
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда 33172 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 35076 халық болса, оның РПН бағдарламасына тіркелгені-33746, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10854, жасөспірімдер - 1589, ересектер саны - 21303.
Кадр
Мекемеде жалпы штат бірліктері: 684,75.
Оның ішінде:
Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 873.
Оның ішінде:
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 90 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 27,0 %.
Оның ішінде: 61 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 65,6 %.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 440 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 130,9 пайыз.
Орта буын медицина қызметкерлерінің 281 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 63,8 пайыз.
Жыл басынан бері 13 дәрігер біліктіліктен, 10 орта буынды қызметкерлері біліктілігін арттырудан өткен.
2021 жылдың І-тоқсанында 1 жоғары білімді дәрігер жалпы тәжірибелі дәрігер болып жұмыспен қамтылды.
Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы:
|
Мамандықтар атауы |
Жұмыс орны (ДА,СВА атауы) |
Бірлік саны |
Бос тұрақты вакансия |
|
Жалпы тәжірибелі дәрігер |
Таң ДА |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Жалпы тәжірибелі дәрігер |
Бұхарбай батыр ДА |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Жалпы тәжірибелі дәрігер |
Мырзабай Ахун ДА |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Жалпы тәжірибелі дәрігер |
Мақпалкөл ДА |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Анестезиолог-реаниматолог |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Фтизиопедиатр |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Барлығы |
|
6,0 |
6 |
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2021 жылдың 3 айы бойынша – 37 673, 1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 1,1 (2020 жылдың 3 айы – 35 207 – 1,0) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны 2021 жылы – 18 111 – 48%, (2020 жыл – 15 322-43,5%). Алдын ала тексерілу- 19 562 болып 52%-ды құрады (2020 жылы 19 885 – 52,7%) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде. Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда жоғары. Үйде қаралу 2021 жылдың 3 айы бойынша -5 748 құрап (2020 жылдың 3 айы – 3 287), өткен жылмен салыстырғанда – 5,9 пайызға жоғарылады. Сонымен қатар жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2021 жылы 16421 болып 43,5% құрады (2020 жылы – 10602-30,1%). Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 21 252 болып 56,4%-ды құрап отыр. (2020 жылы 24 605 – 70%).
2021 жылдың 3 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –2324 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 6858,8. (2020 жылдың 3 айында – алғаш тіркелген аурушаңдық 2425, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш-7295,2 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші 101 жағдайға төмендеген. Атап айтқанда, 2021 жылдың 3 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:
Диспансерлеу. "Аурулардың созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын бекіту" туралы 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №885 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы - 8365 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 6578, 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 1787.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамту барысында 28 320 791.41 теңгеге 8029 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 63% игерілді.
Демографиялық көрсеткіштер
2021 жылдың 3 айында аудан бойынша 204 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 6,0 промильді құрады (2020 жылы 207 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 6,2 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 3 жағдайға төмендеп отыр. Сәби өлімі 2021 жылы 3 жағдай тіркеліп 14,7 промиль құрады, (2020 жылы 2 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 9,6-ды құраған). 2021 жылы аудан бойынша 54 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 1,5 құрап отыр. (2020 жылы 46 жағдай – 1,3), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 9 жағдайға көбейіп отыр.
|
№ |
Негізгі көрсеткіштер |
2020 жыл |
2021 жыл |
|
1 |
Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.) |
207-6,2 |
204-6,0 |
|
2 |
Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда) |
45-1,3 |
54-1,5 |
|
3 |
Бала өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.) |
2-9,6 |
3-14,7 |
|
4 |
Материнская смертность (на 100 тыс. живорож-ных) |
0 |
0 |
Өлім - жітім себептері бойынша:
|
|
|
2020 жыл |
2021 жыл |
|
1 |
Жалпы қайтыс болғандар саны |
45-1,3 |
54-1.5 |
|
1.1. |
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
8-17,8% |
22-40.7% |
|
1 |
Үйден қайтыс болғандар |
32-71.1% |
34-63.0% |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
1-12.5% |
8-36.4% |
|
2 |
Ауруханадан қайтыс болғандар |
8-17.8% |
11-20.4% |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
5-62.5% |
6-27.3% |
|
3 |
Өзгеде себептер |
5-11.1% |
9-16.7% |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
2-25.0% |
8-36.4% |
Оның ішінде:
|
|
|
2020 жыл |
2021 жыл |
|
1 |
Жүрек қан тамыр аурулары |
10-28.5 |
13-37.0 |
|
2 |
Қатерлі ісік аурулары |
7-20.0 |
3-8.5 |
|
3 |
Жарақаттар |
2-5.7 |
6-17.1 |
|
4 |
Тыныс алу жолдары |
6-17.1 |
6-17.1 |
|
5 |
Жұқпалы аурулары |
0 |
1-2,9 |
|
6 |
Туберкулез |
0 |
0 |
|
7 |
Ас қорыту ағзалары |
3-8.6 |
2-5.7 |
|
8 |
Несеп жолдары |
4-11.4 |
0-0.0 |
|
9 |
Ішкі секреция жүйесі |
1-2.9 |
1-2.8 |
|
10 |
Жүйке жүйесі аурулары |
2-5.7 |
3-8.5 |
|
11 |
Кәрілік |
6-17.1 |
8-22.8 |
|
12 |
Короновирусты инфекция |
2-5.7 |
0-0.0 |
|
13 |
Тағы басқа |
4-11.4 |
12-34.2 |
Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:
1-ші орында: Жүрек - қантамыр ауруларынан қайтыс болғандар саны – 13 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 37,0. (2020 жылы - 10– 28,5). Былтырғы жылмен салыстырғанда 3 -8,5% жағдайға өскен.
