
2021 жылға аудан бюджетінен 1282868,1 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 650459,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 632319,1 мың теңге қаржы қаралды. 2021 жылдың 1 сәуіріне қаралғаны 158855,0 мың теңге, игерілгені 158707,3 мың теңге немесе 99,91%.
2021 жылдың 31 наурызына 977 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласты, о.і. 733 адам немесе 75,0%-ы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (әлеуметтік жұмыс орны-44, жастар практикасы-179, қоғамдық жұмыс-487, мемлекеттік грант-15, шағын несие-8).
Бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында қажетті кәсіптер бойынша жаппай оқытуды көздейді.
Біріншіден, техникалық кәсіптік оқытуға жоспарланғаны-50 адам. Жұмысшы органы-аудандық білім бөлімі.
Екіншіден, қысқа мерзімді оқуға жоспарланғаны-60 адам. Қаралған қаржы-18,7 млн. теңге. Оқудың басталуы - 2021 жылғы сәуір-мамыр айлары.
Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Бүгінгі күнге 8 адамға 24,6 млн. теңге шағын несие берілді, жоспарлық көрсеткіш 7,9 %-ға орындалды (жоспар-101 жоба), оның ішінде Start-up жобаларын қолдауға 8 шағын несие бөлінді.
Бастау-Бизнес жобасы бойынша
2021 жылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқытумен 120 адам жоспарланды. Оқудың басталуы – үстіміздегі жылдың сәуір-маусым айлары.
Мемлекеттік грант бойынша
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 120 адамға (583 мың теңгеден) мемлекеттік гранттар беру жоспарланды. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі күнге 15 үміткердің жобасы 8,7 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Бұл бағытта 427,8 млн. теңге қаржы қаралып, 721 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Қазіргі таңда 710 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 98,5%-ға орындалды. Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адамға 15,3 млн. теңге қаралды. Есепті мерзімге 44 адам (146,7%) жұмысқа жіберіліп, 1,8 млн. теңге қаржы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарын 4 адам аяқтады, оның 1-уі (25,0%) тұрақты жұмысқа орналасты;
- жастар тәжірибесі: жоспар-301 адам, қаржы РБ 120,8 млн. теңге (276 адам), ОБ 10,9 млн. теңге (25 адам), жалпы-131,7 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге барлығы 179 жас маман (59,5%) жіберіліп, 22,3 млн. теңге қаржы төленді. Жастар тәжірибесін 112 адам аяқтап, 19 адам (17,0%) тұрақты жұмысқа орналасты;
-қоғамдық жұмыстарға 390 адамға 280,8 млн. теңге қаралды. Есепті мерзімге 487 адам (124,9%) жіберіліп 41,0 млн. теңге қаржы жұмсалды. Қоғамдық жұмыстарды 28 адам аяқтап, 2 адам (7,1%) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 800 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, бүгінгі күнге 71 адам (8,9%) жұмысқа орналасты.