Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары

Саланың инфрақұрылымы

Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана,  тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы,  Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

Мәдениет үйлері

7

Клубтар

9

Кітапханалар

18

Мәдениет және өнерді дамыту орталығы

1

Музейлер

2

Барлығы

37

Сала бойынша 4 халықтық ұжым жұмыс жасайды. (Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанында «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблі, Халық театры, «Арай» мәдени үгіт тобы, Есет батыр ауылдық мәдениет үйі жанында «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамблі).

Мәдени-көпшілік іс-шаралар

Ауданның мәдениет саласы бойынша 2021 жылдың І тоқсанында  346  мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 25634 көрермен қамтылған. Оның ішінде онлайн режимінде 97 шара өткізіліп, 6377 қаралым болған. 

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2021 жылдың даталы күндері мен атаулы мерейтойларын атап өту мақсатында салалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары  көрнекті ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, ақын, сазгер Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды мәдени-көпшілік шараларды қамтиды.

Атап айтқанда  ауданның барлық кітапханаларында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап оқу апталықтары, «Гаухар жырдың дүлділі» атты  өлеңдерін мәнерлеп оқу сайыстары, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Аты аңызға айналған-Дина», қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мәңгілік жыр, мәңгілік ғұмыр»  атты онлайн виртуалды кітап көрмелері, "Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы" атты  поэзия сағаттары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" мәдени - рухани акциясы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Қазақ поэзиясының символы" тақырыбындағы онлайн оқулары,  ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Көктем нұры» атты дәстүрлі облыстық оқушылар айтысы ұйымдастырылп өткізілсе, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналағн "Жігер" этно-фольклорлық ансамблі мен "Яксарт" этно-рок тобының және "Алтын-арай" халықтық ән-би ансамблінің есепті концерттері өткізіліп, шығармашылық концертте әншілер тәуелсіздік, туған жер тақырыбындағы әндерді шырқаса,  "Алтын-Арай" халық ән-би ансамблі бишілері ұлттық билерді билеп, көрермен ықыласына бөленді.  

Биылғы жылдың ауқымды мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кең көлемде атап өту мақсатында бөлім тарапынан арнайы күнтізбелік кесте жасалып, кестеге сәйкес күн сайын Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің сахнасында ауыл көркемөнерпаздарының онлайн концерттері өткізілді. Концертте жергілікті сазгерлердің әндері орындалып, концерттік бағдарламалар толықтай бөлімнің фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып,  көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы Халық театры ақын, драматург Иран Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?" спектаклін көрермен назарына ұсынса, мәдениет үйі жанындағы "Арай" халықтық мәдени үгіт бригадасының өнерпаздары Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты поэзия кешін өткізіп, аталмыш кеште ақынның  өлең шумақтары оқылып фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.

Сонымен бірге Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай мәдениет және өнеді дамыту орталығының өнерпаздары әзірлеген «Жауынгер хаты» бейнеролигі және ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Өлең деген тумайды жайшылықта» атты арнайы дайындалған бейнероликтері бөлімнің фейсбук әлеуметтік желісіне  жарияланды.

Мәдени үйлері мен клуб кәсіпорындары

Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерімізді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың өнерін шыңдау және насихаттау мақсатында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы мен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйлері жанынан құрылған әр түрлі жанрдағы үйірмелер жұмыс жасап, үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен байқауларға қатыстырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірудің маңыздылығы, шығармашылықтың және қолөнердің бастапқы негіздерін жетілдіру жайында айтылған болатын.

Осыған орай Жалағаш ауданының мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында биылғы жаңадан 8 үйірме ашылып жұмыс жасауда.(Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Саз сырнай» баян үйірмесі, Қ.Қазантаев  атындағы аудандық мәдениет Үйінен «Сахна сыры» атты сценаристер үйірмесі және «Ғибрат» жыр-терме үйірмесі, Аққошқар ауылдық мәдениет үйінде «Шебер қол» қолөнер үйірмесі, Аққұм ауылдық клубында «Балдәурен» домбыра үйірмесі, Аққыр ауылдық клубында «Күміс күй» домбыра үйірмесі, Жаңаталап ауылдық клубында «Асыл әжелер» әжелер ансамблі, Мәдениет ауылдық клубында «Балақай» қуыршақ үйірмесі)

Қазіргі таңда мәдениет үйлері мен клубтарда әр түрлі жанрдағы барлығы 88 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 1028-ді құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда үйірмелер саны 9%-ға, қатысушылар саны 8%-ға артқанын көрсетеді (2020 жылы үйірмелер саны 80, қатысушылар саны 936)

         Үйірмелер саны

Қатысушылар саны

2020 жылдың І тоқсаны

2021 жылдың І тоқсаны

2020 жылдың І тоқсаны

2021 жылдың І тоқсаны

80

88

936

1028

Үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен республикалық, облыстық байқау – конкурстарға қатыстырылып жүлделі орындар иеленуде.        

Атап айтқанда ауданның мәдениет мекемелері 2021  жылдың 3 айында 5 аудандық байқау өткізіп, 159 өнерпаз қатыстырды. Нәтижесінде аудандық байқаудан бас жүлде – 1, I орын – 4, II орын – 5, III орын – 7;

Сонымен бірге облыстық деңгейде өткен  5 байқауға 6 өнерпаз қатысып, 2 - бас жүлде, 1 – ІІ орын иеленсе, халықаралық деңгейде өткізілген 1 байқауға 1 өнерпаз қатысып 1 – І орын иеленді,

Ауданда республикалық, облыстық деңгейдегі эстрада әншілері мен шығармашылық ұжымдардың еліміздің барлық өңірлеріне гастрольдік сапарларға  кедергісіз шығуы жолға қойылған.

Мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізудің тұрғындарға мәдени қызмет көрсету мәселесінің, соның ішінде тиісті мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге, ауыл ұжымдарына мәдени қызмет көрсету бағытында № 1-ші, 2-ші мәдени – демалыс кешен қызметкерлері  елді мекен тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп келеді.

1-ші МДК қызмтекерлері Ақсу ауылына қарасты «Ахмет база» елді мекенінде «Ауылым деп ән салам» атты концертімен гастрольдік сапарда болса, 2-ші МДК қызметкерлері Мырзабай ахун ауылында «Ән әлемінде» атты концертімен гастрольдік сапарда болып қайтты.

Есепті мерзімде  МДК  қызметкерлері 2 мәдени шара  өткізіп, оған 237  көрермен  қатыстырды.  

Кітапхан ісі

Ауданда барлығы 18 мемлекеттік  кітапхана бар. Оның ішінде 15-і елді мекендерде тұратын оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 2021 жылдың 3 айында мемлекеттік тапсырыстан 221 дана кітап  келіп түсті.

Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 367 827 дана кітапты құрайды, оның 224 507-і қазақ тіліндегі кітаптар.

Негізгі сандық көрсеткіштер

№

Көрсеткіштер

2020 жылдың І тоқсанында орындалуы

2021 жылдың І тоқсанында орындалуы

1

Кітап қоры

367679

367827

2

Оқырмандар саны

4802

4810

3

Кітап берілімі

90594

90622

Кітапханаларда ақпарттық технологияларды ендіру және дамыту бағытында РАБИС бағдарламасының электронды каталогына барлығы 117 168 дана кітап, 7116 мақала енгізілді.

Санды форматқа көшірілген кітаптар саны - 871 дана, бет саны – 181 703

Сонымен қатар оқырмандарға жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды  анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс - шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.

Тарихи-мәдени ескерткіштер

Ауданда орналасқан 69 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і   республикалық  маңызы  бар, 30-нің жергілікті маңызы бар, 38-і алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген. Осы аталғандардың ішінде республикалық маңызы бар ескерткіш ортағасырлық Жент қаласы.

Ескерткіштер саны

Дәрежесі

Қорғау тақтасы орнатылғандар саны

Республикалық маңызы бар

Жергілікті маңызы бар

Алдын ала тізімге енгізілгендер

69

1

30

38

63

Аталған ескерткіштерге  қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес төлқұжаттары, есеп карточкалары, қорғау міндеттемелері мен теңгерімге алу бағытындағы құжаттары  рәсімделген. 

Жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне Жалағаш ауданынан Республикалық маңызы бар Жент қалашығы мен жергілікті маңызы бар Бұқарбай батыр мазары, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне Әбжали ишан, Иманқұл мешіттері, Түмен әулие кесенелері енгізілген.

Республикалық маңызы бар Жент қалашығы және Жетіасар мәдениеті ескерткіштеріне жататын жергілікті маңызы бар  Домалақ, Үңгірлі, Қосабалы асарлар ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.

Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Қызылорда облысындағы 150 тарихи–мәдени нысандардың 3D форматындағы интерактивті картасына Жалағаш ауданы бойынша 11 археологиялық, 9 архитектуралық ескерткіш енгізілсе, 14 ескерткішке QR-код орнатылған.

Аудан көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің табиғи ландшафты аймақтарының бұзылуына, заңсыз қазба жұмыстары және өзге де заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында бақылау шараларын күшейту, қолданыстағы заң талаптарының өз деңгейінде орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан тарих және мәдениет ескерткіштерінің айналасына сенбілік, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. 

Аудан көлеміндегі жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындар туралы  тарихи-танымдық материалдар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты насихатталып және аудан мектептерінде тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, күтімге алу және насихаттауға  байланысты ашық сабақтар, апталықтар мен түрлі тарихи-танымдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы