
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды
Аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 10 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған сайлауда ауылдық округтер әкімдеріне кандидат болып тіркелді:
Аламесек ауылдық округі бойынша
Қайрақбаев Ардақ Балтабайұлы – 1989 жылы туылған, қазақ, №124 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Есет батыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Аққыр ауылдық округі бойынша
Мәлік Нұржан Дәулетбекұлы – 1993 жылы туылған, қазақ, «Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппараты» КММ бас маманы, Аққыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша
Смайлов Мейірбек Мирамбайұлы – 1991 жылы туылған, қазақ, №33 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Бұқарбай батыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Қаракеткен ауылдық округі бойынша
Мубарак Мақсат Сұлтанмұратұлы – 1985 жылы туылған, қазақ, Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері, Жалағаш кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Оркашбаев Абдол-Рашид Агманович – 1989 жылы туылған, қазақ, «Азаматтарға арналған үкіметтік мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жалағаш аудандық бөлімінің» маманы, Қаракеткен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.