
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 6 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 58 қызмет түрін көрсетеді.
Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылдың 3 айында 2365 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 260 (11%)
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 867 (36,7%)
Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2365 (52,3%)
Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.
Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалып жатыр. Есепті мерзімде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен көрсетілетін 2 қызмет, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 3 мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау шарасы жүргізіліп, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсынымдар енгізілді.
Жауапты мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында көрсетілген іс-тәжірибелік көмек.
Аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімімен Таң, Мәдениет, Ақсу және Жалағаш кенті әкімі аппараттарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібі жөнінде іс-тәжірибелік көмек көрсетілді. Көмек барысында жаңадан қабылданған қызмет қағидасының ерекшеліктері мен «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесімен өтініш қабылдаудың тәртібі түсіндірілді.
«Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы» жалпы саны – 19
Есепті мерзімде «Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы қызмет алынған.
Аудандық жер қатынастары бөлімі және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімідері бір ғимаратта орналасуына байланысты аталған мекемелермен ортақ «Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышымен» қамтылған.
Аудан әкімі аппараты ғимаратының бірінші қабатындағы 3 бөлме «Сервистік әкімдік» жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 5 аудандық бөлімнің мамандары аталған орында халыққа қызмет көрсетуде.
Медиа – жоспардың орындалуы туралы.
Жоспар-кестеге сәйкес ү.ж. ақпан айында аудандық ауыл бөлімімен аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің 20.02.2021 жылғы №14 санында «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметіне мақала жарияланды.