Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Жалағаш ауданында арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстарды халық арасында кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Жалағаш жаршысы» аудандық газет бетіне, «Facebook» әлеуметтік желісінің «Жалағаш ауданының әкімдігі» атты парақшасында және әкімдіктің ресми сайтына жарияланады.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2020 жылы 4 рет (2021 жылы – 1) комиссия отырыстары өткізілді.

Аудан әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.

Бұл ретте, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпе хаттар берілді.

Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видеоролик аудан әкімдігінің фейсбук парақшасына жарияланды.

Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихаттық брошюралар ілінді.

Жастар ресурстық орталығының ғимаратында орналасқан COWORKING орталығында жастардың қатысуымен рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында еркін пікір алмасулар өткізілуде. Бүгінгі күні ауданда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері 328-ге жетті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп кент, ауылдық округтер мен жергілікті атқарушы органдарда түрлі форматтағы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.

Жалағаш кентінде, ауылдық округтерде және Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орнатылды (кент, ауылдық округтерде-18 билборд, 4-кернеу, барлығы - 22).

2018 жылы үкіметтік емес ұйым мүшелерінен тұратын Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, сол уақыттан бері өз жұмысын жүргізуде. Мониторингтік топ мүшелері аудан мекемелерінде ұжымдармен кездесіп, семинар-кеңестер өткізуде. Сонымен қатар, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмысшылармен кездесіп, еңбек қатынастарындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп келеді.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарына ішкі талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшіктер орнатылған.

Аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланды.

Қоғаммен ашық байланыс орнатуға бағыттау мақсатында Аудан көлемінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Халықтық заңгер» акциясы өткізілуде және де барлық кент, ауылдық округтерде «Адалдық бұрышы» жұмыс жасауда.

2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жоба аясында аудандық бюджеттен 500,0 қаржы қаралып, «Достық мекені» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды.

2020 жыл және 2021 жылдың 3 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жоқ.

Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы