
Ауылдық округте 2020 жылдың 4 тоқсан есебі бойынша 199 отбасы тіркелген.халық саны 1125. Оның ішінде зейнеткерлер саны 96, «Алтын алқа»-18 «Күміс алқа» иегерлері -29, мүгедек -16, 16 жасқа дейінгі балалар -335, студенттер -60. Округ тұрғындарына 1 ЖШС, 5- шаруа қожалығы, 51 кәсіпкер, 1 мектеп, 1 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 спорт мектебі, 1 дәрігерлік емхана, 1 кітапхана, 112 нүктелік АТС, 1 пошта бөлімшесі, 1 аймақтық полиция тірек пункті қызмет жасайды. Округтің барлық жер көлемі 19683 га, оның ішінде егістік жері 1282, шабындық 521, жайылымдық жер 1156 гектар. Ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 1028 бас мүйізді ірі қара, 1886 бас уақ мал, 484 бас жылқы, 7 бас түйе.
Экономикалық белсенді халық саны 587 адам. (жұмыссыздар-2) зейнеткерлер 96, мүмкіндігі шектеулі жандар 28, балалар мен жасөспірімдер 372. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызды құрайды.
Мәдениет саласы
М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі елдегі пандемияға байланысты өз жұмыстарын қашықтықтан жүргізіп келеді.М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен қазан, қараша, желтоқсан айларында 12 мәдени –көпшілік шара жоспарланып , онлайн форматта өткізілді.Ұйымдастырылған шаралар М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйінің фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланды.
Қазан айы:
2 қазан «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты онлайн форматта «Асыл ана» әжелер ансамблінің концерті
6 қазан «Асыл ана» әжелер ансамблінің қатысуымен ұмытылып кеткен «Біз шаншар» дәстүрі жарияланды.
Қараша айы:Ауылымыздың тумасы ақын, сазгер Елена Мажитқызы Әбдіхалықованың өмірі мен өнер жайлы «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты бейнеролик
20 қараша. Аңыз , әңгіме айтушылардың «Аңыз , әфсаны» атты аудандық байқау.
Желтоқсан айы: Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлты ұлықтаған – ұлы тұлға» онлайн концерт, Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» онлайн концерт, «Жап жаңа жыл» жаңа жылдық қойылым ұйымдастырылды.
Жалпы үш ай бойынша қаралым саны – 5200
М.Шәменов ауылдық мәдениет үйі 2020 жылғы жетістіктер
Республикалық 1 байқауға қатысып ынталандыру
Облыстық 16 байқауға,45 өнерпаз
І орын- 6
ІІ орын – 3
ІІІ орын 5
Ынталандыру-4
«Жұлдызды жұп» өнер фестивалінен «Үздік» деп танылды
Аудандық 22 байқау,40 өнерпаз
Бас жүлде – 2,
І орын – 6,
ІІ орын- 4
Облыстық кезеңге жолдама 2
ІІІ орын 4
Ынталандыру – 4
Әлеуметтік сала
Ауыл округі бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 4 тоқсан бойынша 5 отбасына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Аудандық жұмыспен қамту орталығына 2020 жылдың 4 тоқсанында жұмыс іздеуші ретінде 7 адам тіркеліп ,қоғамдық жұмысқа 7 жіберілді.
Білім саласы
2019-2020 оқу жылында №34 орта мектепте 36 мұғалім оқушыларға сапалы білім беру жолында жұмыс жасауда. Оның жоғарғы білімдісі – 33, арнаулы орта – 3. Мектепте жоғарғы санатты -2, І санатты – 19, ІІ санатты 9, санатсыз -6 мұғалім бар. Оқу жылында мектепте 205 оқушы білім алуда.Сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушыларының жеткен жетістіктері де көп. Сейтенова Толқын «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2020»тақырыбы бойынша . Аудандық кезеңдік байқауда ІІІ орынды иеленген. Искакова Мариямкул «Педагогикалық идеялар фестивалі »тақырыбы бойынша республикалық конкурстың І кезеңінде Білім беру жүйесіндегі менеджмент» номинациясы бойынша ІІІ иеленді.Жорабек Нұрай 8 сынып оқушысы А.Құнанбаевтың ұлы ойшыл әрі дарасы 175 жылдығына орай қол добы аудандық жарысына қатысып, үздік қақпашы атағын жеңіп алды.М.Шәменов елді мекеніндегі №18 «Бөбек» бөбекжай бақшасы 1984 жылы пайдалануға берілген. Жалпы алаңы-936 ш/м. Ғимараттың сыйымдылығы 90 балаға арналған. Қазіргі таңда балабақшада төрт топта 80 бала тәрбиеленуде
Спорт саласы
Ауылдық балалар мен мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2 жаттықтырушы 46 бала тәрбиеленуде. Волонтер жылын жүзеге асыру аясында жарияланған республикалық шағын гранттар арқылы ауыл жастарының бос уақытын ұйымдастыруға арналған орталық дене жаттығуларын жасауға арналған түрлі спорттық құрал-жабдықтар және музыкалық аспаптармен қамтылған.(үстел теннисі, гір тасы, көпбейінді жаттығу құрылғысы, домбыра, гитара, дыбыс күшейткіш, түрлі тақырыптағы кітаптар және т. б) . Жастар ресурстық орталығы және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында 2020 жылдың 23 қазан күні сағат 10-00 де М.Шаменов ауылдық округінде аймақтық спорттық сайыстар санитариялық талаптарды сақтай отырып (Шағын футбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру) ұйымдастырылды. Аймақтық сайысқа М.Шаменов, Таң, Ақсу, Қаракеткен, Далдабай ауылы жастары қатысып,ерікті жастарымыз спорттық сайыстың түрлері бойынша 1,2,3 орындарды бағындырып,сайыс жеңімпаздары қоғамдық бірлестіктің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Кәсіпкерлік саласы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өнім өндіру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында ауылдық округ бойынша 46 шағын кәсіпкерлік субъектілері аудандық кірістер басқармасына тіркелген. Бүгінгі күні нақты жұмыс жасап тұрғаны 45, Заңды тұлға 3, Шаруа (фермер) қожалықтары 28, Дара кәсіпкерлер 14.
2 сауда қызметі, 1 шаштараз халыққа қызмет көрсетеді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 10 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтады.
Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша 1адам Қызылорда микро қаржы ұйымынан, 3 адам «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан барлығы 10 млн 500 мың тенге несие алды.
8 ауыл тұрғыны жалпы сомасы 4 млн 440 мың теңге құрайтын жаңа бизнес-идеяларға арналған мемлекеттік гранттар ұтып алды.
Денсаулық сақтау саласы
Емханада 1-жоғарғы білімді жалпы тәжірибелі дәрігер, 9-орта білімді медбикелер, 1-жедел жәрдем көлігі халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық округте 6 учаскеге бөлініп дәрігерлер бақылауында. Ересектер 196, бала 11, жасөспірімдер 6, барлығы 213 халық дәрігерлер бақылауында. Тегін дәрі-дәрмек алғандар 196 адам. 2020 жылы дүниеге келген нәрестелер саны-25.
Салық базасы
Ауылдық округ бойынша 2020 жылдың 12 айына 5 салық түрі бойынша 1030000 мың теңге түсім түсірілді.