
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді. Жоспарда облыстық спорт басқармасының ұсынған рейтингілік жарыстарына сәйкес аудандық жарыстар және мемлекеттік тапсырмаларға байланысты (Елбасының тестілері, бұқаралық спортты көтеру, ұлттық спорттық ойындарын, мүгедектер спортын дамыту) өткізілетін спорттық іс-шаралар көрсетілді. Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарында аудандық Егде жастағы тұрғындар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ішкі істер есебінде тұратын кәмелетке толмаған жасөспірімдер, аудандық ішкі істер бөлімі мен ҚАИ мекемесі, үкіметтік емес ұйымдар: аудан ардагерлері кеңесі, «Нұр Отан», «Отан» ҚБ, әріптес ұйымдар-Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жалағаш ауданындағы бөлімшесімен аудандық комиссариат мекемелері мүддесіне сай спорттық іс-шаралар өткізу қамтылған.
Күнтізбелік жоспарда 2 республикалық, 8 облыстық, 77 аудандық жарыс өткізілу жоспарланған.
2021 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 30 спорттық іс-шаралар оның ішінде 1 республикалық 2 облыстық 27 аудандық жарыстар өткізіліп, оған 6215 адам қатыстырылған.
2020 жылдың статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 150 спорттық нысанда спорттың 26 түрімен 10631 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Яғни бұл көрсеткіш аудан халқының 30,2 пайызын құрап отыр.
Ауданымызда «Президенттік сынамалар» тапсырылып аудан бойынша 10997 адам қамтылды.
Спортшыларымыздың жетістіктері.
Бисембай Әсел 2021 жылдың мамыр айында Алматы қаласында өткен дзюдодан Азия кубогінің иегері, ҚР чемпионы және маусым айында Ташкент қаласында өткен самбодан Азия чемпионы.
Думан Аружан 2021 жылдың мамыр айында Шымкент қаласында өткен белбеу күресінен ҚР чемпионатында қола жүлдегер атанды.
2021 жылдың мамыр айында таеквандодан ҚР V-жастар спорт ойындарында +68 кг салмақта жерлесіміз Жақсылық Нұрай ІІІ орын иеленді.
Абилхасенұлы Шыңғысхан 2021 жылдың 24-26 мамыр күндері дзюдодан Түркістан қаласында өткен унивирсияда ойындарында 73 кг салмақта қола жүлдегер иесі атанды.
Cейтенов Абдулхасан Жанатұлы-2021 жылдың 27-30 сәуір күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында гір көтеру спортынан ересектер арасында өткен Азия чемпионатында 85 кг салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанып, Венгрия мемлекетіне Будапешт қаласында өтетін Әлем бірінішілігіне жолдама алды. Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Наркескен» спорт клубының гір спорты бөлімінің жаттықтырушысы.
Әубәкір Ерасыл Бақтиярұлы- 2021 жылдың 27-30 сәуір күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында гір көтеру спортынан жастар арасында өткен Азия чемпионатында 95 кг салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанып, Венгрия мемлекетіне Будапешт қаласында өтетін Әлем бірінішілігіне жолдама алды. Жаттықтырушысы Сейтенов Абдулхасан.