2- ші орында: Тағы басқа аурулар бойынша қайтыс
болғандар саны 2021 жыл бойынша 4– 11,4 (2020 жыл – 12 – 34,2). Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 22,8%-ға өсіп отыр.
3- ші орында: Кәрілік бойынша қайтыс болғандар саны 2021 жылы – 8-22,8. (2020 жыл 6-17,1). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 5,7% өскен.
Скрининг бағдарламасы бойынша
«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ м.а.. 2020 жылғы 30 қазандағы № 174/2020 бұйрығы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2021 ж. жоспарланғаны-2166; орындалғаны-899- 41,5%. Анықталғаны-53-5,8% «Д» есепке алынғаны 45-84,9%.
2020 ж. жоспарланғаны-2894; орындалғаны-279- 9,6%. Анықталғаны-7-2,5% «Д» есепке алынғаны 7-100%.Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин болуына байланысты көрсеткіштер төмен.
Қант диабеті ауруларын ерте анықтау-2021 ж. Жоспарланғаны-2166 орындалғаны-899-41,5%.Анықталғаны-9-1,0%. «Д»есепке алынғаны-6-66,6%.
2020 ж. жоспарланғаны-2894 орындалғаны-279-9,6%Анықталғаны-7-2,5%. «Д»есепке алынғаны-7-100%. Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин болуына байланысты көрсеткіштер төмен.
Глаукома ауруын ерте анықтау-2021 ж. жоспарланғаны-2166; орындалғаны-899-41,5%. Анықталғаны-2-0,2% «Д» есепке алынғаны-0.
2020 ж. жоспарланғаны-2894; орындалғаны-279-9,6%. Анықталғаны-8-0,3% «Д» есепке алынғаны-8-100%. Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин болуына байланысты көрсеткіштер төмен.
Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2021 ж. жоспарланғаны-1786, орындағаны-245-13,7%, анықталғаны-44-17,9%. «Д» есепке алынғаны-0. 1-қатерлі ісікпен алынды, қалған әйелдер тексерілу үстінде;
2020 ж. жоспарланғаны-1845, орындағаны-201-14,0%, анықталғаны-18-0,97%. «Д» есепке алынғаны-18-100%. Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин болуына байланысты көрсеткіштер төмен.
Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2021 ж. жоспарланғаны-1403; орындалғаны-286-20,3%, анықталған ісік алды ауруы-20-6,9%. Рак-0 «Д»есепке алынғаны-0 .
2020 ж. жоспарланғаны-1440; орындалғаны-169-11,7%, анықталған ісік алды ауруы-21-1,46%. Рак-0 «Д»есепке алынғаны-0. Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин болуына байланысты көрсеткіштер төмен.
Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2021 ж. жоспарланғаны-1728; орындалғаны-0, анықталған ісік алды ауруы-0. Д»есепкеалынғаны-0. 2021 жылға тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын аңықтау мақсатында гемокульт тест таяқшалары сұранысқа берілді, бірақ осы уақытқа дейін әлі келген қамтамасыз етілген жоқ.
2020 ж. жоспарланғаны-2298; орындалғаны-206-9,0%, анықталған ісік алды ауруы-0. Рак-0 «Д»есепке алынғаны-0.
Суицид.
Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып тексерулерден өткізілуде. Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш аудандық ауруханасында 4 психолог, 11 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. Тауекел топтағы пациенттерге психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілуде. Күйзелістің алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 02.02.2015 жылғы №84 бұйрығына сәйкес психолог мамандар суицидтің алдын - алуға жалпы 12-айда халық арасындағы барлығы 3 акция өткізіліп, 196 тұрғын қамтылған, сонымен қатар 9 семинар ұйымдастырылып 245 тұрғын қамтылған, 5 тренинг өткізіліп 133 тұрғын қамтылған.
2021 жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне барған- 4 жағдай тіркелсе, оның ішінде 2 аяқталған, 2 аяқталмаған суицид жағдайы орын алды. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу бойынша жағдай тіркелмеді. (2020 жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетімен барлығы- 2 аяқталған жағдай -2.)
Емдеуге жатқызу бюросы бойынша
2021 жылдың 3 айлық бойынша ауруханаға емханадан жоспарлы түрде портал арқылы 797 науқас жатқызылған. (2020 жылдың 3 айында -743). Сонымен қатар шеттетілген науқастар саны -2021 жыл 3 айында -31. (2020 жылдың 3 айлық есептіік кезеңінде 60 шеттетілген науқас тіркелген). Шеттетілген науқастардың себебі бойынша 14 жағдай жазбаша түрде бас тартқан, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны –44, Госпитализацияға жоспарланған ауруханаға жатқызуға қарсы көрсеткіштер-1, Науқастың ауруханаға жатқызылмауы-1, Ауруханаға көмек көрсететін көрсеткіштердің болмауы-1, Науқас туралы мәліметтерді Порталға енгізу кезінде қате енгізу-1, Госпитализация процедурасына тәуелді емес жағдайлар-0
(2020 жылдың 3 айында шеттетілген 31, ауруханадан жатудан жазбаша бас тартуы -7, ауруханаға жедел жатқызу-19, ауруханаға көрсетілімінің болмауы-0, Ауруханаға жатуға келмеуі-0, ауруханаға қарсы көрсетілімнің болуы-7 ).
Ауруханада көрсетілген көмек
Қазіргі таңда аудандық аурухана бойынша 130 төсек орын жұмыс жасайды. Оның ішінде 100 төсек-орын кент орталығында,
-15 төсек жұқпалы аурулар бөлімшесінде,
-28 төсек-орын терапия бөлімшесінде,
-20 төсек-орын хирургия бөлімшесінде,
-25 төсек-орын перзентхана мен гинекология бөлімшесінде,
-15 төсек-орын Реабилитация бөлімшесі
-17 төсек-орын балалар бөлімшесінде
-10 төсек-орын ауылдық ауруханалар. ( Аққұм )
Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілу пайызы 10 мың адамға шаққанда 2021 жылдың 3 айы бойынша 38,3% құраса, 2020 жылдың 3 айында да еш өзгеріссіз 39.1%-ды құрап отыр.
2020 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда төсек-орын жұмысы 11,1 промильге төмендеген. Атап өтетін болсақ, төсек орын жұмысы 2021 жылдың 3 ай көлемінде 76,8 құрады, (2020 жылы 3 айында 65,7).
Төсек-орын айналымы былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. 2021 жылдың 3 айы бойынша 10,3 болса, (2020 жылдың 3 айында 9,4 болып отыр).
Төсекте орташа болу көрсеткішіне келер болсақ, 2021 жылдың 3 айы бойынша 7,5 күннен болса, (2020 жылдың 3 айы бойынша 7 күнді құрап отыр). Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш бір деңгейде.
Науқастардың ауруханаға жатқызылуы жөнінде айтатын болсақ, 2021 жылдың 3 айында жедел жатқызылған науқастар 759 болса, (2020 жылдың 3 ай көлемінде 712 құрап отыр). Жоспарлы жатқызылған науқастар 2021 жылдың 3 айы 587, (2020 жылдың 3 айы 518). Жалпы алғанда, аудандық ауруханадан 2021 жылдың 3 айында 1343 науқас ем алса, (2020 жылдың 3 айы бойынша 1227 науқас ем алып отыр).
Летальдық көрсеткіш. Қайтыс болған науқастар 2021 жылдың 3айы – 0,1% құрады, ал 2020 жылдың 3 айы бойынша – 0.2 %. 1 тәулікке дейін қайтыс болғандар 2021 жылдың 3 айында – 2 болса, (2020 жылдың 3 айында– 0). 2021 жылдың 3 айында 1 жасқа дейін қайтыс 1 жағдай тіркелген. (2020ж.- жағдай тіркелмеген).
2021 ж 2020 жылмен салыстырғанда 3 айы бойынша аудандық аурухана бөлімшелерінің төсек-орынды орындау пайызы жоғарылған. 2021 жылдың 3 айында 96.3% болса, (2020жылы 3 айында 82.3% құрады).
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер
Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді жоспармен жұмыс жасау;
Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;
Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;