Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 2021 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2383 бірлікті құрады. Оның ішінде, 2185 субъектісі немесе 91,7 пайызы нақты жұмыс жасап отыр. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны-198.

Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 бірлікке, оның ішінде жұмыс жасап тұғандар саны 85 бірлікке артып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 айында мемлекеттік кірістер басқармасына 74 жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркеліп, 81 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2021 жылдың 1 сәуіріне 2 млрд 889,0 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 4,8 есеге жоғары отырдалып отыр.

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2 млрд 400,0 млн теңгені құрап, 6,4 есеге жоғары орындалды. 2021 жылға жоспар 105,0 пайыздан жоғары орындау.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 2021 жылдың 3 айында 536 547,0 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 86,4 пайызға орындалып отыр. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6  пайызға төмен орындалды. Ал, көтерме сауда айналымының көлемі 55 386,0 мың теңгені құрап, 101,8 пайызға орындалды.

Қазіргі таңда көтерме және бөлшек сауда айналымының көлемін көтеру бағытында есептілік тапсырып отырған кәсіпорын басшыларымен жеке-жеке сөйлесіп, уақытылы есептілікті тапсырту жұмыстар жүргізілуде. Ай сайын есептілік тапсырып отырған 28 заңды тұлғанын тізімі алынып, қазіргі таңда нақты сатылған тауарларының көлемі туралы есептілікті (2 сауда есептілігі) статистика басқармасына тапсырту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2021 жылдың 3 айында 1 млрд 307,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,0 пайызды құрап отыр. Яғни, 88,0 пайызға төмен орындалды. 2021 жылдың қорытындысымен негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 8 168,3 млн теңгеге жетізу жоспарлануда.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің өткен жылмен салыстырғанда төмен орындалуының себебі, 2020 жылы «Номад Солар» ЖШС-нің күн электрстанциясы, аудандық аурухана, №34 орта мектеп  және аудан әкімдігінің ғимаратының құрылыстарына жұмсалған қаржы есебі тапсырылған. Ал, биылғы жылы ауданда бұндай ірі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында ағымдағы жылдың басынан 48 жоба 436,2 млн. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде:

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 17 жоба 81,7 млн. теңгеге қаржыландырылып, пайыздық ставкасы бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінде 7 жоба 18,7 млн. теңгеге ішінара кепілдендірілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 14 жоба 55,1 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалың жеке қаражаты есебінен 3 жоба 47,6 млн теңгеге  қаржыландырылды.

«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі арқылы 7 жоба 65,5 млн. теңгеге «Сырдария-1» несие серіктестігі  арқылы 7 жоба 186,3 млн теңгеге қаржыландырылды.

Сонымен қатар, жалпы құны 72,1 млн теңгені құрайтын 12 жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалың несиелендіруге оң қорытынды алып, қазіргі таңда қажетті құжаттары жинақталуда. Сондай ақ, 67 жоба 201,0 млн теңге «Еңбек» бағдарламасы аясында шағын несие алуға құжаттарын әзірлеуде.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-не облыстық бюджеттен шағын және орта бизнесті төмендетілген пайызбен несиелендіруге мақсатында қаржы бөлініп, қазіргі таңда ауданнан құны 159 млн теңгені құрайтын 28 жобаның құжаттарын байқау кеңесінің қарауына ұсыну бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылы ауданнан жеке балабақшалар, ірі көтерме сауда дүкендерін, қыш өндіру зауытын, асфальт-бетон өндіру зауытын, жылыжай кешенін, техникалық қызмет көрсету орталығын және жабық балалар ойын алаңдарын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аталған жобалардың жетекшілерімен бірлесіп, қаржыландыру мәселелерін шешу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
26 апреля 2021
Дата обновления
26 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы