
Статистика
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7970 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды.
Қаржыландыру
2021 жылы Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн 280 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 4 млн 250 мың теңгеге аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 4 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
1) «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі. Жоба соммасы – 980 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;
2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба соммасы – 800 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;
3) «Талантты жастарды таныту және қолдау шараларын ұйымдастыру» (Әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда);
4) «Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. (Әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда).
Жастар ресурстық орталығы туралы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда штат саны - 7. Директор - 1, бөлім басшысы - 1, аға кеңесші -1, кеңесші - 4.
Аудандық жастар ресурстық орталығы қазіргі таңда мәдениет және өнерді дамыту орталығының ғимаратында орналасқан. Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдан бері ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар жасалып, хаттамалық тапсырмаларға байланысты тиісті жұмыстар атқарылды
2021 жылдың І тоқсанына жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 34 шара өткізіліп, оған 705 жас қатыстырылған.
Аудандық жастар ресурстық орталығы карантин режиміне байланысты іс-шараларды онлайн форматта өткізуді қолға алған болатын. Төтенше жағдай енгізілген кезеңде әлеуметтік желілер арқылы жастарды еңбекке баулу, тазалық сақтауға шақыру, бұқаралық спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттау секілді іс-шараларды онлайн форматта өткізіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды тұрақты жүргізуде.
Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар
2020 жылы ауданда 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 құрады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы:
2021 жылдың 31 наурызына дейін 977 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласқан, оның ішінде 733 адам немесе 75% бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (әлеуметтік жұмыс орны - 44, жастар практикасы - 179, қоғамдық жұмыс - 487, мемлекеттік грант - 15, шағын несие - 8).
Оның ішінде 16-29 жас аралығында 239 жас хабарласқан. Олардың ішінде 40 жас тұрақты жұмысқа орналастырылды, 90 жас қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Бүгінгі күнге 8 адамға 24,6 млн. теңге шағын несие берілді, жоспарлық көрсеткіш 7,9 пайызға орындалды (жоспар - 101 жоба), оның ішінде Start-up жобаларын қолдауға 8 шағын несие бөлінді. Оның ішінде 1 жас кәсіпкерге шағын несие берілді.
Мемлекеттік грант бойынша
Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 120 адамға (583 мың теңгеден) мемлекеттік гранттар беру жоспарланды. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 70 млн. теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі күнге 15 үміткердің жобасы 8,7 млн. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 7 адам немесе 46,6% жастар.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Бұл бағытта 427,8 млн. теңге қаржы қаралып, 721 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Қазіргі таңда 710 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 98,5 пайызға орындалды. Оның ішінде 129 адам немесе 22,7 пайызы жастар.
Әлеуметтік жұмыс орындарын 4 адам аяқтады, оның 1 тұрақты жұмысқа орналасты.
- жастар тәжірибесі: жоспар-301 адам, қаржы РБ 120,8 млн. теңге (276 адам), ОБ 10,9 млн. теңге (25 адам), жалпы-131,7 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге барлығы 179 жас маман (59,5%) жіберіліп, 22,3 млн. теңге қаржы төленді. Жастар тәжірибесін 112 адам аяқтап, 19 адам (17,0%) тұрақты жұмысқа орналасты;
-қоғамдық жұмыстарға 390 адамға 280,8 млн. теңге қаралып, 41,0 млн. теңге қаржы төленді. Есепті мерзімге 487 адам (124,9%) жіберіліп, оның ішінде 90 адам немесе 18,5 пайызы жастар. Қоғамдық жұмыстарды 28 адам аяқтап, 2 адам (7,1%) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 800 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, бүгінгі күнге 69 адам (8,6%) жұмысқа орналасты. Оның ішінде 40 адам немесе 57,9 пайызы жастар.
2021 жылдың 1 сәуіріне Халықты жұмыспен қамту орталықтарына 16 мүмкіндігі шектеулі адам жүгінген, оның 1-уі тұрақты жұмысқа орналасты, 11-і қоғамдық жұмысқа жіберілді. Олардың 16-29 жас аралығында 4 адам немесе 25 пайызы жастар. 1-уі қоғамдық жұмысқа, 1-уі жастар практикасына жіберілді, 1-уі әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді, 1-уі мемлекеттік грант алған.
Жалағаш ауданы бойынша есепті кезеңге жазасын өтеп келген және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар саны - 37 адам, аудандық полиция бөлімінде есепте тұрғандар - 2, пробация қызметінде - 35, оның ішінде 12 адам немесе 34,3 пайызы жастар.
Статустары бойынша талдағанда: жұмыспен қамтылғандар саны-15, оның ішінде 4-уі немесе 26,6 пайызы жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар- 6, оның ішінде 3-уі немесе 50 пайызы жастар, мемлекеттік грант алып өз кәсібін ашқандар-3, оның ішінде 1-уі немесе 33,3 пайызы жастар, жұмыссыздар-7, оның ішінде 2-уі немесе 28,5 пайызы жастар, мәжбүрлі еңбекке тартылғандар-3, оның ішінде 2-уі немесе 66,6 пайызы жастар, іздеуде-1, қайта қылмыс жасауына байланысты қамауда-2.
2021 жылға аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 6 жұмыс орындарына квота белгіленді. Оның ішінде пробация қызметіне есепке алынғандарға-4, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға-2. Бүгінгі таңда пробация қызметінің есебінде тұрғандарға арналған 1 квота орындалды.
«Дипломмен-ауылға!» жобасы бойынша
2021 жылдың І тоқсанына республикалық бюджеттен тұрғын үй несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау шарасына 15 маманға 65 млн 633 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 15 маманға тұрғын үй несиесі берілу қарастырылуда. Тұрғын үй алу үшін несие соммасы 4 млн 375 мың 500 тг құрайды. (2020 жылы 4 млн 167 мың тг құраған)
Көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасына 61 маманға 17 млн 793 мың 700 теңге қаржы қарастырылуда. Көтерме жәрдемақының жалпы соммасы 291 мың 700 тг құрайды. (2020 жылы 264 мың 100 тг құраған).
Жастар арасында денсаулық сақтау
Ауданда барлығы 14 – 29 жас аралығындағы 2941 жас емханаға келіп тіркелген. Қаралғандардан алғаш рет 600 жастанаурушаңдық белгілері анықталған. Ең жиі кездесетін тыныс жолдарының және көз аурулары. Диспансерлік есепте 956 жас бақыланады. Өлім-жітім бойынша 2 жас тіркелген. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша аяқталмаған-3, аяқталған-1 фактілер тіркелген. Жастар денсаулық орталығына-1072 жас кеңес алушы ретінде тіркелген. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі – 123 жас тіркелген.
Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі
2021 жылдың І тоқсанында 14-29 жас аралығындағы жастармен жасалған 5 қылмыс тіркелген.
Пробация қызметінің есебінде тұратын 18-29 жас аралығындағы жастар саны - 12.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен аудан көлемінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, ІІМ-нің және ОПД-нің бұйрықтарымен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуда, қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жастар арасындағы діни ахуал
Аудан жастары арасында жергілікті мешіттерге баратын радикалды ағым жетегінде жүрген жастар жоқ. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы Жалағаш кентінде тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстірлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатындағы акцияларды тұрақты түрде өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр.
Карантин уақытында әлеуметтік желілер арқылы жат ағымнан сақ болуға шақыратын видеороликтер жарияланып келеді. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудан жастары арасында тұрақты түрде сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысы негізінде жастар арасындағы діни ахуалдың деңгейі анықталып отырады.
Жастардың спортпен шұғылдануы және бос уақытынтиімді ұйымдастыру
Аудан бойынша 143 спорт нысандары тұрақты жұмыс жасайды. (1 стадион, 1 ипподром, 9 ату тирі,1 спорттық ядро, 62 алаңдар, 25 жасанды жамылғысы бар алаңдар, 7 спорттық алаңдары, 10 жабдықталған спорт залы, 27 спорт залы).
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубындағы 8 үйірмеге 520 бала қамтылған.
Спорт клубының Жалағаш кенті және 14 ауылдық округінде 18 спорт нұсқаушылары қызмет етеді. Олардың спорттық-сауықтыру топтарына 3240 спортшы (әуесқойлар) қамтылған.
2020 жылдың І тоқсаны бойынша аудан cпортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медалға қол жеткізді. Күнтізбелік жоспар бойынша ауданда 77 аудандық, 8 облыстық, 2 республикалық жарыстар өткізу жоспарланған. Өткізілген шараларға тоқталатын болсақ, 18 аудандық, 2 облыстық жарыстар өткізілді.
Карантин режиме байланысты жоспарланған кейбір жарыстар кейінге қалдырылды.
Бүгінгі таңда ауданның 10631 тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып, бұл көрсеткіш жалпы тұрғындардың 30,2 пайызын құрап отыр.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Наркескен» спорт клубы КММ-сі аудан көлемінде бұқаралық-ұлттық спортты дамыту мақсатында, 2021 жылдың қаңтар айында «Тәуелсіздікке тағзым!» айдарымен көше балалары арасында гір спортына ҚР чемпионатына облыстық іріктеу жарысы, асық атудан ересектер арасында жарыс, баскетболдан ерлер және қыздар арасында жарыс, шахматтан аудан біріншілігі өткізілді.
Жастардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру
Аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет Үйі, 9 ауылдық клуб, 18 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану музейі, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 6 коворкинг орталығы, барлығы 42 мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсетеді.
2020 жылдың басынан бері мәдениет саласы бойынша аудан жастарының қатысуымен жоспарланған бірқатар ауқымды шаралар еліміздегі карантин режиміне байланысты кейінге шегерілді.
Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша жастардың қатысуымен өткізілетін мәдени-көпшілік шараларға салалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ҚР Конституциясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығысекілді ауқымды мәдени-көпшілік шараларды қамтиды.
Мәдениет ұйымдарының мәдени - көпшілік іс - шараларын ақпараттандыру мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Өнерлі өлке - Жалағаш» атты «YouTube» арнасы мен «facebook» әлеуметтік желілерінен арнайы парақшалары ашылып, «Өнерге әркімнің де бар таласы», «Жалағаш жері - өнердің кені», «Туған өлке - тұнған шежіре», «Өнер - халық мұрасы», «Жалағаштан жыр шашу», «Үйірменің үйретері мол», «Өнерге қанат қаққандар» айдарларымен өткізілген шаралардың топтамасы желі қолданушылардың назарына тұрақты ұсынылуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан «Шабыт-Арт» студиясы ашылып, қазіргі таңда белсенді жұмыс жасауда. Студия ішінде дыбыс жазу, балалар ән-би студиясы және 4 үйірме бар (ән, би, жас ақындар, көркемсөз).
Ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мәдениет үйлері мен клубтарда әр түрлі жанрдағы 80 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 936 жасты құрайды. Үйірме мүшелері мәдени-көпшілік іс-шаралар мен байқауларға үнемі қатысып отырады.
«Еріктілер жылы» аясында Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйі жанындағы «Алтын-арай» халық ән-би ансамблі мен «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы «Жастар - елдің болашағы» атты мерекелік концертімен Мәдениет, Таң, Мырзабай, Шәменов, Мақпалкөл, Аққұм ауылдарында гастрольдік сапарларда болып, ауыл жастарының қошеметіне бөленді.
Сондай-ақ, ауданда орналасқан кітапханалар жанынан «Оқитын өлке», «Цифрлы Қазақстан», «Өркениетке бастаған туған өлке», «Жүрек жылуы», «Жас қалам», «Кітапхана: мейірім, ізгілік, парасат» жобалары іске асырылуда.
Бұл жобалардың негізгі мақсаты жергілікті авторлардың еңбектерін насихаттау арқылы жастардың бойына ұлттық рух, рухани мәдениет қалыптастыру, жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу
Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша ауданның 18-27 жас аралығында туылған азаматтарын жылына 2 рет көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізіледі.
Жастардың әскери-патриоттық рухын ояту мақсатында, Отан алдындағы әскери борышын өтеуді насихаттау бойынша азаматтарды әскерге жөнелту алдында аудан ардагерлерінің қатысуымен әскерге шығарып салу рәсімі өткізіледі. Сонымен қатар әскери есепке тіркеу жұмыстары кезінде аудан жастарын әскери патриоттық рухта тәрбиелеу және Отан қорғауға дайындығын арттыру мақсатында қысқы каникулдық демалысқа келген курсанттармен оқушылардың кездесулері ұйымдастырылып, курсанттар әскери оқу орындарының жәй-жағдайын, оқуға қабылдау ережелері жөнінде айтып береді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты жастарға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Үстіміздегі оқу жылында 3 азамат жоғарғы әскери оқу орынына қабылданды.
Қазіргі таңда азаматтарды 2021 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары және ҚР Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жөнелту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ 2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында ауданның 2004 жылы туылған ер азаматтарын аудандық шақыру учаскесінде әскери есепке алу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
2021 жылы І тоқсанға аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жастарға қатысты 13 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook. Vk. Instagram.) 200-ге жуық ақпарат және 40-қа жуық бейнероликтер әзірленіп, жарияланған.