
Білім саласын дамыту бағыттарын айқындайтын 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың бағдарламасына сәйкес жұмыс жасалады. Бұл стратегиялық маңызды құжат саладағы әрбір деңгей бойынша алдағы даму бағыттарымызды айқындайды.
Білім берудің бастапқы сатысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Ауданда 36 (28 балабақша, 8 шағын орталық) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, онда 2210 бала тәрбиеленуде. 28 балабақшаның 10-ы мемлекеттік, 18-і жекеменшік балабақша. Балабақшалардың 64,2% жекеменшік секторда.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы қамтылған. Қазіргі таңда 1-6 жастағы балалардың қамтылуы – 77,5%. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 41% құрап отыр. Алдағы міндет - 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың қамтылуын арттыру.
Балабақшалар механизмі автоматтандырылған, Egov порталы арқылы жүргізілуде. Аталған жүйе балабақша кезегі және жолдама беру қызметінің ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Балабақшада берілетін тәрбие мен білімнің сапасын барынша бәсекелестікке түсіріп, оны дамытудың әдістемесі жаңартылуда.
Бәсекелестікке түсуде басты фактор- педагог кадрдың сапасы.
Балабақшалардағы 307 педагогтің 45 пайызының біліктілігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға сәйкес келеді.
Орта білім беру
Мемлекеттік бағдарламадағы бекітілген индикаторлар мен көрсеткіштердің негізгі бөлігі орта білім деңгейіне тиесілі. Білім алушылар жалпы контингенті- 6980 оқушыны құрайды.
Еліміздегі пандемия кезеңіне байланысты биылғы оқу жылының І оқу тоқсанының оқыту форматы ата-ананың өтінішіне сәйкес 1-4 сыныптағы 2972 оқушы кезекші топтар арқылы білім алуы ұйымдастырылып, 170 сынып комплектісі жасақталды. Кезекші топтарда 2502 оқушы оқытылды.
Тәрбиелік шаралардың барлығы онлайн түрінде жүргізілді. 5-11 сыныптар қашықтан оқыту форматында білім алды (4135 оқушы).
Ауылдарда интернет жылдамдығы төмен және оқушы саны 180-нен аз мектептерде оқу процесі дәстүрлі түрде оқытылды. Атап айтқанда, Далдабай ауылындағы №115 (90 оқушы), Жаңаталап ауылындағы №119 (162 оқушы), Жаңадария ауылындағы №203 (90 оқушы) мектептер санитарлық нормаларды қатаң сақтап, штаттық режимде (343 оқушы) оқытылды.
Оқу жылының ІІ тоқсанында (342 оқушыға) 300 балаға дейін оқушылары бар 5 мектеп (№34, 114, 118, 122, 188 мектептер) жергілікті атқарушы органның және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының шешімі арқылы, санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқыту форматына көшірілді. Барлығы 1449 оқушы.
Сонымен қатар 5-сынып оқушылары ата-аналарының өтінішіне сәйкес кезекші топтар арқылы мектепте білім алды. 300 баладан астам оқушылары бар 12 мектептің 6-11 сыныптағы 2678 оқушысы І - ІІ оқу тоқсанында қашықтықтан оқытылды. Мектептерде санитарлық нормаларды сақтау мақсатында дизенфекциялық құралдармен қамтамасыз ету үшін тиісті 16 млн 250 мың теңге қаржы қаралып, заттары алынды (дезинфекциялық туннель, байланыссыз термометр, санитайзер, бактерицидті шамдар, дезинфекциялық ерітінділер, антисептик сұйықтығы).
Қашықтан оқитын оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, мектеп балансындағы компьютерлер оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен 276 планшет сатып алынды. «Демеушілермен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 192 балаға техникалық құралдар берілсе, 20 отбасы (80 балаға) роутер орнатылып берілді.
Үкімет резервы есебінен мектеп теңгеріміне 1452 дана компьютерлік техникалар алынып (планшет-305, ноутбук-912, компьютер-235) аз қамтылған қажет ететін отбасы балаларына берілді.
2020-2021 оқу жылының IV – тоқсанынан бастап барлық мектептегі оқушылар дәстүрлі және аралас форматта білім алуда. Бүгінгі күні дәстүрлі форматта 3149 оқушы, қашықтықтан 3815 оқушы білім алуда.
Инфрақұрылым бойынша
Аудан мектептерінің 75 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Материалдық базасын нығайту бағытында 2020 жылы облыстық бюджеттен 125 млн 53 мың тг қаржыға 4 мектепке «3Д модельдеу» жабдықтары (инновациялық мектептер №201,123,31,32 мектептер) алынды және 10 мектепке (№33,34,38,114,116,117,118,122,124,188 мектептер) 4 химия кабинеті, 6 биология, 5 физика пәндік кабинеттерімен толықтырылды.
Қазіргі таңда аудан бойынша 12 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасайды.
2020-2021 оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге, 7 мектепке ішкі әжетхана орнатуға 11 млн. 915 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
«Жұмыспен қамту» жол картасы бағдарламасы шеңберінде Мақпалкөл ауылындағы №117 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 219 млн. 93 мың теңге, Аққыр ауылындағы №188 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 229 млн. 909 мың теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында М.Шәменов ауылындағы апатты жағдайдағы №34 орта мектептің жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Оқушылар оқу жылын жаңа ғимаратта бастады.
Биылғы жылы Таң ауылындағы №118, Аламесек ауылындағы №124 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Осы орайда, Таң ауылындағы №118 мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті 323 млн 611 мың 979 теңгенің «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бастапқы 181 млн 131 мың теңгесі бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылдың маусым айынан басталады, ұзақтығы 90 күн.
Дарынды балаларды қолдау шаралары туралы
Қазақстан Респбуликасының Тұңғыш Президенті, Елбасы қорының бастамасымен жас таланттар мен көшбасшыларды ауылдық жердегі дарынды балаларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» жобасы аясында «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының облыстық кезеңіне 16 оқушы қатыстырылып, 4 оқушымыз жеңіске жетіп, мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерге конкурстан тыс қабылданды (№122,123,232,246 мектеп оқушылар).
Жыл басынан аудандық деңгейдегі байқауларға 844 оқушы қатысып 352-сі жүлделі орындарға ие болды. Облыстық деңгейдегі танымдық байқауларға 184 оқушы қатысып, 154-і жүлделі орын иеленсе, республикалық деңгейдегі байқаулардан 13 оқушы жүлделі орындар иеленді.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылы білім саласы үшін маңызды құжат «Педагог мәртебесі» туралы Заңы қабылданды.
Функционалдық міндеттеріне және санаттарына қарай қосымша 30-50% үстемақы төленуде.
Орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлік үшін 17 мың теңге, магистрлік дәрежесіне 26 мың теңге қосымша ақы төленсе, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін берілетін еңбек ақы 2 есеге көтерілді.
Аудан бойынша 1217 педагог қызметкердің 52,6 пайызы (зерттеуші-233, сарапшы-251, модератор-157) жаңа формат бойынша аттестациядан өткен.
Қосымша білім беру ұйымдары
Ауданда қосымша білім беру ұйымдары - Оқушылар Үйі, Балалар өнер мектебі, «Ақтерек» тынығу лагері, №202 мектеп жанындағы орталық жұмыс жасауда.
Жалпы қосымша біліммен 4992 бала (71,5 %) қамтылуда. Оның ішінде:
- Қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелері мен секцияларына - 660 бала(9,4%);
-мектеп жанындағы әртүрлі үйірмелерге -2802 (40,1 %);
- мектеп жанындағы спорттық секцияларға 1530 (21,9 %) тартылды.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорттық секциялар мен үйірмелерді ашу жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл бағыттағы қосымша білім беруді дамыту үшін 2021-2023 жылдарға арналған облыстық Жол картасы әзірленді.Осыған орай ауылдық елді мекендерде Балалар өнер мектебінің филиалдарын ашу жұмыстары ұйымдастырылуда. (2021 жылы Мәдениет ауылынан 3 класпен 35 баланы, Еңбек ауылынан 3 класпен 30 баланы қамту)
Сонымен қатар Оқушылар Үйі мен Өнер мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілген кезеңде қосымша 4 үйірмені ашу арқылы 250 баланы қамту жұмыстары жоспарлануда.
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесі ерекше назарда. Мектептерде (2018-2019ж) 149 дана бейне бақылау камералары орнатылған.
2020 жылы жергілікті бюджеттен 2750,0 мың теңге қаралып, №188, №117 және 116 мектептерге барлығы 36 камера орнатылды. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен бөлінген 17865,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, №31,123,201,202,246,33 мектептерге әр қайсысына 14 камерадан, барлығы 84 камера орнатуға жұмыстар жүргізілуде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 28 балабақшада 219 бейнебақылау камерасы құрылған. Ондағы ішкі камера-145, сыртқы камера-74.