Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2021 жылдың 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Атаулы әлеуметтік көмек: 2021 жылдың 1 тоқсанына 245 отбасының 1428 мүшесіне 25117,3 мың теңге тағайындалып, 240 отбасының 1399 мүшесіне 16737,0 мың теңге төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша 1 тоқсанға АӘК алатын отбасының 1-3 жасқа дейінгі 128 баласына, 3-6 жас аралығындағы 159 баласына азық-түлік жиынтығы берілді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге жергілікті бюджеттен 5027,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 29 отбасының 73 мүшесіне 745,2 мың теңге тағайындалып төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:
-мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы 32 азаматқа 2422,0 мың теңге;

-Отан, Даңқ ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 33,3 мың теңге;

-Ауған соғысына қатысқан 22 азаматқа аудандық бюджеттен 1925,2 мың теңге төленді;
Жұмыссыздық деңгейі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы
2021 жылы 1342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 741 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 181-і тұрақты). Оның ішінде: Ауылшаруашылық саласы- 58, экономикалық қызметтің басқа салаларында-90, көтерме және бөлшек сауда -13, көлік және қоймалау -16, өнеркәсіп-3,құрылыс-1, уақытша және маусымдық жұмыстар – 560.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2021 жылдың 1 сәуіріне 945 мүгедек тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-206.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 161 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 60-ы немесе 37,3 % орындалды. 2020 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 621-і орындалды.
2021 жылдың 1 сәуіріне 193 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 11 мүгедек таяқпен, 1 мүгедек балдақпен, 3 мүгедек жетек арбамен, 11 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 12 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 12 мүгедек кресло арбамен, протездік ортопедиялық құралдармен 1 мүгедек қамтамасыз етілді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы жүргізілуде. Есту кемістігі бар 4 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 93 мүгедекке 93 жеке көмекші қызмет көрсетуде.
«Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2021 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 3086,0 мың теңге қаржы қаралған. 2021 жылдың 1 сәуіріне 52 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланды. Игерілген қаржы 444,9 мың теңге.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2021 жылдың 1сәуіріне 6 адам жолдамамен жіберілді. 6-уы да мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
2021 жылдың 1 сәуіріне мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 4324,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 58 мүгедек баланың ата-анасына 1489,9 мың теңге қаржы төленді.
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 9-ы «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры арқылы жартылай стационар жағдайда қызмет алуда.
Аудан бойынша 2021 жылдың 1 сәуіріне 87 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 55 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2021 жылғы 1 тоқсанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 1831. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің 7 түрі бойынша 475 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде: 193-і бала тууды тіркеу, 47-і қайтыс болуды тіркеу, 57-і неке қиюды тіркеу, 3-уі некені бұзу, 3-уі тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, 88-і қайталама куәлік беру, 44-і хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Дата публикации
09 апреля 2021
Дата обновления
09 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы