
Жалағаш ауданы бойынша 2020 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2381 бірлікті құрады. Оның ішінде, 2185 субъектісі немесе 91,8 пайызы нақты жұмыс жасап отыр. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны-196.
Бұл көрсеткіш жыл басынан 90,1 пайыздан 91,8 пайызға жетті, яғни жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерің саны 1,7 пайызға өсті.
Жалпы тіркелген 2381 кәсіпкерлік субъектілерінде 3855 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, жыл басынан мемлекеттік кірістер басқармасына 456 жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркеліп, 507 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2020 жылы 9 млрд 886,0 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 5,8% пайызға жоғары оырндалып отыр.
Сонымен қатар, аудан бойынша 2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 23 млрд 243,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32,4 пайызға артық орындалып отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында ағымдағы жылы 176 жоба 4 млрд. 936,3 млн. теңгеге қаржыландырылып, 378 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде:
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 14 жоба 1 млрд 196,2 млн. теңгеге қаржыландырылып, пайыздық ставкасы бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінде 11 жоба 259,2 млн. теңгеге ішінара кепілдендірілді.
Аталаған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 7 жоба 14,0 млн теңгеге қаржыландырылып, қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтарын алу жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 103 жоба 431,4 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 4 жоба 118,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі арқылы 20 жоба 563,7 млн. теңгеге «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 8 жоба 217,1 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Каз Агро Қаржы» АҚ және «ТехноЛизинг» ЖШС-нен 20 шаруа қожалықтары 2 млрд. 395,3 млн. теңгеге қаржыландырылып, 46 ауыл шаруашылығы техникалары алынды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жалпы құны 22,0 млн теңгені құрайтын 3 жоба «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы қаржыландыруға оң қорытынды алып, қажетті құжаттары жинақталып, ұсынылды. Бұл жобалар ағымдағы жылдың қаңтар айында қаржыландырылатын болады.
Сондай-ақ, 2020 жылы жалпы құны 928 млн. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 59 жаңа жұмыс орындары ашылды.
1) «Қара-Бура» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна қара күрішті ақтау цехы, жоба құны 150 млн теңге (9 адам);
2) «Жігер» ШҚ-ның көлік жуу және қоғамдық монша орталығы, жоба құны 30 млн. теңге (3 адам);
3) жеке кәсіпкер С.Бисенбаевтың автобөлшектер дүкені және көлік жуу орталығы, жоба құны 30 млн. теңге (3 адам);
4) «АГРОХИМСЕРВИС-С» ЖШС-нің тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өндіру зауыты, жоба құны 400 млн. теңге (10 адам);
5) «Arzan Farm» ЖШС-нің дәріханасы, жоба құны 30 млн. теңге (4 адам);
6) «Аптечка» ЖШС-нің дәріханасы, жоба құны 10 млн. теңге (3 адам);
7) «Ақ-Қайын» ЖШС-нің дәріханасы, жоба құны 10 млн. теңге (3 адам);
8) «Arman COM» ЖШС-нің Шлакоблок шығару цехы, жоба құны 10,0 млн. теңге (3 адам);
9) «Руслан» жеке кәсіпкерлігінің азық – түлік дүкені, жоба құны 10 млн. теңге (3 адам);
10) «Жапабаева» жеке кәсіпкерлігінің сауда орталығы, жоба құны 31 млн теңге (4 адам);
11) «Жанель» ШҚ-ның 1000 басқа арналған қой фермасы, құны 37 млн. теңге (2 адам).
12) «Ер-Әлі» ШҚ-ның күріш тазалау цехы, құны 100 млн. теңге (5 адам);
13) «Бірлік Агро» ШҚ-ның күріш ақтау және құрама жем өндіру цехы, құны 70 млн. теңге (5 адам);
14) жеке кәсіпкер А.Ілиясованың кондитерлік цехы, құны 10 млн. теңге (2 адам);
2021 жылы ауданнан жеке балабақша, ірі көтерме сауда дүкендерін, қыш өндіру зауытын, асфальт-бетон өндіру зауытын, жылыжай кешенін, техникалық қызмет көрсету орталығын және жабық балалар ойын алаңдарын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аталған жобалардың қаржыландыру мәселелерін шешу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бесжылдығы (2020-2025 жылдар) аясында аудан бойынша жалпы құны 738,2 млн. теңгені құрайтын 3 жоба Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына еңгізіліп, қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жер телімдерін алу бағытында тиісті құжаттарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтар болсақ:
1) «Толғанай» ШҚ-ның құны 115,0 млн. теңгені құрайтын «1000 бас МІҚ малына арналған мал бордақылау және етті өңдеу цехы». Жобаға 50,0 млн. теңге қаржы жұмсалып, мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңдары мен жем және шөп сақтау қоймаларының құрылыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге шаруа қожалығында 75 бас МІҚ малы бордақылануда. Ет өңдеу цехының құрылысы Өңірлік Үйлестіру Кеңесі шешіміне сәйкес табысталатын 5,0 гектар жер учаскесіне жүргізілетін болады. Қазіргі таңда қажетті жер телімін алу бағытында тиісті құжаттар жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
2) «UNO Prof Stroi» ЖШС-нің жалпы құны 223,2 млн. теңгені құрайтын «Асфальт-бетон өндіру зауыты». Жобаны жүзеге асыру үшін Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5,0 га жер телімін табысталатын болады. Жобаның құжаттары Өңірлік Үйлестіру Кеңесіне ұсынылып, Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына еңгізуге оң қорытынды алды. Қазіргі таңда жобаны іске асыру үшін қажетті жер телімін алу бағытында тиісті құжаттамалық жұмыстары жүргізілуде.
3) «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің құны 400,0 млн теңгені құрайтын «Түйіршіктелген азот тыңайтқыштарын өндіру зауыты». Жоба 2019 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 346,0 млн теңгеге қаржыландырылып, қажетті құрал-жабдықтары алынды. Қазіргі таңда жоба толық іске қосылып, жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында ағымдағы жылды Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына «NUR@GER» ЖШС-нің құны 500,0 млн. теңгені құрайтын «Күріш сабанынан целлюлоза өндіру зауыты» жобасын еңгізу жоспарлануда. Қазіргі таңда жоба жетекшісі Қытайлық «Zhe Jiang Hang Zhou Changfu Products Co., Ltd» компаниясымен жобаны қаржыландыру туралы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, жобаны жүзеге асыру үшін Бұқарбай батыр ауылынан 4,0 га жер телімін алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.