Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің 2021 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылдың I тоқсаны бойынша ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, шиеленісуі мүмкін  жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына  кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдар, іс-шаралар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілгендігі және өткізуге арыздар тіркелген жоқ.

Қоғамдық саяси маңызы бар шаралар

2021 жылы Жалағаш ауданының  қоғамдық - саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 89 түрлі шаралар енгізіліп, бекітілді.          Оның ішінде 85 шара мерекелік күндер мен ұйымдастырылатын шаралар болса, республикалық деңгейде спорттық турнирлер саны 4.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында:

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайны бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде тақырыптық билбордтар орналастырылды. 2021 жылдың I тоқсанында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне, әлеуметтік желілерде (фейсбук) 12 ге жуық мақала жарияланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі форматтағы 18 шара өткізілді.   

Діни ахуал туралы:

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 14 мешіт жұмыс жасайды.

Олардың барлығы әділет органдарында тіркелген.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 11 мақала жарық көрді. Оның ішінде, жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне – 1, интернет ресурстар және әлеуметтік желілерге – 10 ақпарат жарияланды.

Жыл басынан бастап аудан көлемінде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 19 шара ұйымдастырылып /14 кездесу, 5 акция өткізілді.

Мемлекеттік ақпараттық саясат:

Жалағаш ауданы бойынша 6878 отбасы саны бар. Оның 6178-і немесе 89% OTAU TV Ұлттық цифрлық телехабар құрылғысымен («Қазтелерадио» АҚ 6 қыркүйектегі анықтамасына сәйкес) қамтылған.

2021 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 7 млн 955 мың теңге бөлінді. Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2021 жылдың басынан осы уақыт аралығында шыққан мақалалар саны – 195. Оның ішінде:

- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны – 5;

- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны – 187;

- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны – 3.

Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат:

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасап, Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ақпараттандыруда. Газет аптасына 2 күн жарыққа шығады. 2021 жылдың 1 сәуіріне «Жалағаш жаршысы» газетінің 3089 дана таралымы бар.

Үкіметтік емес  ұйымдармен жұмыс:

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 25 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 12-і қоғамдық қор болса, қалған 13-уі қоғамдық бірлестіктер.

13 қоғамдық бірлестік және 6 қоғамдық қор ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 6 қоғамдық қор жұмысын уақытша тоқтатқан. 2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.

2021 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  шеңберінде жергілікті бюджеттен 8 млн 820 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 8 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылуда.

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы