
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді. Жоспарда облыстық спорт басқармасының ұсынған рейтингілік жарыстарына сәйкес аудандық жарыстар және мемлекеттік тапсырмаларға байланысты (Елбасының тестілері, бұқаралық спортты көтеру, ұлттық спорттық ойындарын, мүгедектер спортын дамыту) өткізілетін спорттық іс-шаралар көрсетілді. Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарында аудандық Егде жастағы тұрғындар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ішкі істер есебінде тұратын кәмелетке толмаған жасөспірімдер, аудандық ішкі істер бөлімі мен ҚАИ мекемесі, үкіметтік емес ұйымдар: аудан ардагерлері кеңесі, «Нұр Отан», «Отан» ҚБ, әріптес ұйымдар-Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жалағаш ауданындағы бөлімшесімен аудандық комиссариат мекемелері мүддесіне сай спорттық іс-шаралар өткізу қамтылған.
Күнтізбелік жоспарда 2 республикалық, 8 облыстық, 77 аудандық жарыс өткізілу жоспарланған.
2021 жылдың І тоқсанында барлығы 20 спорттық іс-шаралар оның ішінде 2 облыстық 18 аудандық жарыстар өткізіліп, оған 3583 адам қатыстырылған.
2020 жылдың статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 150 спорттық нысанда спорттың 26 түрімен 10631 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Яғни бұл көрсеткіш аудан халқының 30,2 пайызын құрап отыр.
Спортшыларымыздың жетістіктері.
2021 жылдың 12 ақпанда Петропавл қаласында гір спортынан өткен ҚР чемпионатында жерлесіміз Әубәкір Ерасыл «Алтын» жүлде, жаттықтырушысы Сейтенов Абдулхасан қола жүлде иеленді. «Наркескен» спорт клубы.
Жерлесіміз Оразбай Арайлым Ақтөбе қаласында өткен белбеу күресінен ҚР чемпионатында «Күміс» медаль ұтып, ҚР-ның Спорт Шебері атағын алды.