
САЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9 клуб, 18 кітапхана, тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы, Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.
|
Мәдениет үйлері |
7 |
|
Клубтар |
9 |
|
Кітапханалар |
18 |
|
Мәдениет және өнерді дамыту орталығы |
1 |
|
Музейлер |
2 |
|
Барлығы |
37 |
Сала бойынша 4 халықтық ұжым жұмыс жасайды. (Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанында «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблі, Халық театры, «Арай» мәдени үгіт тобы, Есет батыр ауылдық мәдениет үйі жанында «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамблі).
МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР
Ауданның мәдениет саласы бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанында 394 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 60967 көрермен қамтылған. Оның ішінде онлайн режимінде 230 шара өткізіліп, 43126 қаралым болған.
Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2021 жылдың даталы күндері мен атаулы мерейтойларын атап өту мақсатында салалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары көрнекті ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, ақын, сазгер Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды мәдени-көпшілік шараларды қамтиды.
Атап айтқанда ауданның барлық кітапханаларында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап оқу апталықтары, «Гаухар жырдың дүлділі» атты өлеңдерін мәнерлеп оқу сайыстары, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Аты аңызға айналған-Дина», қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мәңгілік жыр, мәңгілік ғұмыр» атты онлайн виртуалды кітап көрмелері, "Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы" атты поэзия сағаттары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" мәдени - рухани акциясы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Қазақ поэзиясының символы" тақырыбындағы онлайн оқулары, ұйымдастырылып өткізілді.
Сонымен қатар мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Көктем нұры» атты дәстүрлі облыстық оқушылар айтысы ұйымдастырылп өткізілсе, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналағн "Жігер" этно-фольклорлық ансамблі мен "Яксарт" этно-рок тобының және "Алтын-арай" халықтық ән-би ансамблінің есепті концерттері өткізіліп, шығармашылық концертте әншілер тәуелсіздік, туған жер тақырыбындағы әндерді шырқаса, "Алтын-Арай" халық ән-би ансамблі бишілері ұлттық билерді билеп, көрермен ықыласына бөленді.
Биылғы жылдың ауқымды мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кең көлемде атап өту мақсатында бөлім тарапынан арнайы күнтізбелік кесте жасалып, кестеге сәйкес күн сайын Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің сахнасында ауыл көркемөнерпаздарының онлайн концерттері өткізілді. Концертте жергілікті сазгерлердің әндері орындалып, концерттік бағдарламалар толықтай бөлімнің фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері, 1, 2-дәрежелі, Қызыл Жұлдыз және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Мөрәлі Шәменовтің 105 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ерлігі елге мұра, еңбегі ұрпаққа ұлағат» тақырыбында облыстық онлайн жас жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті.
Жыр мүшәйраға Қызылорда қаласы және аудандардан 9 жас ақын қатысып, өнер көрсетіп, Жалағаш ауданының атынан қатысқан 2 өнерпаз жүлделі 2-ші, 3-ші орындарды иеленді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты жобасын іске асыру мен Қорқыт ата мұраларын насихаттау мақсатында 2021 жылы 22 сәуір күні облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен "Қобыздың үні-ғасырлар жыры" атты онлайн облыстық қобызшылар байқауы өткізіліп, аталмыш байқауға облыс бойынша барлығы 13 үміткер қатысып, байқау қорытындысымен бас жүлдені аудан өнерпазы Жансая Тұяқбаева иеленді.
Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы Халық театры ақын, драматург Иран Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?" спектаклін көрермен назарына ұсынса, мәдениет үйі жанындағы "Арай" халықтық мәдени үгіт бригадасының өнерпаздары Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты поэзия кешін өткізіп, аталмыш кеште ақынның өлең шумақтары оқылып фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.
Сонымен бірге Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай мәдениет және өнеді дамыту орталығының өнерпаздары әзірлеген «Жауынгер хаты» бейнеролигі және ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Өлең деген тумайды жайшылықта» атты арнайы дайындалған бейнероликтері бөлімнің фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланды.
