Лого

Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 12 ай қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсету туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»

ҚР Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 7 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 85 қызмет түрін көрсетеді.

Жалағаш ауданы бойынша 2020 жылдың 12 айында 10669 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2770 қызмет;

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –  1809 қызмет;

Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6090 қызмет;

Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.

Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында және мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдарда барлығы 65  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда.

Ашықтық қағидаттарына негізделген, мемлекеттік қызметтерді жедел және сапалы көрсету, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңадан сервистік әкімдік «Мәдениет және өнерді дамыту орталығы» КМҚК ашылды. Сервистік әкімдіктікте жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, білім бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі және ауыл шаруашылығы бөлімдері қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 12 айында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 2.

Жауапкершілікке тартылғандар саны  - 3.

Есептік мерзімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағым түскен жоқ.

Дата публикации
10 февраля 2021
Дата обновления
10 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы