
Егін саласы бойынша
Жалағаш ауданында 2021 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес ағымдағы жылы аудан бойынша 36 750 гектарға егiс орналастыру жоспарлануда.
Оның ішінде негізгі дақыл күріш 20400 га, жаздық бидай 600 га, жүгері 72 га, жаздық арпа 20 га, мақсары 2048 га, жаңа жоңышқа 3960 га, ескі жоңышқа 6 800 га, картоп 500 га, көкөнiс 1000 га, бақша 1200 гектарға орналастыру межеленген болса, 90 гектар күздік бидай күтімге алынды.
Ауданда егісті әртараптандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда «Ер-Әлі» ШҚ ауданымызда алғашқы болып 90 гектар күздік бидай дақылын орналастырса, «Жансая» ШҚ 72 гектарға жүгері, «Көктөбе» ШҚ 20 гектарға арпа дақылын орналастыруды жоспарлап отыр.
2021 жылы вегетация кезеңінде су тапшылығы болу қауіпіне байланысты ауданнан 1200 га күріш дақылы қысқартылып, былтырғы жылмен салыстырғанда суды аз қажет ететін 93 га жаздық бидай, 72 гектар жүгері, 20 гектар жаздық арпа, 351 га мақсары, 445 га жаңа жоңышқа артық егу жоспарлануда.
Аудан бойынша 2021 жылдың егісі үшін 5 126 тонна күріш тұқымы дайындалды. Дайындалған күріш тұқымының репродукциясы бойынша: 75 тоннасы (1,4% ) элита, 3523 тонна (68,7%) І-репродукция, 1528 тоннасы (29,9%) ІІ-репродукциялық тұқымдар.
Дайындалған күріш тұқымының 411 тоннасы Янтарь, 4962 тоннасы Лидер, 11 тоннасы Маржан, 12 тоннасы Сыр сұлуы сорттары.
Бұдан басқа 2021 жылдың егісіне ауылшаруашылығы құрылымдарының өз күшімен 108 тонна жаздық бидай, 18 тонна күздік бидай, 5 тонна арпа, 1,4 тонна жүгері, 52,7 тонна мақсары, 59,4 тонна жоңышқа тұқымы дайындалды.
«Казагрэкс» АҚ-ы Қызылорда облыстық филиалының Жалағаш аудандық лабораториясының 2021 жылдың мәліметі бойынша тексеруге түскен 8002 тонна күріш тұқымының 1577,5 тоннасы (19,7%) себу дәрежесіне жеткізілген. Қазіргі таңда шаруашылықтарда құйылған тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу үшін тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 11022 тонна, гербицидтер 21985 литрді құрайды. Егіске қажетті 6630 тонна аммоний сульфаты, 2142 тонна карбамидке, 2250 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштарға сұраныс жасалып, бүгінгі күнге 5230 тонна аммоний сульфаты (78,8%), 1957,5 тонна карбамид (91,3%), 910 тонна аммофос (40,4%) алынды.
Күріш егісін арам шөптерден қорғау мақсатында 1200 литр Солито, 15560 литр Рейнбоу, 1990 литр Номини, 2700 литр Топшот, 535 кг Гулливер гербицидтеріне сұраныс жасалып, бүгінгі күні 7015 литр Рейнбоу (45,1%), 500 литр Номини (25,1%) гербициді сатылып алынды.
Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 850 ауыл шаруашылығы техникалары қатысады. Бүгінгі күнге 472 трактордың 440 тракторы (93,2%), 104 соқаның 100 соқасы (96,2%), 37 тұқым сепкіштің 37 тұқым сепкіші (100,0%), 73 жүк автомашинасының 70 жүк автомашинасы (95,9%), 164 трактор тіркемелерінің 154 трактор тіркемелеріне (93,9%) жөндеу жумыстарын толық аяқтады.
Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңалау жұмыстарын басты назарда ұстауда. 2019-2020 жылдары жалпы құны 5,71 млрд теңгені құрайтын 130 дана заманауи ауылшаруашылығы техникаларын сатып алынды. Сатып алынған техникалар уақытылы статистика басқармасына тіркелуде.
Мал шаруашылығы саласы бойынша
2021 жылдың 1 наурызына МІҚ – 35 649 басты (101,6 пайыз), жылқы –14 518 басты (103,1 пайыз), түйе – 626 басты (125,5 пайыз), қой-ешкі – 46 531 басты (102,0 пайыз), шошқа – 276 басты (101,8 пайыз), үй құстары – 9796 дананы (107,8 пайыз) құрады.
Ауданда 106 шаруашылық мал шаруашылығымен, оның ішінде 88 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының үлес салмағы 2,0 пайызға, жылқы 0,16 пайызға, қой 24 пайызға жетті.
2021 жылы индикативтік жоспарға сәйкес 125 бас мүйізді ірі қара малын және 3750 бас қой малын сатып алу, 981 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 6333 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспарланды.
Осы көрсеткіштерді орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.
Аққұм ауылынан «Бақдаулет-57» ФҚ 100 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды МІҚ аналығын шет елден сатып алуды, Еңбек ауылынан «Боранбай» ШҚ 38 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырының қашарларын Арал ауданы «Ықылас» шаруашылығынан сатып алуды жоспарлап отыр.
Аудан бойынша жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасымен айналысып отырған 16 шаруашылық 40 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.