Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Автомобиль жолдары саласы бойынша

Үстіміздегі жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен бөлінген 239,5 млн. теңгеге Таң ауылының 6 көшесіне (Орынбай жырау, Манақ баба, Қарасу, Мүсәрілі баба, Таң ауылына кіре-беріс көшесінің оң жағында орналасқан Бозарық каналынан бастау алатын көшесі, Таң ауылына кіре-беріс көшесінің сол жағында орналасқан Бозарық каналынан бастау алатын көшесі ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы Оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп (жобалаушы мекеме «СанжарПроектСервис» ЖШС), мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның жалпы құны 149,5 млн теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыру үшін 2021 жылға бюджеттік өтінімдер тиісті басқармаларға тапсырылды.

Аудандық маңызы бар Мәдениет елді мекені бағытындағы автомобиль жолының 0-9,4 аралығын, Жаңадария елді мекені бағытындағы автомобиль жолының 8 – 20,3 аралығындағы 12,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары биылғы жылы жалғасын тауып, аяқталатын болады. Жоба құны тиісінше 308,2 млн теңгені және 306,0 млн теңгені құрады.

Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 184,8 млн. теңге.

Жобаны қаржыландыру үшін 2021 жылға бюджеттік өтінімдер тиісті басқармаларға тапсырылды.

Аудандық маңызы бар Бұқарбай батыр елді мекеніне кіре-беріс 6,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 196,5 млн теңгені құрайды.

Ақсу елді мекеніне кіре-беріс 2,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 76,7 млн теңгені құрайды.

Жаңадария бағытындағы 20,3-37,4 аралығындағы 17,1 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 392,1 млн теңгені құрайды.

Аудандық маңызы бар Аққыр бағытындағы автомобиль жолының 32-52,6 шақырым аралығындағы 20,6 шақырымын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілді.

Дайындалған жобалар 2021-2022 жылдарда қаржыландыруға ұсынылатын болады.

Жарықтандыру бойынша

Жалағаш кентіндегі Желтоқсан, Бұқарбай батыр, Әйтеке би, Абай көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Жалпы жобалар құны 133,3 млн теңгені құрайды. Жарықтандыру жұмыстарын бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша

Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге (Қазыбек би көшесі №34, 46, Желтоқсан көшесі №2, М.Шәменов көшесі №76,76) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Жалпы жобалар құны 43,1 млн теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстарын бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы