
Баспасөз хабары
2021 жылдың 30 маусымы күні аудандық сайлау комиссиясы «2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу шаралары туралы» семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске ағымдағы сайлау науқанының өткізуді ұйымдастыратын учаскелік сайлау комиссияларының хатшылары мен төрағалары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Алиев хабарлама жасап, алдағы сайлаудағы УСК мүшелерінің міндеттерге тоқталып, сайлау науқаны барысындағы қаржылық шығындардың жұмсалу тәртібі жайлы баяндады. Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы А.Мадиева сайлау учаскелерін дайындау және сайлау құжаттарын жүргізу туралы хабарлама жасады.
Семинарға қатысушылар пікір алысып, сайлау науқанын өткізуге қатысты сұрақтарға жауап алды.