады.
Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретіндехабарласқан 382 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Атап айтқанда:
Аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрғандар саны 11.Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасы 9, шартты жазаға сотталғандар 2. Барлығы есепке алынғандардын 5 жас кент орталығында, 6 жас ауылдық округтерден. Жазасын өтеп келген 4 жас тұрақты жұмыспен қамтылса, 3 жас өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2 жас жұмыссыз, 1 жас мемлекеттік грант алып өз кәсібін ашқан, 1 жасқа іздеу жұмыстары жарияланған.
«Дипломмен-ауылға!» жобасы бойынша
2021 жылдың І жартыжылдығына республикалық бюджеттен тұрғын үй несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау шарасына 70маманға306 млн 285 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 63 маман тұрғын үй несиесімен қамтылды(жалпы сомасы 281 млн 537 мың 500 теңге). Тұрғын үй алу үшін несие соммасы 4 млн 375 мың 500 тг құрайды. (2020 жылы 4 млн 167 мың тг құраған)
Көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасына 61 маман17млн 793 мың 700теңге қаржымен қамтылды. Көтерме жәрдемақының жалпы соммасы 291 мың 700 тг құрайды. (2020 жылы 264 мың100 тг құраған).
«Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша
«Жасыл ел» еңбек жасағы Жалағаш ауданы бойынша2021 жылдың маусым айында өз жұмысын бастады. Аудан бойынша 110 квота беріліп, маусым айында 40 жас жұмыспен қамтылды. Шілде айына 41 жас қамтылды. Тамыз айына 29 жасты қамту жоспарлануда. Аталған жастар ауданымыздың көркейту-көгалдандыру жұмысын қарқынды жүргізуде.
Жастар арасында денсаулық сақтау
Ауданда барлығы 14 – 29 жас аралығындағы 7592 жас емханаға келіп тіркелген. Қаралғандардан алғаш рет 600 жастанаурушаңдық белгілері анықталған. Ең жиі кездесетін тыныс жолдарының және көз аурулары. Диспансерлік есепте 956 жас бақыланады.Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі – 123 жас тіркелген.Өлім-жітім бойынша 2 жас тіркелген. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша аяқталмаған-1, аяқталған фактілер тіркелген жоқ.
Аудан бойынша емханаға қарасты 1 жастар денсаулық орталығы жұмыс жасайды. Орталық арқылы 2775 жас кеңес алушы ретінде тіркеліп, 57 іс-шара өткізілген.
Сонымен қатар психолог кеңесіне жүгінушілер саны 134, атқарылған іс-шаралар саны 31, қатысушылар 359-ды құрайды.Қызыл желі арқылы хабарласып кеңес алғандар саны 83.
Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі
2021 жылдың І жартыжылдығына 14-29 жас аралығындағы жастармен жасалған 8 қылмыс тіркелген.
Пробация қызметінің есебінде тұратын 18-29 жас аралығындағы жастар саны- 11.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен аудан көлемінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, ІІМ-нің және ОПД-нің бұйрықтарымен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуда, қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда профилактикалық жұмыстар тұрақты жүзеге асырылуда.
Жастар арасындағы діни ахуал
Аудан жастары арасында жергілікті мешіттерге баратын радикалды ағым жетегінде жүрген жастар жоқ. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы Жалағаш кентінде тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстірлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатындағы акцияларды тұрақты түрде өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр.
Карантин уақытында әлеуметтік желілер арқылы жат ағымнан сақ болуға шақыратын видеороликтер жарияланып келеді. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудан жастары арасында тұрақты түрде сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысы негізінде жастар арасындағы діни ахуалдың деңгейі анықталып отырады.
Жастардың спортпен шұғылдануы және бос уақытынтиімді ұйымдастыру
Аудан бойынша 143 спорт нысандары тұрақты жұмыс жасайды. (1 стадион, 1 ипподром, 9 ату тирі,1 спорттық ядро, 62 алаңдар, 25 жасанды жамылғысы бар алаңдар, 7 спорттық алаңдары, 10 жабдықталған спорт залы, 27 спорт залы).
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубындағы 8 үйірмеге 520 бала қамтылған.
Спорт клубының Жалағаш кенті және 14 ауылдық округінде 18 спорт нұсқаушылары қызмет етеді. Олардың спорттық-сауықтыру топтарына 3240 спортшы (әуесқойлар) қамтылған.
2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша аудан cпортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 1алтын, 2 күміс, 1қоламедалға қол жеткізді. Күнтізбелік жоспар бойынша ауданда 77 аудандық, 8 облыстық, 2 республикалық жарыстар өткізу жоспарланған.
Карантин режиме байланысты жоспарланған кейбір жарыстар кейінге қалдырылды.
Бүгінгі таңда ауданның 10631тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып, бұл көрсеткіш жалпы тұрғындардың 30,2пайызын құрап отыр.
Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына және «23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесі қарсаңында қазақ күресінен жас мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала қызметкерлері арасында қазақша күрестен сайыс өткізілді.Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген жарысқа кент және ауылдық округтерден 40-қа жуық мемлекеттік қызметкерлер, аудан жастары, түрлі сала қызметкерлері 75 келіге дейінгі және 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бағын сынады.
2021 жылдың І жартыжылдығына аудандық спорт бөлімі 334 іс шара өткізді. Оған 6229 спортшы мен 8215 көрермен қамтылды.
Жастардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру
Аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет Үйі, 9 ауылдық клуб, 18 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану музейі, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 6коворкинг орталығы, барлығы 42 мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсетеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан «Шабыт-Арт» студиясы ашылып, қазіргі таңда белсенді жұмыс жасауда. Студия ішінде дыбыс жазу, балалар ән-би студиясы және 4 үйірме бар (ән, би, жас ақындар, көркемсөз).
Ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мәдениет үйлері мен клубтарда әр түрлі жанрдағы 80 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 936 жасты құрайды. Үйірме мүшелері мәдени-көпшілік іс-шаралар мен байқауларға үнемі қатысып отырады.
Сондай-ақ, ауданда орналасқан кітапханалар жанынан «Оқитын өлке», «Цифрлы Қазақстан», «Өркениетке бастаған туған өлке»,«Жүрек жылуы»,«Жас қалам»,«Кітапхана: мейірім, ізгілік, парасат» жобалары іске асырылуда.
Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудан орталығында жас өнерпаздардың қатысуымен жанды дауыста концерттік бағдарламалар, караоке ән кештерікарантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілуде.
Бұл шаралардың негізгі мақсаты жастардың бойына ұлттық рух, рухани мәдениет қалыптастыру, жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
2021жылдың І жартыжылдығынааудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жастарға қатысты 25 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook. Vk. Instagram.)141-ге жуық ақпарат және 26-ға жуық бейнероликтер әзірленіп, жарияланған.