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ МЕН КЛУБ КӘСІПОРЫНДАРЫ
Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерімізді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың өнерін шыңдау және насихаттау мақсатында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы мен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйлері жанынан құрылған әр түрлі жанрдағы үйірмелер жұмыс жасап, үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен байқауларға қатыстырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірудің маңыздылығы, шығармашылықтың және қолөнердің бастапқы негіздерін жетілдіру жайында айтылған болатын.
Осыған орай Жалағаш ауданының мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында биылғы жаңадан 8 үйірме ашылып жұмыс жасауда.(Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Саз сырнай» баян үйірмесі, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет Үйінен «Сахна сыры» атты сценаристер үйірмесі және «Ғибрат» жыр-терме үйірмесі, Аққошқар ауылдық мәдениет үйінде «Шебер қол» қолөнер үйірмесі, Аққұм ауылдық клубында «Балдәурен» домбыра үйірмесі, Аққыр ауылдық клубында «Күміс күй» домбыра үйірмесі, Жаңаталап ауылдық клубында «Асыл әжелер» әжелер ансамблі, Мәдениет ауылдық клубында «Балақай» қуыршақ үйірмесі)
Қазіргі таңда мәдениет үйлері мен клубтарда әр түрлі жанрдағы барлығы 88 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 1028-ді құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда үйірмелер саны 9%-ға, қатысушылар саны 8%-ға артқанын көрсетеді (2020 жылы үйірмелер саны 80, қатысушылар саны 936)
|
Үйірмелер саны |
Қатысушылар саны |
||
|
2020 жылдың ІІ тоқсаны |
2021 жылдың ІІ тоқсаны |
2020 жылдың ІІ тоқсаны |
2021 жылдың ІІ тоқсаны |
|
80 |
88 |
936 |
1028 |
Үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен республикалық, облыстық байқау – конкурстарға қатыстырылып жүлделі орындар иеленуде.
Атап айтқанда ауданның мәдениет мекемелері 2021 жылдың 6 айында 22 аудандық байқау өткізіп, 625 өнерпаз қатыстырды. Нәтижесінде аудандық байқаудан бас жүлде – 11, I орын – 18, II орын – 24, III орын – 35;
Облыстық деңгейде өткен 25 байқауға 192 өнерпаз қатысып, Нәтижесінде облыстық байқаудан бас жүлде – 6, I орын – 8, II орын – 9, III орын – 10;
Сонымен қатар республикалық деңгейде өткен 5 байқауға аудан бойынша 5 өнерпаз қатысып 1 - І орын, 2 - ІІІ орындарды иеленсе, халықаралық деңгейдегі 2 байқауға 2 өнерпаз қатысып 2 – І орынды иеленді.
Ауданда республикалық, облыстық деңгейдегі эстрада әншілері мен шығармашылық ұжымдардың еліміздің барлық өңірлеріне гастрольдік сапарларға кедергісіз шығуы жолға қойылған.
Мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізудің тұрғындарға мәдени қызмет көрсету мәселесінің, соның ішінде тиісті мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге, ауыл ұжымдарына мәдени қызмет көрсету бағытында № 1-ші, 2-ші мәдени – демалыс кешен қызметкерлері елді мекен тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп келеді.
1-ші МДК қызмтекерлері Ақсу ауылына қарасты «Ахмет база» елді мекенінде «Ауылым деп ән салам» атты концертімен гастрольдік сапарда болса, 2-ші МДК қызметкерлері Мырзабай ахун ауылында «Ән әлемінде» атты концертімен гастрольдік сапарда болып қайтты.
Есепті мерзімде МДК қызметкерлері 26 мәдени шара өткізіп, оған 813 көрермен қатыстырды.
КІТАПХАНА ІСІ
Ауданда барлығы 18 мемлекеттік кітапхана бар. Оның ішінде 15-і елді мекендерде тұратын оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 2021 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік тапсырыстан 221 дана кітап келіп түсті.
Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 367 827 дана кітапты құрайды, оның 224 507-і қазақ тіліндегі кітаптар.
Негізгі сандық көрсеткіштер
|
№ |
Көрсеткіштер |
2020 жылдың ІІ тоқсанында орындалуы |
2021 жылдың ІІ тоқсанында орындалуы |
|
1 |
Кітап қоры |
367679 |
367827 |
|
2 |
Оқырмандар саны |
9510 |
9523 |
|
3 |
Кітап берілімі |
180935 |
180978 |
Кітапханаларда ақпарттық технологияларды ендіру және дамыту бағытында РАБИС бағдарламасының электронды каталогына барлығы 117 206 дана кітап, 7127 мақала енгізілді.
Санды форматқа көшірілген кітаптар саны - 875 дана, бет саны – 182 523
Сонымен қатар оқырмандарға жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс - шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.
Аудандық кітапхана ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани мәдени - акциясы аясында бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың бейнесін сомдаған көрнекті жазушы, драматург, сценарист Тынымбай Нұрмағанбетовтың "Періштелердің өлімі" романына талдау өткізілсе, Қызылорда облысының ішкі саясат баскармасының Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Әр қазақ оқуы тиіс 30 кітап» қатарына енген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің «Қорқау жұлдыз» романына талдау өткізілді.
"Цифрлы Қазақстан" жобасы аясында, жастардың уақыттарын ұтымды пайдалану мақсатында, аудандық кітапхана қызметкерлері орталық алаңда демалушы аудан тұрғындарына кітап насихаттау жұмысының осы "Мобильді кітапхана" қызметін ұсынды. Бұл интернет желісіне қосыла отырып ұялы телефон арқылы "куэр кодын" басып алып кез келген қажетті кітапты ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік береді.
ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
Ауданда орналасқан 69 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і республикалық маңызы бар, 30-нің жергілікті маңызы бар, 38-і алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген. Осы аталғандардың ішінде республикалық маңызы бар ескерткіш ортағасырлық Жент қаласы.
|
Ескерткіштер саны |
Дәрежесі |
Қорғау тақтасы орнатылғандар саны |
||
|
Республикалық маңызы бар |
Жергілікті маңызы бар |
Алдын ала тізімге енгізілгендер |
||
|
69 |
1 |
30 |
38 |
63 |
Аталған ескерткіштерге қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес төлқұжаттары, есеп карточкалары, қорғау міндеттемелері мен теңгерімге алу бағытындағы құжаттары рәсімделген.
Жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне Жалағаш ауданынан Республикалық маңызы бар Жент қалашығы мен жергілікті маңызы бар Бұқарбай батыр мазары, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне Әбжали ишан, Иманқұл мешіттері, Түмен әулие кесенелері енгізілген.
Республикалық маңызы бар Жент қалашығы және Жетіасар мәдениеті ескерткіштеріне жататын жергілікті маңызы бар Домалақ, Үңгірлі, Қосабалы асарлар ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.
Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Қызылорда облысындағы 150 тарихи–мәдени нысандардың 3D форматындағы интерактивті картасына Жалағаш ауданы бойынша 11 археологиялық, 9 архитектуралық ескерткіш енгізілсе, 14 ескерткішке QR-код орнатылған.
Аудан көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің табиғи ландшафты аймақтарының бұзылуына, заңсыз қазба жұмыстары және өзге де заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында бақылау шараларын күшейту, қолданыстағы заң талаптарының өз деңгейінде орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ, кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан тарих және мәдениет ескерткіштерінің айналасына сенбілік, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр.
Аудан көлеміндегі жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындар туралы тарихи-танымдық материалдар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты насихатталып және аудан мектептерінде тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, күтімге алу және насихаттауға байланысты ашық сабақтар, апталықтар мен түрлі тарихи-танымдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.